Басқарманың қызметі "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі және келесі негізгі бағдарламаларды, атап айтқанда:
- Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын;
- Қарағанды облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын;
- 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасын;
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған.
Облыста 3 033 спорт ұйымы мен дене шынықтыру ұжымдары жұмыс істейді, олардың қызметіне 415 мыңнан астам адам қамтылған.
2018 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға облыстық бюджеттен 9 млрд. 962 млн. 436 мың теңге (2017 жылы – 9 млрд. 180 млн. 018 мың теңге, 2016 жылы – 7 млрд. 129 млн. 745 мың теңге) бөлінді.
2018 жылдың 12 айында қаржыландыру жоспары 9 млрд. 962 млн. 436 мың теңгені құрады. 2019 жылдың 12 айында игеру сомасы – 9 млрд. 961 млн. 028 мың теңгені немесе 99,98%-ды құрады.
Спорттың 96 түрі: олимпиадалық – 41 түрі (пәндерімен), олимпиадалық емес – 55 түрі дамыған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының құрамына облыстың 1 311 спортшысы (2017 жылы – 1 216 адам, 2016 жылы – 1 168 адам) кіреді.
Есепті кезеңде 27 369 (2017 жылы – 39 541, 2016 жылы – 41 598) облыс спортшылары түрлі дәрежедегі 972 (2017 жылы – 903, 2016 жылы – 751), оның ішінде 115 облыстық (2017 жылы – 112, 2016 жылы – 117), 549 республикалық (2017 жылы – 521, 2016 жылы – 417) және 308 халықаралық (2017 жылы – 277, 2016 жылы – 217) жарысқа қатысты.
Жарыстарға қатысу қорытындылары бойынша спортшылар 8 687 (2017 жылы – 7 989, 2016 жылы – 9 226), оның ішінде:
- 2 831 алтын (2017 жылы – 2 615, 2016 жылы – 3 043);
- 2 735 күміс (2017 жылы – 2 411, 2016 жылы – 2 728);
- 3 121 қола (2017 жылы – 2 963, 2016 жылы – 3 455) медальды жеңіп алды.
Дайындалған:
- Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 20 адам (2017 жылы – 12 адам, 2016 жылы – 21 адам);
- Қазақстан Республикасының спорт шебері – 161 адам (2017 жылы – 128 адам, 2016 жылы – 168 адам);
- Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер – 730 адам (2017 жылы – 732 адам, 2016 жылы – 719 адам).
Ағымдағы кезеңде Қарағанды облысының спортшылары 25 Азия чемпионаты және 31 Әлем чемпионатына қатысты.
Азия чемпионаттарына 120 спортшы қатысып, 128 медальға ие болды, Әлем чемпионаттарына 100 адам қатысып, 38 медальға ие болды.
Облыс аумағында халықаралық және республикалық маңызы бар 122 жарыс өткізілді.
Үстіміздегі жылғы наурыз айының 12-17 күндері аралығында Теміртау қаласының Самарқанд су қоймасында өткен мормышкамен мұз асты балық аулау бойынша өткен Әлем чемпионаты ең маңызды болды. Оған әлемнің 13 елінен келген командалар қатысты.
Үстіміздегі жылғы ақпан айының 12-23 күндері аралығында Пхенчхан қаласында (Оңтүстік Корея) өткен конькимен жүгіру спорты бойынша XXIII Қысқы олимпиада ойындарына Қарағанды облысынан 3 спортшы қатысты, жүлделі орындар жоқ.
Сонымен қатар 7-15 ақпан аралығында Дубай қаласында (БАӘ) өткен жүзу бойынша Жасөспірімдердің азиялық жұп ойындарына Қарағанды облысынан 2 спортшы қатысып, 5 медаль жеңіп алды.
Және 22-25 наурызда Минск қаласындағы (Беларусь) студенттер арасында конькимен жүгіру спорты бойынша Әлем чемпионатында спортшы А.Крикунов-500 м. командалық спринтте 3-ші орынды жүлделеді.
Самбодан мамыр айының 11-13 күндері аралығында Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатында (Моңғолия) Б.Ибрагимов, А.Саяжанов алтын медаль, М.Бажаева қола жүлдегер атанды.
10-12 мамыр аралығында Окинава қаласында (Жапония) каратэ-додан Азия чемпионатында облыстың атынан В.Рудакова өнер көрсетіп, үшінші орынға ие болды.
