Информация по выполнению Плана мероприятий ГУ «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Карагандинской области на 2015-2025 годы по реализации Антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015-2025 годы

 

 

 

Информация

по выполнению Плана мероприятий ГУ «Управление природных ресурсов

и регулирования природопользования Карагандинской области

на 2015-2025 годы по реализации Антикоррупционной стратегии

Республики Казахстан на 2015-2025 годы

 

 

р/с

№

Іс-шаралар атауы

Орындау мерзімі Аяқтау нысаны

Жоспардың орындалуы

1

2

3

4

Ұйымдастыру іс-шаралары

1

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа  қарсы стратегиясын іске асыру бойынша  2018-2020 жылдарға арналған  жоспарды әзірлеу және бекіту

    Жоспар

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2019 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы 2019 жылы 16 қантарда № 6 бұйрықпен 2019 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.   

2

Аппарат кеңестерінде сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін қарау

Аппарат кеңесі

Басқармада жүйелі түрде аппарат кеңестерінде, құқықтық білімдер мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралады және зерделенеді.

(04.12. 2019 ж. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы  қарау хаттамасы, 29.01.2019 ж. мемлекеттік сатып алу,  мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы заңнаманы  қарау хаттамалары, т.б. )

3

Қызметкерлер үшін дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастыру

Дөңгелек үстел, кеңестер

Басқармада жүйелі түрде аппарат кеңестерінде, құқықтық білімдер мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралады және зерделенеді.

 

 

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

4

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысы туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа тартылғандар (2018 жылғы қаңтардан), мемлекеттік қызметтен босатылғандар туралы ақпарат  (толық анкеталық мәліметтер, фотосурет) орналастыруды қамтамасыз ету. 

Интернет-ресурстардағы тараулар

  Сыбайлас жемқорлықты аңғару индексін жақсарту және басқарма қызметінің айқындығын арттыру мақсатында  басқарманың интернет-ресурсында  басқарманың қызметі туралы ақпаратты - басқарманың Ережесінен үзіндіні, басқарма құрылымын, бөлімдердің жоспарлары, басқарма басшыларының азаматтарды қабылдау кестесін, басқарма бөлімдерінің телефондарын, басқарма қызметіне қатысты нормативтік актілерді, мемлекеттік қызметшінің имиджін, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын орналастыру жөнінде жұмыс жүргізіледі.

 Мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық  бұзушылыққа тартылған  фактілер жоқ екенін хабарлайды.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейде қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаралар бойынша «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»  атты мақала 2019 жылы 7 наурызда  «Вечерний Сатпаев», 15 наурызда «Формирование антикоррупционной культуры в обществе как основной элемент борьбы с коррупцией»,  «Жемқорлықпен күрес - маңызды міндет» атты мақалалар 2019 жылы 02 қарашада  Оrtalyg Qazagstan газетттерінде жарияланған.

 

5

Жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге жататын  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесін анықтау

ҰЭМ-ге ақпарат

Жүргізілген  талдау негізінде,  мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу үшін мемлекеттік қызмет туралы мәліметтер ұсынылып «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына келесі мемлекеттік қызметтер тізбесіне  тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы жасыл желектерді кесуге (қайта отырғызуға) рұқсат беру мемлекеттік қызмет енгізілді, сондай-ақ аталмыш қызметті автоматтандыру ұсынылды.

 

6

Мүдделер қақтығысы және мемлекеттiк қызметтегі шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына қатысты мониторинг жүргізу, одан әрі  мүдделер қақтығысының, әдеп бұзушылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу мен реттеу жөнінде тәжірибелік құралдар жасау

МҚІжСЖҚА-не ақпарат

Басқармада мүдделер қақтығысы және мемлекеттік қызметтегі шектеулер мәселері бойынша талаптардын сақталуына  мониторинг  жүргізіліп, бұндай жағдайлардың болмағанын хабарлайды.

