2025 жылғы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебі

2025 жылғы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебі

 

«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

1) Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу;

2) Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру;

3) Спорт мектептеріне немесе спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру;

4) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру;

Басқармаға қарасты спорт мектептері мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:   

1) Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау;

2) Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау;

«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметіне өтініш қабылдау және  оның нәтижесін беру  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  коммерциялық емес  акционерлік қоғамы (бұдан әрі-МК), «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады. Қызметті алушылар - жеке тұлғалар, спортшылар және Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметкерлері болып табылады.  Жалпы 2025 жылы 1 640 мемлекеттік қызмет көрсетілді: МК  арқылы 688, веб-портал арқылы 952.

«Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру»  мемлекеттік қызметіне өтініш қабылдау және оның нәтижесін беру  МК арқылы жүзеге асырылады. Қызметті алушылар-жеке тұлғалар болып табылады. 2025 жылы Басқарма  3  қызмет көрсетті.

«Спорт мектептеріне немесе спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру» мемлекеттік қызметіне өтініш қабылдау және оның нәтижесін беру  МК және веб-портал арқылы жүзеге асырылады. 2025 жылы МК арқылы 7 қызмет көрсетілді.

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметіне өтініш қабылдау және оның нәтижесін беру веб-портал арқылы жүзеге асырылады. 2025 жылы 3  қызмет көрсетілді.

 «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» қызметті берушінің кеңсесі не веб-портал арқылы көрсетіледі.

2025 жылы ведомстволық бағынысты спорт мектептері «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша 7 369 қызмет көрсетті, оның ішінде 35 қызмет Веб-портал арқылы көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы бұйрығымен «Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және  спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық  мектеп-интернаттарына оқуға қабылдау»  мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайтын құқықтық актіге ««Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждері және  спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың  мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту  туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығына  өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 81 бұйрығымен қолданысқа 2025 жылғы 16.06. бастап енгізіле отырып, өзгерістер енгізілді.

2025 жылдың маусым айында 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, ведомстволық бағыныстағы спорт мектебіне өзгерістер енгізуге байланысты, жоғарыда аталған қызмет функция ретінде көрсетілді және 2025 жылдың шілде-тамыз айларында 233 қызмет көрсетілді.

Бұдан басқа, 2025 жылғы 18.09. бастап «Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және  спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың  мектеп-интернаттарына оқуға қабылдау»  мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайтын құқықтық акт, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 169 бұйрығымен бекітілген «Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және  спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың  мектеп-интернаттарына оқуға қабылдау қағидалары күшіне енді.

2025 жылы 1 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2025 жылға арналған бекітілген бақылаулық іс-шараларының жоспарына сәйкес ведомстволық бағыныстағы спорт  мектептерінде 8 бақылаулық іс-шара өткізілді. Бақылаулық іс-шаралардың нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама және өзге де талаптар бойынша 13 бұзушылық анықталды және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың 2 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету Басқарманың тұрақты бақылауында. 

2025 жылғы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебі
Дата публикации
04 марта 2026