1-6 мамыр аралығында Вантаа қаласында (Финляндия) өткен пауэрлифтингтен Әлем чемпионатында А.Караман, В.Сасин күміс медальді жеңіп алды.
Маусым айының 4-13 күндері аралығында Гифу қаласында (Жапония) өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Д.Ефремов қола медальді иеленді.
Астана қаласында (Қазақстан) маусымның 16-20 күндері аралығындағы киокушинкай-кан каратэдан Азия чемпионатында Н.Гарас алтын медальді жеңіп алды, А.Тронягин күміс жүлдегер атанды, А.Сұлтанбаев, М.Шашин, В.Вит қола жүлделерді иеленді.
29 маусым - 2 шілде аралығында Астана қаласында самбодан Әлем кубогында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесін 2 орынды – 68 кг. салмақпен Д.Өмірәлиева иеленді.
Шілденің 14-15 күндері Саарбрюккен қаласында (Германия) өткен дзюдодан "Еуропа Кубогы" халықаралық турнирінде 3 орынға – +100 кг. салмақпен С.Жабборов ие болды.
14-15 шілде күндері аралығында Мадрид қаласы (Испания) әйелдер күресінен өткен Гран При халықаралық турнирінде 3 орынды – 1 адам алды.
Еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Нью-Дели қаласында (Үндістан) шілде айының 17-22 күндері аралығында өтті, 2 орынды –С.Бақытханов – 97 кг. салмақта иеленді.
Сасово қаласында (Ресей) 6-10 қыркүйекте өткен Қысқы Президенттік көпсайыстан Әлем чемпионатында Л.Челышева алтын және қола, А.Килотченко күміс медальдерді жеңіп алды.
Қыркүйек айының 7-9 күндері Атырау қаласында өткен WTF таэквондо бойынша Азия чемпионатында У.Чечет, Д.Кудашев, А.Сманкулов қола медальдарға ие болды.
17-23 қыркүйек аралығында Трнава қаласында (Словакия) өткен еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында С.Бақытханов қола медальға ие болды.
18-23 қыркүйекте Венеция қаласында (Италия) өткен кикбоксингтен жастар арасындағы Әлем чемпионатында В.Ионов жеңімпаз атанды.
Қазан айының 16-21 күндері аралығында Манила қаласында (Филиппин) өткен семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатында 1 орынды – А.Гулик, 2 орынды – А.Саркисян иеленді.
20-25 қазан аралығында Самарқанд қаласында (Өзбекстан) өткен байдарка мен каноэде есуден Азия кубогында 1 орынды – Б.Сальков, В.Петров С4-500, С2 -200, 3 орынды – Сальков С2-200 жеңіп алды.
Ағымдағы жылғы 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Джакарта қаласында (Индонезия) XVIII жазғы Азия ойындары өтті.
XVIII жазғы Азия ойындарына Қарағанды облысынан спорттың 10 түрінен 34 спортшы қатысты.
Облыстың 11 спортшысы 8 медальді, оның ішінде 1 алтын, 1 күміс және 6 қола жеңіп алды.
2-12 қарашада Тагайтай қаласында (Филиппин) өткен ардагерлер арасындағы шахматтан Азия чемпионатында О.Г.Ринас 3-ші орынға ие болды.
Баку қаласында (Әзірбайжан) 15-20 қараша күндері өткен спорттық акробатикадан Әлем Кубогы кезеңінде Д.Диль, Д.Шуляр қола жүлделерге ие болды.
Басқарма жұмысының тиімділігі келесі көрсеткіштерді көрсететін мақсатты индикаторлармен анықталады:
- облыста дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 30,1% немесе 415 158 адамды (2017 жылы – 30,0% немесе 414 166 адам); (2016 жылы – 29,0% немесе 401 065 адам); (2015 жылы – 28,2% немесе 387 891 адам) құрады;
- балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, дене шынықтыру спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қамту балалар мен жасөспірімдердің жалпы санының 15,7%-ын немесе 29 241 адамды құрады.
Облыс бойынша 9 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Оған 567 мыңнан астам адам қатысты.
