«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Қарағанды облысының

табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу басқармасы»

ММ басшысының міндетін

атқарушының

«20» сәуір 2017 ж.

№ 60 бұйрығымен

бекітілген

 

«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және

табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

  1. «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы осы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленген.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгілеуді мақсат еткен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеудің міндеттері:

         1) табиғи ресурстар, табиғат пайдалануды реттеу саласында жұмыс істейтін тұлғалардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты тәртіпті қалыптастыру;

         2) сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың теріс салдарын болдырмау болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың ұстанымдары:

1) заңдылық;

2) ашықтық;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды  сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;

5) мүдделер қақтығысына жол бермеу;

6) жариялылық және айқындық болып табылады.

  1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы:  табиғи ресурстар, табиғат пайдалануды реттеу.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар негізінде қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғалардың белгіленген ережелерді бұлжытпай ұстануға және келесі кездерде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға бағытталған іс-қимылдары мен шешімдері орныққан:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен қозғалған салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кезде;

2) өз құзыреттері шектерінде басқарушылық және өзге де шешімдер дайындаған және қабылдаған кезде;

3) нормативтік құқықтық актілерді дайындаған кезде;

4) тіршілік қызметі саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастар кезінде.

 

  1. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғалардың тәртіп (іс-қимыл) ережелері

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен қозғалған салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кезде:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенттің, үкіметтің  актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, басқарманың ережесін басшылыққа алу;

2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

3) мемлекеттік қызметтерді көрсету және өзге де рұқсат беру функциялары барысында қарастырылмаған құжаттарды талап етуге жол бермеу, сондай-ақ түрлі-түрлі қағазбастылықтан (төрешілдіктен) аулақ болу;

4) мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде тұрғын халықтың сұраныстарына бүтіндей бағдарланып, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылдау;

5) қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы толық және сенімді ақпаратты түсінікті түрде жеткізу;

6) мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін ұдайы жетілдіруді, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде үнемшілдікті және тиімділікті қамтамасыз ету;

7) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде басқарманың лауазымды тұлғаларының бюджеттік қаржыларды оңтайлы және ұтымды жұмсауы;

8) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;

9) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

10) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті жеткізіп берушілерге тең мүмкіндіктер беру;

11) белгілі бір міндеттерді орындауды реттейтін  нормативтік құқықтық актілерде сәйкессіздік анықталған жағдайларда, белгілі бір уәкілетті органдарға жазбаша түрде кідірмей хабарлау;

12) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдердің айқындығын қамтамасыз ету;

13) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және өзге де тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

14) қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау;

 

  1. Өз құзыреттері шектерінде басқарушылық және өзге де шешімдер дайындаған және қабылдаған кезде:

1) мүдделер қақтығысының туындауы туралы, сыбайлас жемқорлық тәртібіне бейімделу және сыйлықтар алу туралы,  сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тікелей басшыға баяндау, туындаған кезде оларды жою жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау;

2) шешім шығаруды тұспалдайтын бақылау іс-шараларын және өзге де іс-қимылдарды жүргізген кезде, мәселелерді объективті түрде қарау, шешімдерді тек қана заңнамаға сәйкес қабылдау;

3) мемлекеттік қызметшінің құзыретіне енетін шешімдерді қабылдаған кезде, өзінің заңды міндеттерін орындаумен байланысты ешқандай материалдық игіліктерді, қызметтерді және өзге де артықшылықтарды қабылдамау;

4) өкілеттіктерді оларға берілген құқықтар шектерінде және лауазымдық міндеттерге сәйкес жүзеге асыру;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік көрсету;

6) кірістерді түсірумен байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда, қайсыбіреулерге қолғабыс көрсетуден тартыну.

 

  1. Нормативтік құқықтық актілерді дайындаған кезде:

1) нормативтік құқықтық актілерді дайындаған кезде «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V ҚР Заңының нормаларын қатаң ұстану;

2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындағанда және талқылағанда жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету;

3) нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету;

4) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолдау, оларды көпшілік алдында талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;

5) нормативтік құқықтық актілерді өзі немесе үшінші тұлғалар үшін пайда табу мақсатымен қабылдауға жол бермеу.

 

  1. Тіршілік қызметі саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастар кезінде:

1) бағынышты лауазымды тұлғалардың міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін нақты және дәл белгілеу;

2) бағыныштағы лауазымды тұлғалар арасындағы еңбек жүктемесін әркелкі бөлуге жол бермеу;

3) мемлекет мүдделеріне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне кедергі келтіретін немесе тиімділігін азайтатын іс-қимылдарға қарсы тұру;

4) олар үшін заңмен тәртіптік, әкімшілік не болмаса қылмыстық жауапкершілік қарастырылған теріс қылықтарға және өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;

5) өзінің кірістері, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы және өзінің зайыбының (жұбайының) және кәмелетке толмаған балаларының кірістері, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы шынайы мәліметтерді ұсыну;

6) мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық тәртібін болдырмау үшін, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысына әкеліп соқтыруы мүмкін жеке мүдделілігі туралы басшыға хабарлауға міндетті;

7) материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлікті тек қана лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты пайдалану;

8) мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бет-бейнесіне және іскерлік қадір-қасиетіне қойылатын талаптарды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) қатаң ұстану.

 

  1. Қызметшілердің сыбайлас жемқорлық фактілерімен

соқтығысқан кездегі іс-қимылдары:

 

  1. Егер мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзу туралы ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзуды болдырмау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қабылдауға, соның ішінде кідірмей жазбаша түрде жоғары тұрған басшыны, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығын, уәкілетті мемлекеттік органдарды хабардар етуге тиіс. Мемлекеттік қызметші сондай-ақ нұсқалған тұлғалар мен органдарды оны басқа тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзуларды жасауға бейімдеу жағдайлары туралы кідірмей жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп стандарттары Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласында жұмыс істейтін барлық тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған Апақова Г.Ғ.

Дата публикации
01 марта 2021