V Азия Пара ойындарында F36 класындағы ер адамдар арасында ядро лақтырудан жеңіл атлетика жарыстары өтті. Қарағанды облысының өкілі Дастан Мұқашбеков 15,47 метр нәтиже көрсетіп, күміс медальға ие болды. Қазақстандық Иван Зелезняк 12,71 метр нәтижемен қола жүлдегер атанды. Бірінші орынды Өзбекстан өкілі жеңіп алды.
Дастан Мұқашбеков – ҚР Чемпионатының, ҚР Паралимпиада ойындарының, ҚР Спартакиадаларының бірнеше дүркін жүлдегері. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия рекордын (Париж, 2023 ж.) орнатқан Ядро лақтырудан IV жазғы Пара Азия ойындарының жеңімпазы және рекордшысы (Азия рекорды – 15,74 м). Париждегі (Франция, 2024 ж.) XVII жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2025 жылы – жеңіл атлетикадан лицензиялық Гран-при (Дубай қ.БАӘ) 1-орынды иеленген.
Фотосы Мейіржан Амангелдиевтен
Жапонияда Пара Азия ойындары өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының сапында жүзу, жеңіл атлетика және теннис сияқты үш түрлі спорт түрінен карагандылық он спортшы өнер көрсетуде. Жарыстың алғашқы күні-ақ, яғни 19 қазанда біздің жүзушілер үш медаль жеңіп алды: Роман Потапов – қола, Диас Кенжебек – күміс, Наталья Звягинцева – күміс.
Ал 20 қазан күні отандасымыз одан да үлкен қуанышқа бөледі! Диас Кенжебек 100 метр қашықтыққа шалқалап жүзуден алтын медаль жеңіп алып, Азияның жаңа рекордын орнатты! Сондай-ақ бұл спортшы 200 метрге кешенді жүзу қашықтығында күміс жүлдегер атанды.
Алдымызда әлі бірнеше жарыс күні бар. Аталмыш жүлдегерлер Азия ойындарының медальдары үшін күресті жалғастыруда. Жүзушілер бізді әлі де жеңістерімен қуантады деген сенімдеміз. Айтпақшы, таңғаларлық жағдай, бірақ шындық – біздің аса құрметті де аңыз адамымыз Наталья Звягинцева жақында 50 жасқа толады!
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.
Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.
Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:
«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.
Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.
Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.
ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.
Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.
БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.
Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
2026 жылғы басты дода аяқталды. Қазақстанның еншісінде 84 марапат бар, оның 12-і алтын, 24-і күміс және 48-і қола. Еліміз медальдар есебінде сегізінші орынға ие болды. Осы нәтижеге Қарағанды өңірінің спортшылары да өз үлесін қосты. Қазақстан құрамасы сапында біздің өңірден 42 өкіл 18 спорт түрінен өнер көрсетті. Қарағандылықтар 12 медаль — төрт күміс және сегіз қола жеңіп алды.
Қарағанды облысына Азиада- 2026 ойындарының алғашқы медалін Санжар Әділов сыйлады. Қарағандылық палуан 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ММА-дан қола жүлдегер атанды. Бұл – тарихи маңызы бар марапат, өйткені ММА жазғы Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілген болатын. Сөйтіп, Санжар Әділов аралас жекпе-жектен алғашқы жүлдегер атанды. Біздің сұлу спортшы қыздарымыз төрт «күмісті» қанжығаға байлады. Жеңіл атлетші Аделина Земс 400 шақырымға кедергілермен жүгіруден екінші орынға ие болды. Финалда ол 54,58 секунд нәтиже көрсетіп, жеке рекорд орнатты. Биіктікке секіруден Азия ойындарының «күмісін» Кристина Овчинникова жеңіп алды. Қарағандылық Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен 76 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынды иеленді. Ал дзюдошы Аида Тойшыбекова ұлттық құрама сапында командалық аралас турнирде өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.
Қылышпен семсерлесуден жекелей сында және командалық есепте Артем Саркисян екі қола медаль жеңіп алды. Жеңіл атлетші Алина Чистякова жетісайыстан тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Байдаркамен 500 шақырым қашықтықтағы финалдық жарыста теміртаулық спортшы Дмитрий Холмогоров мәреге үшінші болып жетті. Қарағанды өңірінің өкілі Ерлан Тасмағамбетов батутта секіруден ел қоржынына «қола» әкелді. Азия ойындарында екі қола медальды біздің спортшылар әртістік жүзуден жеңіп алды. Наргиза Болатова мен Ясмин Туякованың жұбы техникалық және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша және біздің жігіттер аралас командалар арасында жүлдеге ілікті. Қазақстан құрамасы сапында ел намысын Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Ясмин Туякова және Даяна Джаманчалова қорғады.