 

7

Дискрециялық өкілеттіктерді анықтау және алып тастау  үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне талдау жүргізу

МҚІжСЖҚА-не ақпарат

Басқарма Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес 8 (сегіз) мемлекеттік қызмет көрсетті.

Соның ішінде 5 мемлекеттік қызмет толық/ішінара автоматтандырылған:

1. II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»,

2. II, III және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру,

3. Ағаш кесу және орман билетін беру,

4. Мемлекеттік орман қоры участкелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу,

5. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру.

2018 жылғы наурыздан бері екі мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетіледі:

6. Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру,

7. Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру.

Бір мемлекеттік қызмет қағаз түрінде қызмет берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.

8. Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы.

            Басқарманың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламентеріне талдау жүргізіліп турады, дискрециялық өкілеттіктер анықталған жоқ.

 Бүгінгі күні Басқарма 4 Мемлекеттік қызмет көрсетеді,оның ішінде 3 қызмет толық автоматтандырылған, 1 қызмет ішінара автоматтандырылған.

 

8

Мүдделер қақтығысын, әдеп бұзушылығын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын болдырмау бойынша типтік жағдайлар және ұсынымдар туралы  жаднама әзірлеу және тарату

Жаднамалар

Басқармада мүдделер қақтығысы, әдеп бұзушылығын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын болдырмау типтік жағдайлар және ұсынымдар туралы жаднама әзірленіп, бөлімдерге таратылды және Басқарма кеңсесі арқылы табиғат пайдаланушыларға берілді.

 

Қоғамдық бақылау институтын енгізу және Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы стратегияны іске асыруға

азаматтарды, азаматтық қоғам институттарын тарту

9

«Сенім телефонымен» және бірінші басшылардың жеке қабылдау кестелерімен ақпараттық стенділер әзірлеу және орналастыру, сондай-ақ «сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуін жалғастыру

облыс әкімі аппаратының  мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне ақпарат ақпарат

Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің нормаларын, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы бұзу фактілері туралы хабарлау үшін  бұқаралық ақпарат құралдарында 564127 сенім телефонының орнатылғандығы туралы хабарландыру жарияланады. Сондай-ақ ғимарат фойесінде жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштері үшін пошта жәшігі орналастырылған. Ғимаратта басқарма басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі орналасқан.

10

Мемлекеттік сатып алу рәсімдеулерін өткізудің ашықтығын арттыру

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне ақпарат

Басқармада мемлекеттік сатып алу тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы өтеді

 

11

Әрбір мемлекеттік мекемеде жұмыста тамаша нәтиже көрсеткен қызметкерлер туралы ақпарат берілетін «Құрмет тақтасын» орналастыруды, сол сияқты «Тоқсанның үздік мемлекеттік қызметшісі» атағына ұсыну мақсатында  мемлекеттік қызметшілердің жұмысына міндетті түрде тоқсан сайын ішкі бағалау жүргізу

Тақталар орнату

Басқармада «Құрмет тақтасы» орналасқан, персоналды басқару бойынша бас маман тоқсанның үздік мемлекеттік қызметшісі атағына ұсыну мақсатында ішкі бағалау жүргізіп талқылауға салады. Қазіргі таңда жұмыста жақсы нәтиже көрсеткен 4 қызметкерлер туралы ақпарат (суреттері) орналастырылған.

 

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру

12

Мемлекеттік органдар орналасқан ғимараттар мен үй-жайларда азаматтар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша әлеуметтік жарнама мини-плакаттарын орналастыру

МҚІжСЖҚАД-ге ақпарат

Ғимаратта мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша әлеуметтік жарнама мини плакаттары орналасқан.

 

Қарағанды облысынің әкімінің 2018 жылдың 27 желтоқсанында 2018 – 2020 жылдарға арналған іс –шаралар жоспарын 7, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 23, 24, 25, 28,29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 42, 43, 44, 45, 46 тармақтары Басқарманың құзіретіне кірмейтінің хабарлайды.

 

Дата публикации
01 марта 2021