Ағымдағы жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 14 спорт мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 967 млн. 538 мың теңге бөлінді. Барлығы 14 жоба, бұл – 30 лот, оның ішінде 2 лот техникалық қадағалау бойынша.
Бүгінгі күні мектептер бойынша орындалған жұмыстардың жалпы көлемі – 99%-ды құрайды.
12 спорт мектебінде жөндеу жұмыстары аяқталды (26 лот). 2 спорт мектебінде жөндеу жұмыстары (Теміртау қаласының есу түрлері бойынша мектебі және Саран қаласының ОРМБЖМ) аяқталу сатысында.
Жұмыс жасауға 272 жұмысшы тартылды (жоспар – 254 адам), оның ішінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы – 144 адам (Жұмыспен қамту орталығы арқылы жоспар – 127 адам).
Сонымен қатар, ағымдағы жылы ведомствоға қарасты 10 спорт мектебінде жалпы сомасы 210,9 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 6 спорт нысанының құрылысына 1 млрд. 400 млн. теңге бөлінді.
Бүгінгі күні атқарылған жұмыстардың көлемі:
Облыстық бюджеттің есебінен Қарқаралы ауданының Қарқаралы қаласында 689 млн. теңге сомасына 320 орынға арналған Дене сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Бюджеттен тыс қаражаттар есебінен Теміртау қаласында 526 млн. теңге сомасына 320 орынға арналған Дене сауықтыру кешені, 2,2 млрд. теңгеге Теннис орталығы, 1,9 млрд. теңге сомасына Үстел теннисі орталығы және Қарағанды қаласының Пришахтинск шағын ауданда 700 млн. теңге сомасына Спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.