2021 жылғы «6» қаңтардағы
№ 6 бұйрыққа қосымша
аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
Конкурс ұйымдастырушы:
«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Адрес: Карағанды қ, Лободы, көш 20.
Тел.: 8 (7212) 564127, 563852.
Банк реквизиттері: БИН 030540003215, БИК ККМFKZ2A, ИИК KZ85070102KSN3001000 ҚР ҚМ «Қазына Комитеті», Код 2542257,
Депозиттік счет KZ260705022542257001.
1.1 Жалпы ережелер:
Конкурсқа резервтік қордың аңшылық алқаптары шығарылады, олар шаруашылықаралық аңшылық құрылысы негізінде аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін перспективалы болып танылады (конкурстық құжаттамаға 1-қосымша).
Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толық орналасқан аңшылық алқаптар Қағидалардың 1-тармағының 1-тарауының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен олардың өтінімі бойынша конкурс өткізілмей оларға бекітіледі.
Әлеуетті қатысушылар осы конкурстық құжаттамада және оған қосымшаларда қамтылған барлық талаптарды, нысандарды, шарттар мен сипаттамаларды назарға алуға тиіс. Осы конкурстық құжаттаманың барлық талаптарына жауап бермейтін конкурстық өтінімді ұсыну оның қабылданбауына себеп болуы мүмкін.
Әлеуетті қатысушылар "Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"ММ орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінде орналасқан жерінің карта-схемасын, алаңын, қорғалатын алаңның бір қорықшыға жүктеме нормасын, жануарлар дүниесінің санатын, жай-күйін (түрін, санын) қамтитын аңшылық алқаптардың сипаттамасымен таныса алады.
Әлеуетті қатысушы өзінің конкурстық өтінімін дайындауға және ресімдеуге байланысты барлық шығыстарды көтереді.
2.1 Конкурстық өтінімнің мазмұны:
Конкурсқа әлеуетті қатысушы ұсынатын конкурстық өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
– жеке тұлғалар үшін-Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттар (көшірмесі);
– заңды тұлғалар үшін-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік (көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) үлгілік нысан бойынша қаржыландыру көздері мен көлемдері, жұмыстар көлемдері (күзет, өсімін молайту және биотехникалық іс-шараларды қоса алғанда) көрсетілген аңшылық шаруашылығы субъектісін дамытудың екі жылға арналған жоспары (түпнұсқа);
- конкурсқа қатысушының БАНК, филиал немесе бөлімше алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетілетін, қолы мен мөрі қойылған қағаз жеткізгіштегі банк, банк филиалы немесе бөлімшесі (егер конкурсқа қатысушы бірнеше Екінші деңгейдегі банктердің, филиалдардың немесе бөлімшелердің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) анықтамасының конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы күнтізбелік отыз күннен;
- тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кейін берілген машиналардың Мемлекеттік (уақытша) тіркелуінің болуы немесе болмауы туралы мемлекеттік техникалық инспекцияның анықтамасы, "агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес бекітілетін);
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қатысушының атына көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10064 болып тіркелген) (көшірмесі);
-конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын осы бұйрықтың біліктілік талаптарына қосымшада көрсетілген материалдық-техникалық құралдардың болуын растайтын құжаттар (түпнұсқа);
- аңшылық шаруашылығы саласында мамандардың болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарттары мен дипломдарының көшірмелері).
1) аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес оның санаттарына қарай аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін материалдық-техникалық базаның болуы (түпнұсқа);
2) аңшылық шаруашылығы саласындағы мамандардың (биолог-аңшылықтанушы, биолог, аң өсіруші) болуы);
3) конкурсқа қатысушының қаржылық жағдайы;
4) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы.
2.2 конкурстық өтінімді ресімдеу:
2.3. Конкурстық өтінімді беру тәртібі:
"Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №18-04/245 бұйрығының 16 және 17-тармақтарының талаптарына сәйкес конкурстық құжаттама болмаған не тиісінше ресімделмеген, сондай-ақ Конкурсқа қатысушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, мұндай қатысушы конкурс шарттарына сәйкес келмейді деп танылады.
4.1 Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу:
4.2 Конкурстық өтінімдерді қарау және конкурс жеңімпаздарын анықтау:
4.3 Аңшылық шаруашылығын жүргізуге шарт жасасу:
Конкурстық құжаттамаға 1 қосымша
Конкурсқа шығарылатын резервтік қордың аңшылық шаруашылықтарының тізбесі
|
№ р/р |
Орналасу ауданы |
Аңшылық шаруашылығының атауы |
Аудан (мың га) |
Категория |
Бекітуге ұсынылған мерзім |
|
1 |
Ақтоғай |
Шығыс Қоңырат |
537,81 |
V |
10 жыл |
|
2 |
Ақтоғай |
Саяқ |
354,3 |
V |
10 жыл |
|
3 |
Ақтоғай |
Қарабұлақ |
429,5 |
V |
10 жыл |
|
4 |
Ақтоғай |
Қазық |
515,6 |
V |
10 жыл |
|
5 |
Ақтоғай |
Моинтинское |
474,72382 |
V |
10 жыл |
|
6 |
Жанаарқа |
Ақтасты |
183,08 |
V |
10 жыл |
|
7 |
Жанаарқа |
Қызыл-Жар |
290,5 |
V |
10 жыл |
|
8 |
Жанаарқа |
Сарысу-Атасу |
210,90 |
V |
10 жыл |
|
9 |
Жанаарқа |
Ақтау |
291,8 |
V |
10 жыл |
|
10 |
Жанаарқа |
Шалғы |
376,4 |
V |
10 жыл |
|
11 |
Жанаарқа |
Ералиевское |
236,58 |
V |
10 жыл |
|
12 |
Жанаарқа |
Солтүстік Қаражал |
452,7 |
V |
10 жыл |
|
13 |
Нұра |
Баршын |
323,08 |
V |
10 жыл |
|
14 |
Нұра |
Желадыр |
350,05 |
V |
10 жыл |
|
15 |
Нұра |
Қазықұрт |
271,2 |
V |
10 жыл |
|
16 |
Нұра |
Мыңшұнқыр |
290,2 |
V |
10 жыл |
|
17 |
Нұра |
Жанбөбек |
240,40 |
V |
10 жыл |
|
18 |
Нұра |
Қызыл |
281,9 |
V |
10 жыл |
|
19 |
Нұра |
Қыпшақ-Керей |
137,5 |
V |
10 жыл |
|
20 |
Нұра |
Сарышоп |
166,6 |
V |
10 жыл |
|
21 |
Нұра |
Шұбаркөл |
305,9 |
V |
10 жыл |
|
22 |
Ұлытау |
Междуреченское |
391,50 |
V |
10 жыл |
|
23 |
Ұлытау |
Байжаннұра |
722,450 |
V |
10 жыл |
|
24 |
Шет |
Киік-Ақжал |
292,49 |
V |
10 жыл |
|
25 |
Шет |
Киік-Қызылтау |
266,09 |
V |
10 жыл |
|
26 |
Шет |
Медине |
154,00 |
V |
10 жыл |
|
27 |
Шет |
Қызылтау |
218,50 |
V |
10 жыл |