ЖОБА Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

ЖОБА

 

 

 

 

Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың

режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

 

 

  Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері  жобалау құжаттары негізінде белгіленсін.
  2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.
  3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  4. Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдіктері, мемлекеттік мекемелер мен уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  5. «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау комитеті

Қарағанды облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті»

республикалық мемлекеттік

мекемесі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Экология, геология және

табиғи ресурстар министрлігі

Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу

бассейндік инспекциясы» республикалық

мемлекеттік мекемесі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Экология, геология және

табиғи ресурстар  министрлігі

Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды

реттеу және қорғау жөніндегі

Балқаш - Алакөл  бассейндік инспекциясы»

республикалық мемлекеттік мекемесі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Экология, геология және

табиғи ресурстар  министрлігі

Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды

реттеу және қорғау жөніндегі

Есіл  бассейндік инспекциясы»

республикалық мемлекеттік мекемесі

 

Пост каз
Дата публикации
08 июля 2022