"Дене шынықтыру және спорт" бөлімі бойынша Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2020 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы жөніндегі есебі

Басқарманың қызметі "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі және ол келесі негізгі бағдарламаларды іске асыруға бағытталған:

- Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы;

- Қарағанды облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы;

- 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама;

- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы.

Облыста 3 140 спорт ұйымдары мен дене шынықтыру ұжымдары жұмыс істейді, олардың қызметіне 417 мыңнан астам адам қамтылған.

2020 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға облыстық бюджеттен 13 млрд. 382 млн. 790 мың теңге (2019 жылы – 11 млрд. 624 млн. 740 мың теңге, 2018 жылы – 9 млрд. 962 млн. 436 мың теңге, 2017 жылы – 9 млрд. 180 млн. 018 мың теңге) бөлінді.

2020 жылдың 9 айында қаржыландыру жоспары 8 млрд. 716 млн. 983 мың теңгені құрады. 2020 жылдың 9 айында игеру сомасы – 9 млрд. 809 млн. 016 мың теңге немесе 99,99%. Игерілмеген сома – 272 мың теңгені құрады. Игерілмеген сома бос жұмыс орындары мен еңбекке жарамсыздық парақтары есебінен үнемделуге байланысты қалыптасты.

Спорттың 100 түрі: олимпиадалық – 44 түрі (пәндерімен), олимпиадалық емес – 56 түрі дамыған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының құрамына облыстың 1 471 спортшысы (2019 жылы – 1328 адам, 2018 жылы – 1 311 адам, 2017 жылы – 1 216 адам) кіреді.

Есепті кезеңде 12 216 (2019 жылы – 25 373, 2018 жылы – 20 453) облыс спортшылары түрлі дәрежедегі 331 (2019 жылы – 834, 2018 жылы – 769), оның ішінде 60 облыстық (2019 жылы – 97, 2018 жылы – 92), 180 республикалық (2019 жылы – 473, 2018 жылы – 413) және 91 халықаралық (2019 жылы – 264, 2018 жылы – 239) жарысқа қатысты.

Жарыстарға қатысу қорытындысы бойынша спортшылар 4 491 (2019 жылы – 7 579, 2018 жылы – 6966), оның ішінде:

- 1410 алтын (2019 жылы – 2 445, 2018 жылы – 2296);

- 1356 күміс (2019 жылы – 2 336, 2018 жылы – 2190);

- 1725 қола (2019 жылы – 2 798, 2018 жылы – 2480) медальға ие болды.

Дайындалған:

– Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 14 адам (2019 жылы – 16 адам, 2018 жылы – 12 адам);

- Қазақстан Республикасының спорт шебері – 69 адам (2019 жылы – 98 адам, 2018 жылы – 120 адам);

- Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер – 449 адам (2019 жылы – 670 адам, 2018 жылы – 640 адам).

– Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері – 4 адам.

Ағымдағы кезеңде Қарағанды облысының спортшылары 8 Азия чемпионаты мен Кубогына және Әлем кубогының 12 кезеңіне, Әлем кубогы мен чемпионаттарына қатысты.

Азия біріншіліктеріне 19 спортшы қатысып, 12 (5 – алтын, 3 – күміс, 4 – қола) медальға ие болды, Әлем біріншіліктеріне 16 адам қатысты, жүлделі орындар жоқ.

Облыс аумағында халықаралық және республикалық маңызы бар 44 жарыс өткізілді.

Спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсету қорытындысы бойынша Токио қаласындағы (Жапония, үстіміздегі жылдың 24 шілдесінен бастап – 9 тамызы аралығында) XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға Қарағанды облысынан үміткер спортшылардың тізімдік құрамы бекітілді және спорттың 11 түрі бойынша 17 адам есептеледі. Екатерина мен Александра Немичтер – әртістік жүзу, Элмира Сыздықова – әйелдер күресі, Абылайхан Жүсіпов – бокс лицензияларын жеңіп алды.

Білікті кадрларды даярлау және облыстың жетекші спортшыларын әлеуметтік қолдау үшін 2019 жылы "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша облыстың жоғары оқу орындарында оқуға 10 грант бөлінді.

2019 жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының "Спорт" номинациясы бойынша 5 жеңімпаздың ішінде Қарағанды облысының екі өкілі, олар: бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері – Абылайхан Жүсіпов, сондай-ақ ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Иван Сергеевич Снегуров бар.

Басқару жұмысының тиімділігі келесі көрсеткіштерді көрсететін мақсатты индикаторлармен анықталады:

- халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 2019 жылы 1 000 адамға шаққанда 55,5%-ды (2020 жылғы жоспар – 58%-ды) құрады;

- облыста дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 2019 жылы 30,3% немесе 417 136 адамды (2018 жылы – 30,1% немесе 415 158 адам, 2017 жылы – 30,0% немесе 414 166 адам) құрады.

