
Рейтинг біріншілігі Алматыда өтіп жатыр. Жерлесіміз Ерулан Искаков 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынды иеленді. «Тәжікстаннан келген бірінші қарсыласымды айқын басымдықпен жеңдім, - деп атап өтті қарағандылық балуан olympic.kz сайтына берген сұхбатында, - кейіннен Иран спортшысымен күресіп, 9:9 нәтижесіне қол жеткізіп, өкінішке орай жеңіліп қалдым. Мен төрешінің аяғына шалынып қалдым, мен төрешілер бұны санамайды деп ойлаған едім. Бірақ төрешілер қарсыласыма төрт ұпай қосып берді. Шынымды айтсам, өзім де түсінбей қалдым. Дайындығым жаман болған жоқ, шыны керек Азиялық олимпиада іріктеуіне қатысамын деп ойлағанмын. Бірақ бапкерлер Олжас Сырлыбайды таңдады, ал мені осы жарысқа қатыстырды. Шыны керек, осыған сәл кынжылғаным бар, бұл жарысқа қатысқым келмеді. Келесі біліктілік турниріне кім баратыны әлі белгісіз. Олжас екеумізден басқасының бәрі жас жігіттер», - деді Искаков.