ЖОБА
Қарағанды облысының жергілікті
маңызы бар балық шаруашылығы
су айдындары тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары тізімі белгіленсін.
- Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 12/02 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімін бекіту туралы» қаулысы күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6205 болып тіркелген).
- Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдіктері, мемлекеттік мекемелер мен уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын;
- осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қарағанды облысының әкімі
|
|
Е. Бөлекпаев
|
Санбаев Б.Ж.