2020 жылдың 9 айында облыс бойынша 111 276 адамды қамтитын 2 300 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, оның ішінде Қарағанды облысының аумағында қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу кезеңінде спорттың 24 түрі бойынша 5 170 адамды қамтитын 142 онлайн-жарыс өткізілді: ЖДД (спорт түрлері бойынша), отбасылық старттар, турникке тартылу, еденнен және орындықтан итеру, гір спорты, орыннан ұзындыққа секіру, күш гимнастикасы бойынша жарыстар, бесасық және т. б.

Оның ішінде 2020 жылғы ақпан айының 19 – 21 күндері аралығында Қарағанды қаласында "Қарлы қыс 2020" облыстық қысқы ауылдық ХХХ спартакиадасы және облыс қалалары арасында "Ақ қыс 2020" XVII қысқы спартакиадасы өткізілді. Оған 593 спортшы қатысты. Жарыс үш кезеңде өткізілді. Жарыстың үш кезеңінің қорытындысы бойынша 6 075 спортшы қамтылды.

Облыста ұлттық спорт түрлері табысты дамуда, 11 спорт түрі (тоғызқұмалақ, саят, бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, асық ату, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату) дамытылуда, осылармен 42 118 адам (2018 жылы – 42 103 адам, 2017 жылы – 42 055 адам, 2016 жылы – 42 045 адам) шұғылданады. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына 18 спортшы (2018 жылы – 16 спортшы, 2017 жылы – 18 спортшы, 2016 жылы – 20 спортшы) кіреді.

Облыста мүгедектер саны 67 732 адамды (2018 жылы – 66 704 адам, 2017 жылы – 59 001 адам, 2016 жылы – 56 310 адам) құрайды,  оның ішінде 3 835 адам (2018 жылы – 3 825 адам, 2017 жылы – 3 366 адам, 2016 жылы – 2 980 адам) спортпен шұғылданады.

Спорттың 29 (2018 жылы – 28, 2017 жылы – 25, 2016 жылы – 13) түрі насихатталады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына 90 (2018 жылы – 87, 2017 жылы – 63, 2016 жылы – 66) спортшы кіреді.

Халықты жаппай қамту үшін спорт ғимараттарының қолжетімділігін кеңейту жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында облыста спорттық инфрақұрылым табысты дамуда. Облыста 3046 спорт ғимараты жұмыс істейді, оның 1 184-і ауылдық жерлерге тиесілі. Үш жылда өсім 150 бірлікті құрады.

Облыстық бюджет есебінен Қарқаралы қаласында ДСК құрылысы аяқталды және бюджеттен тыс қаражаттар есебінен Теміртау қаласында ("Арселор Миттал Теміртау" АҚ) және Қарағанды қаласында (Қазақстан Республикасының Теннис федерациясы) теннис орталығының құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін Қарағанды қаласында Үстел теннисі орталығының және Пришахтинск шағын ауданында және Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысында спорт кешендерінің құрылысын бюджеттен тыс қаражаттар есебінен аяқтау жоспарлануда.

Ағымдағы жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Шахтинск қаласында бассейні бар ДСК, Жезқазған қаласында бассейні бар ДСК, Қарсақпай кентінде 100 орынға арналған ДСК және Ұлытау ауданының Жезді ауылында 160 орынға арналған ДСК, Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде жабық жүзу бассейнін, Нұра ауданының Нұра кентінде бассейн салуға республикалық бюджеттен 3 млрд. 511 млн. 531 мың теңге бөлінді.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын іске асыру мақсатында 2019 жылы eSPORTkrg.kz жаңа ғаламтор-порталы және esportkrg мобильді қосымшасы жұмыс істей бастады. Бұл – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен WTO ақпараттық жүйелер орталығының сынамалы жобасы.

Ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап "Вирусқа қарсы" челленджі өткізіледі. Осылайша, осы жоба аясында үйде және таза ауада спорт, тыныс алу гимнастикасын насихаттау мақсатында әлеуметтік желілер мен БАҚ-да жарияланған жетекші спортшылармен бейнероликтер түсіріледі.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың сәуір айында облыстық "Сарыарқа" телеарнасында "Гимнастика" бірлескен жобасы жүзеге асырылды, онда біздің жетекші спортшыларымыз сұхбат беріп, халықтың түрлі санаттары үшін жаттығулар жасады. Instagram Facebook, karsportregion (instagram), YouTube арнасындағы әлеуметтік желілердегі парақшаларда да «Гимнастика» жобасы көрсетілді.

"Дене шынықтыру және спорт" бөлімі бойынша Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2020 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы жөніндегі есебі
Дата публикации
30 октября 2020