Кәсіби клубтар туралы ақпарат

Қарағанды облысында кәсіби спортты үш клуб дамытуды ("Шахтер" ФК, "Сарыарқа" ХК, "Қарағанды" ВК), командалар Жоғары хоккей лигасында, спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарында өнер көрсетеді. Облыс аумағында футбол, шайбалы хоккей және волейбол сияқты спорт түрлері үлкен танымалдылыққа ие және халықтың барлық топтары арасында қызығушылық танытады.

2017 жылы екі клуб ("Шахтер" ФК, "Сарыарқа" ХК) сенімгерлік басқаруға берілді, ал "Қарағанды" волейбол клубы жекешелендірілді.

"Шахтер" ФК

"Шахтер" ФК – Қарағанды облысының бет-бейнесі болып табылады және ол бай дәстүрге ие. Қарағандылық "Шахтер" өзінің ресми тарихын шеберлер командасы ретінде 1958 жылдан бастап жүргізіп келеді. Команда екі рет Қазақстан чемпионы атанып, елдің Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды, олар Еуропаға алғаш есік ашқан қазақстандық клубтар болды, БАТЭ (Беларусь), шотландиялық "Селтик", Хорватияның "Хайдук" сияқты әйгілі клубтарын жеңіп алды.

"Шахтер" ФК құрамына Теміртау қаласында орналасқан Премьер-Лига командалары, екінші лига командасы – Әйелдер командасы, сондай-ақ 11 жас аралығы топтарында шұғылданатын (300-ден астам бала) Футбол орталығы кіреді.

Клубта шетелдік мамандар жұмыс істейді: 1 негізгі команданың жаттықтырушысы Украина азаматы, негізгі командада 6 Ресей азаматы, 1 - Гана, 1 – Эстония, 1 – Кот-дИвуар, 1 – Франция, 1 – Түрікменстан, 1 – Нигерия, 1–Украина, сондай-ақ, 1– Ресей азаматы.

Футболда ерекше дарынды балалар "Шахтер" ФК футбол орталығына Қарағанды облысының балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, жекеменшік мектептерінің барлық футбол бөлімшелерінен іріктелініп алынады.

КЛУБТЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:

Қазақстан чемпионы: 2011, 2012 жылдар;

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 1995, 2007, 2009 жылдар;

Кубок иегері: 2013 жыл;

Суперкубок иегері: 2013 жыл;

УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінің қатысушысы: 2013 жыл;

2021 жылы Еуропа лигасында өнер көрсету құқығымен Қазақстан

чемпионатының төртінші орны: 2020 жыл.

КЛУБТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ:

2017 жылы – 2 000 000 мың теңге;

2018 жылы – 2 050 000 мың теңге;

2019 жылы – 2 400 000 мың теңге;

2020 жылы – 2 580 000 мың теңге.

"Сарыарқа" ХК

Шайбалы хоккей 1966 жылдан бастап дамып келеді, Қарағандыда "Құрылысшы" атты команда құрылған. Әр жылдары команда Қазкеңескәсіби спартакиадасына, "Б" класындағы қазақстандық аймақтарда "А" класының екінші лигасына, Халықаралық матчтарға, КСРО-ның бірінші лигасына, Ұлтаралық хоккей лигасына, Ресейдің жоғары лигасына, Қазақстан чемпионатына қатысты, команда "Автомобилист", "Құрылысшы", кейін – "Болат" деп аталды, 2000 жылдың басында негізінен жас ойыншылардан тұратын – "Юность", 2006 жылы Қарағандыда "Сарыарқа" жаңа командасы құрылды.

КЛУБТЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:

2009/2010 жылдарғы маусымда Қазақстан чемпионы.

2012 жылдан бастап "Сарыарқа" командасы Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) чемпионатына қатысушы болды, 2013/2014 жылдардағы және 2018/2019 жылдардағы ЖХЛ чемпионы және "Братина" кубогы мен "Петров" кубогының иегері атанды.

2012/2013 жылдары Братина кубогының финалисті.

2014/2015 жылдары ЖХЛ ашылу кубогының жеңімпазы.

2012/2013 жылдары және 2014/2015 жылдары ЖХЛ тұрақты чемпионатының жеңімпазы.

"Сарыарқа" хоккей клубының құрамына үш кәсіби команда кіреді:

"Сарыарқа" командасы. 2020-2021 жылдарғы маусымында шайбалы хоккейден ерлер арасындағы "PRO HOKEI LIGASY" Қазақстан чемпионатында ойнайды.

"Теміртау" командасы. 2020-2021 жылдарғы маусымында шайбалы хоккейден ерлер арасындағы "PRO HOKEI LIGASY" Қазақстан чемпионатында ойнайды.

"Қыран" командасы. 2020-2021 жылдарғы маусымда шайбалы хоккейден жастар командалары арасында "JAS LIGASY" Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді.

КЛУБТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ:

2017 жылы – 2 500 000 мың теңге;

2018 жылы – 2 500 000 мың теңге;

2019 жылы – 2 604 654 мың теңге;

2020 жылы – 2 930 000 мың теңге.

"Сарыарқа" командасының құрамында 22 шетелдік маман (19 – Ресей, 1 –Беларусь, 1 – Латвия, 1 – Словакия), "Теміртау" командасының құрамында 17 адам – Ресей азаматтығына ие, "Қыран" командасының құрамында 1 – Ресей азаматы бар.

Қарағанды "Волейбол клубы»

2009 жылы "Қарағанды" волейбол клубы құрылды, ол чемпионатқа, Қазақстан Республикасының кубогына, Ұлттық, Жоғары және әр түрлі жастағы Балалар лигаларына қатысады.

КЛУБТЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:

Қазақстан Республикасының спартакиадасы (2015 жылы) – 1-ші орын.

Ұлттық Лига:

Қазақстан Республикасының чемпионаты (2010-2011 жылдары) – 3-ші орын;

Қазақстан Республикасының Кубогы (2012 жылы) – 2-ші орын;

Қазақстан Республикасының Кубогы (2013 жылы) – 3-ші орын.

Жоғарғы лига:

Қазақстан Республикасының чемпионаты (2013-2014 жылдары) – 1-ші орын;

Қазақстан Республикасының чемпионаты (2014-2015 жылдары) – 3-ші орын.

КЛУБТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ:

2017 жылы – 98 817 мың теңге;

2018 жылы – 113 985 мың теңге;

2019 жылы – 113 985 мың теңге;

2020 жылы – 199 985 мың теңге.

Клубтың барлық қызметкерлері (ӘБП, жаттықтырушылар құрамы, ойыншылар) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие.

Балалар командалары әртүрлі жас санаттары бойынша күзгі және көктемгі Қазақстан Республикасының Чемпионаттарының жүлдегерлері болды.

Жоғарыда аталған клубтардың қызметі тек кәсіби командаға ғана емес, сонымен қатар клубтардың құрылымы балалардан бастап шеберлер командасына дейінгі дайындықтың толық циклына бағытталғандығын көрсетеді және олар негізгі командадан басқа, жастар командаларын, әйелдер мен балалар командаларын қамтиды.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған жолдауына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің тапсырмасына (Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №413 жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Қазақстан халқына арналған жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 74-тармағы) сәйкес Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мүдделі ұйымдармен бірлесіп, халықты, бірінші кезекте балаларды дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысуға тарту үшін кәсіби спорт клубтарын ұстауға бағытталған қаржылай қаражаттарды қайта бағдарлау және қайта бөлу бойынша мәселелерді қарастыруда.

Кәсіби клубтар туралы ақпарат
Дата публикации
03 декабря 2020