Мүмкіндігі шектеулі адамдарға спорт объектілерін ұсыну бойынша жұмыс жеке спорт ғимараттарының басшылығымен жүргізіледі. Өтеусіз негізде ОРДО (жүзу бассейні), «Карат» СК (отырып ойнау воллейболы), жүзу мектебінің жүзу бассейні, №27 ОМ спорт залдары, «Ровесник» БЖК (таэквондо), Теміртау қаласындағы «Пекин» СК (пауэрлифтинг) сияқты спорт ғимараттары ұсынылады. Сондай-ақ, тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған интернаттар пен Қарағанды зағиптар қоғамы өз үй-жайларын ұсынады. Барлық көрсетілген нысандар санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келеді және мүгедек спортшыларға қол жетімді болып табылады.
ҚР «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге мәдени-ойын-сауық іс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен айналысуға арналған спорт ғимаратарына қол жеткізу үшін жағдайларды, арнайы спорт мүкәммалын ұсынуды қамтамасыз етеді. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар аталған қызметтерді-бюджет қаражаты есебінен, ал үшінші топтағы мүгедектер аталған қызметтер құнының елу пайызын төлей отырып пайдалана алады.
Облыста 2003 жылдан бастап мүгедектер спорты бойынша мамандандырылған мектеп жұмыс істейді, бұл мүгедектерге қолжетімді спорт түрлерімен айналысуға, сондай-ақ халықаралық дәрежедегі мүгедек спортшыларды даярлауға жағдай жасайды.
2020-2021 оқу жылына мектепке 440 адам қабылданды. Олармен 21 оқу-жаттықтырушы жұмыс істейді, оның ішінде 12 жаттықтырушы - штаттық. Жоғары санатты 14 адам, бірінші санатты - 1 адам, екінші санатты - 4 адам, 6 адам ҚР еңбек сіңірген бапкерлері. Мектепте спорттың 16 түрі өсіріледі.
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын мүгедектердің ішінен 4 адам ҚР Еңбек сіңірген спорт шеберлері болып табылады, 12 адам халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, 38 ҚР спорт шеберлері, 35 ҚР спорт шеберлігіне үміткерлер, 44 адам 1-разрядқа ие.