Меню

Страницы

Статья

Ұлттық спорт түрлері

Облыста ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілуде, 11 түрі (тоғызқұмалақ, саятшылық, бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, асық ату, теңге алу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату) бойынша 38 296 адам (2024 жылы - 35 975 адам) айналысады

       Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына 36 спортшы (2024 жылы - 36 адам) кіреді.

       Ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда конкур, аударыспақ, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату, бәйге және жамбы ату сияқты спорттың 6 түрі дамытылады.  Оқушылар саны-393 адам. Олармен 20 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді, оның 10 - ы штаттық.

       «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы» жұмыс істейді, оның құрамына 11 спорт түрінен 6 федерация кіреді. Атап айтатын болсақ:

-  «Қарағанды облысының көкпар федерациясы» (көкпар)»

- «Қарағанды облысының ұлттық және ат спорты түрлерінің федерациясы» (дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, тоғызқұмалақ, асық ату).

- «Қарағанды облысының бәйге федерациясы» (бәйге).

- «Қарағанды облысының «Сарыарқа» құсбегілер федерациясы» (құсбегілік).

- «Қарағанды облысының ұлттық күресі қазақ күресінің спорттық федерациясы» (қазақ күресі).

- «Қарағанды облысының жекпе-жек федерациясы» (жекпе-жек).

        «Көкпар» спорт клубы жұмыс істейді, онда 14 нұсқаушы-спортшы бар, олармен 2 жаттықтырушы жұмыс істейді.

         2025 жылы 2453 адамды қамтитын 23 облыстық жарыс өткізілді.

        Сонымен қатар, облыстың 298 спортшысы 34 республикалық спорттық іс-шараға қатысып, 15 алтын, 14 күміс және 25 қола медаль жеңіп алды.

Дата публикации
16 июня 2020
Дата обновления
16 июля 2025
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Тізбе
29 апреля 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі
Ақпарат
29 апреля 2025
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының және оның квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
26 ноября 2024
Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы