«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі 2020 жылғы есебіне талдамалық анықтама
«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ 2020 жылғы 11 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
2019 жылғы 03 желтоқсандағы №110 бұйрықпен 2020 жылға арналған 5 ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.Бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2020 жылы 5 ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемеде бақылау іс-шаралары жүргізілді.Мемлекеттік орман иеленушілер «Ағаш кесу билетін және орман билетін беру» мемлекеттік қызметін көрсету барысында бұзушылықтарға жол берген жоқ.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстар саны – 6, оның ішінде орындалғаны – 6.
2020 жылы барлығы 3344 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
қызмет көрсетуші арқылы қағаз нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 30;
оның ішінде қызмет түрлері бойынша – «Ағаш кесу билетін және орман билетін беру» – 30;
«Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін бола тұра, баламалы негізде қағаз нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 49.
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0;
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 3265, оның ішінде:
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0;
«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 3265, оның ішінде:
– «II, III және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру» – 1559.
– «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» – 1322.- «Выдача разрешения на пользование животным миром»- 1322;
Қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0.
Белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны және халықты қамту – 10 (хаттамалар мен БАҚ-та жарияланған мақалалар).
Орынд. Г. Апакова