Бұқаралық іс-шаралар қатарында 10 спартакиада: "Қарлы Қыс 2018" облыстық қысқы ауылдық ХХVIII спартакиадасы және "Ақ Қыс 2018" облыс қалалары арасындағы қысқы спартакиадасы, студент жастар арасындағы облыстық XV спартакиадасы, облыс, қалалар, аудандар мәслихаттарының депутаттары мен аппарат қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиадасы, тірек-қимыл аппараты зақымданған, есту және көру органдары зақымданған мүгедек спортшылар арасындағы облыстық спартакиадасы, Қарағанды облысы әкімінің жүлдесі үшін, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері арасындағы XVI спартакиадасы, VIII әйелдер спартакиадасы, облыс, қалалар, аудандар әкімдері аппараттарының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасындағы ХХ спартакиадасы, "Сарыарқа-2018" жазғы ауылдық XXXII спартакиадасы, облыстың қалалары мен аудандарынан 28 мыңнан астам спортшыны қамтыған "Арай 2018" жазғы ХІІІ спартакиадасы өтті.
Облыста ұлттық спорт түрлері табысты дамуда, атап айтқанда, 11 түрі (тоғызқұмалақ, саят, бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, асық ату, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату) дамытылуда, олармен 42 103 адам (2017 жылы – 42 055 адам, 2016 жылы – 42 045 адам) шұғылданады. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына 16 спортшы (2017 жылы – 18 спортшы, 2016 жылы – 20 спортшы) кіреді.
Облыста мүгедектер саны 66 704 адамды (2017 жылы – 59 001 адам, 2016 жылы – 56 310 адам) құрайды, оның ішінде 3 825 адам (2017 жылы – 3 366 адам, 2016 жылы – 2 980 адам) спортпен шұғылданады.
Спорттың 28 түрі (2017 жылы – 25 түрі, 2016 жылы – 13 түрі) насихатталады.
ҚР Ұлттық құрамасына 87 спортшы (2017 жылы – 63 спортшы, 2016 жылы – 66 спортшы) кіреді.
Облыста 2 966 бірліктегі спорт нысандары (2017 жылы – 2 896, 2016 жылы – 2 841), оның ішінде ауылдық жерлерде 1 140 бірлік (2017 жылы – 1 111, 2016 жылы – 1 094) жұмыс істейді.
2018 жылдың ақпан айында Абай қаласында жабық жүзу бассейні пайдалануға берілді.
Қарағанды қаласындағы "Аманат – Арена" спорт кешенінің жылжымалы мұз айдынының құрылысы аяқталды, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен Балқаш қаласында жүзу бассейнін "Ақ теңіз" спорт кешеніне қайта құру жүргізілді. Сондай-ақ, облыстық бюджеттің қаражаттары есебінен Шет ауданының Сейфуллин ауылындағы ДСК-нің құрылысы аяқталды.
Спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында облыстық бюджет есебінен жалпы сомасы 1 млрд. 653 млн. теңгеге 2 ДСК-нің (Қарқаралы қаласы, Абай қаласы 2018-2019 ж.ж.), сондай-ақ Пришахтинскте жеке инвестициялар есебінен бассейні бар спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.
Бүгінгі күні 40 спорт алаңы, олардың ішінде 23-і қалаларда, 17-сі ауылдық аудандарда және 20 көпфункционалды хоккей корты, олардың ішінде 11-і қалаларда, 9-ы ауылдық аудандарда орнатылды.
13 спорт нысанында облыстық және жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен жалпы сомасы 366,8 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі бойынша 5 жобаны іске асыруда. Оның ішінде Қарағанды облысы бойынша іске асыруы жоспарланған мемлекеттік-жеке әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбесіне енгізу үшін "Өжет" спорт кешенін пайдалану" жобасы және "Жезқазған қаласында Таеквондо орталығын пайдалану" жобасы облыстық мәслихаттың сессиясына енгізілді.
"Балқаш қаласында спорт кешенін ашу", "Қарағанды қаласындағы "Шахтер" стадионының футбол алаңының жабынын ауыстыру және сервистік қызмет көрсету", "Қарағанды қаласындағы "Аманат" спорт кешенін пайдалану" жобалары бизнес-жоспардың сараптамасын алу үшін "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы" АҚ-на (жергілікті уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға) енгізіледі.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы өңірдің спорт саласындағы алға қойған міндеттерін табысты орындап отыр.