"Дене шынықтыру және спорт" бөлімі бойынша Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2017 жылғы жұмыс қорытындысы жөніндегі есебі

Басқарманың қызметі "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі және келесі негізгі бағдарламаларды, атап айтқанда:

- Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын;

- Қарағанды облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын;

- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

Облыста 3 033 спорт ұйымдары мен дене шынықтыру ұжымдары жұмыс істейді, олардың қызметімен 414 мыңнан астам адам қамтылған.

2017 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға облыстық бюджеттен 9 млрд. 167 млн. 186 мың теңге бөлінді (2016 жылы 7 млрд. 129 млн. 745 мың теңге бөлінді).

12 айға арналған қаржыландыру жоспары 9 млрд.180 млн. 018 мың теңгені құрады. Күтілетін игеру сомасы 9 млрд. 174 млн. 018 мың теңге немесе 99,98%.

Спорттың 96 түрі: 41 олимпиадалық түрі (пәндерімен), 55 олимпиадалық емес түрі дәріптеледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының құрамына облыстың 1 216 спортшысы кірді.

2017 жылы облыстың 39 541 спортшысы түрлі дәрежедегі 910, оның ішінде 112 облыстық, 521 республикалық, 277 халықаралық жарысқа қатысты. Жарыстарға қатысу қорытындылары бойынша спортшылар 8 190-нан астам (2 682 алтын, 2 478 күміс, 3 030 қола) медальді жеңіп алды.

Облыс аумағында халықаралық және республикалық маңызы бар 93 жарыс өткізілді.

Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері – 4 адам, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері –12 адам; Қазақстан Республикасының спорт шебері – 128 адам; Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер – 732 адам дайындалды.

Басқару жұмысының тиімділігі келесі көрсеткіштерді көрсететін мақсатты индикаторлармен анықталады:

- облыста дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 30,0% немесе 414 166 адамды құрады;

- балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, дене шынықтыру спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қамту балалар мен жасөспірімдердің жалпы санының 15,7%- ын немесе 28 663 адамды құрады.

Облыс бойынша 8 940 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Оған 544 181 адам қатысты. Оның ішінде 27 мыңнан астам адамды қамтыған 9 облыстық спартакиада өткізілді.

Облыста ұлттық спорт түрлері табысты дамуда, 11 спорт түрі (тоғызқұмалақ, саят, бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, асық ату, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату) дәріптелуде, осы спорт түрлерімен 42 065 адам шұғылданады. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына 16 спортшы кірді.

Облыста мүгедектер саны 60 851 адамды құрайды, оның ішінде 3 577 спортпен шұғылданады. Спорттың 28 түрі дәріптеледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына 68 спортшы кірді.

Облыста 2 896 спорт нысаны, оның ішінде ауылдық жерлерде 1 111 спорт нысаны жұмыс істейді.

Майқұдық ауданының Белинский көшесінде және Нұра ауданының Кенші ауылында жүзу бассейні бар 2 Дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

13 көпфункционалды хоккей корты, 28 спорт алаңы және 5 Street Workout спорт алаңы орнатылды.

"Дене шынықтыру және спорт" бөлімі бойынша Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2017 жылғы жұмыс қорытындысы жөніндегі есебі
Дата публикации
02 декабря 2020