Сарыарқа спортшылары Азия ойындарында лайықты өнер көрсетті!
Бүгінгі таңда жерлестеріміздің есебінде сегіз қола жүлде бар.
* Азиаданың алғашқы тарихи медалін қарағандылық ММА жауынгері Санжар Әділов жеңіп алды.
Аралас жекпе-жек -Жазғы ойындар бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша, Санжар Әділов Азия ойындарында ММА-данмарапатқа ие болған алғашқы қазақстандық спортшылардың қатарына енді.
* Артем Саркисян екі қола медаль жеңіп алды. Ол жеке жарыстардан және семсерлесуден (қылыш)командалық есепте жүлдегер атанды.
* Жеңіл атлетикадан да медаль бар. Алина Чистякова жеті сайыстан үшінші болды.
* Байдаркадан500 метр қашықтықта өткен финалдық жарыста теміртаулық спортшы Дмитрий Холмогоров үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алды.
* Қарағанды облысының өкілі Ерлан Тасмағамбетов батутта секіруден қола медаль жеңіп алды. Суперфиналда біздің отандасымыз 54,69 ұпай жинап, қытайлық екі спортшыдан жеңіліп қалды.
* Азия ойындарында біздің спортшыларымыз әртістік жүзуденекі қола медаль жеңіп алды. Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқованың жұбы техникалық және ерікті бағдарламалардың қорытындысы бойынша жұптық жарыстардан 565,7326 ұпай жинап, жүлдегерлер үштігіне енді.
Қытай-640,3576 ұпай;
Жапония - 601,3576 ұпай;
Қазақстан-565,7326 ұпай.
Екінші медальді біздің спортшыларымыз аралас командалар арасындағы жарыстардан жеңіп алды, Қазақстан 216,7961 ұпай жинады. Қытай құрамасы 299,2117 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші орынды 286,2688 ұпай жинаған Жапония иеленді.
Қазақстан құрамасының құрамында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Әйгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова және Жаклин Якимова өнер көрсетті.
Азия ойындарының жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтаймыз! Спортшыларымыздан жаңа марапаттар күтеміз!
Қарағандылық спортшы, қылышшы Артем Саркисян Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанып, соңғы 32 жылдағы жекелей жарыстарда отандық семсерлесу үшін үздік нәтиже көрсетті.
Медальға жету жолында біздің жерлесіміз 1/8 финалда Үндістан өкілі Гишо Нидхи Кумаресан Падманы 15:11 есебімен сенімді түрде жеңіп, ширек финалда командалық сабляда Париж-2024 Олимпиада чемпионы До Гёндонды (Оңтүстік Корея) 15:14 есебімен жеңді. До Гёндон 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және қылышшылардың әлемдік рейтингі көшбасшыларының бірі болып табылады.
Жартылай финалда қазақстандықтың қарсыласы әлемдегі ең мықты семсерлесушілердің бірі - үш дүркін Олимпиада чемпионы және бес дүркін әлем чемпионы О Сан Ук болдыОдан 9:15 есебімен жеңілгеніне қарамастан, Саркисян турнирді тарихи қола медальмен аяқтады.
Ол 1994 жылдан бері Азия ойындарында қылыштан жекелей жарыстарда Қазақстанның бірінші медалисі атанды және отандық семсерлесу тарихына енді.
Естеріңізге сала кетейік, аралас жекпе-жек Жапониядағы Азия ойындарының бағдарламасына алғаш енгізілген болатын. Қарағандылық жауынгер Санжар Әділов ММА-дағы Азия ойындарында марапатқа ие болған қазақстандық алғашқы спортшылардың қатарына енді. Осылайша біздің спортшыларымыз Қазақстанға тарихи жеңістер әкелуде!
Қарағандылық ММА жауынгері Санжар Әділов Азиаданың тарихи медалін жеңіп алды.
30 жасар спортшы 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спорттық кимономен «Traditional» санатында өнер көрсетті. Ширек финалда Әділов жеңіске жетті, бірақ жартылай финалда төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен тәжікстандық Отабек Раджабовтан жеңілді. Регламент бойынша жекпе-жектен үшінші орын қарастырылмаған. Осылайша, Әділов, басқа жартылай финалда жеңілген адам сияқты, қола жүлдеге ие болады.
Бұл Қазақстан құрамасының Азиада-2026-дағы жетінші медалі және ММА-дағы тарихи маңызы ерекше алғашқы медалі. Аралас жекпе-жек жазғы ойындар бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша, Санжар Әділов ММА Азия ойындарында марапатқа ие болған алғашқы қазақстандық спортшылардың қатарына енді. Құттықтаймыз!
Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков, облыстық мәслихат төрағасы Нүркен Қобжанов, ҚР Үстел теннисі федерациясының вице-президенті Жаннұр Қалиғожин және ДШжСБ басшысы Нүркен Нұратов қатысты.
Үстел теннисі Қазақстанда өте танымал. Онымен балалар да, ересектер де, мүмкіндігі шектеулі адамдар да қуана айналысады. Тек біздің облыстың өзінде 13 мыңнан астам адам осы спорт түріне құмар, оның 4000 - ге жуығы ауылдық жерлерде.
Қарағанды үстел теннисі мектебі республикадағы үздік мектептердің бірі, оның тәрбиеленушілері көптеген жылдар бойы басқа өңірлердің спортшыларына айтарлықтай бәсеке туғызып келеді. Біздің чемпиондарымызды тек туған өңіріміз ғана емес, бүкіл Қазақстан мақтан тұтады. Қазір Жапонияда Азия ойындары өтіп жатыр. Жеңіс үшін Құрманғалиев Алан, Акашева Зәуреш, Кошкумбаева Жанерке және Жақсылықова Альбина сияқты теннисшілеріміз күресуде. Спортшыларымыз үшін жанкүйер болайық! Ал жас таланттарға қонақжай Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында сәттілік пен жеңістер тілейміз!
19 қыркүйек күні Күншығыс елінде XX жазғы Азия ойындары ресми түрде ашылатын болады. Ең бастысы бұл шоу Жапонияның тарихы мен мәдениетін, заманауи технологияларын, аренадағы қимыл іс-әрекеттері мен спортшылар құрамының жалпы жүрек соғысы идеясын біріктіреді. Өйткені, бұл Азиаданың ұраны - «Imagine One Asia» - «Біртұтас Азияны елестет».
Ойын бағдарламасына 43 спорт және 71 спорт саласы кіреді, онда 469 марапаттар жиынтығы ойнатылады. Қазақстан құрамасы сапынан 560-қа жуық спортшы қатысады, оның 41-і Қарағанды облысынан! Біздің жерлестеріміз 17 спорт түріндегі медаль үшін күресетін болады:
4.Семсерлесу (қылыш) - Артем Саркисян, Анастасия Гулик;
7.Ауыр атлетика - Любовь Ковальчук және Екатерина Алякина;
Дмитрий Холмогоров;
2026 жылғы XX Жазғы Азия ойындары Жапонияның Нагоя қаласында және Айти префектурасында, сондай-ақ Токиода, Осакада және басқа аймақтарда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.
Жерлестерімізге сәттілік пен жеңіс тілейміз! Сарыарқа спортшылары Азия аренасында лайықты өнер көрсетулері қажет!
Венгрияның Будапешт қаласында жасөспірімдер арасындағы әртістік жүзуден Әлем чемпионаты аяқталды. 12 және 16 тамыз аралығында өткен дүбірлі додада 35 елден 300 спортшы медальдар үшін бақ сынасты. Қазақстан құрамасы әлемдік біріншілікте екі күміс және екі қола жүлдеге ие болды Бұл нәтиже ұлттық құрамамызға жалпыкомандалық есепте төртінші орын алуға мүмкіндік берді. Ресей көшбасшы болды, Испания екінші орында, Қытай үшінші болды.
Ұлттық құрамамыздың бұл жетістігіне Қарағанды облысының спортшылары да зор үлес қосты. Қазақстан құрамасы акробатикалық бағдарламада «күміс» жүлдеге қол жеткізді. Жүлдегерлер қатарында Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінің (Теміртау филиалы) тәрбиеленушісі Даяна Джаманчалова, сондай-ақ Қарағанды облысының жүзуден олимпиадалық резерв мектебінің өкілдері Полина Мерзлякова, Анастасия Воронкова және София Ищенко бар. Спортшылардың барлығы Олимпиадалық резервті даярлау орталығының ауыспалы құрамына кіреді.
Бұл Әлем чемпионатында тұғырдың үшінші сатысына екі рет Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі Виктор Друзин (техникалық және ерікті бағдарлама) көтерілді.
Спортшыларымызды және олардың жаттықтырушылары - Елена Анатольевна Котова, Оксана Александровна Москвичева, Илья Владимирович Котов пен Светлана Викторовна Якушеваны шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!
@n.nuratov_88
@sport_internat_temirtau
@zhsshm_karagandy_oblysy
@shkola_plavaniya_krg
@cpor_karaganda