Басқарманың қызметі "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі және келесі негізгі бағдарламаларды, атап айтқанда:
- Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы;
- Қарағанды облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы;
- 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама;
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған.
Облыста 3 140 спорт ұйымы мен дене шынықтыру ұжымдары жұмыс істейді, олардың қызметіне 417 мыңнан астам адам қамтылған.
2019 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға облыстық бюджеттен 11 млрд. 624 млн. 740 мың теңге (2018 жылы – 9 млрд. 962 млн. 436 мың теңге, 2017 жылы – 9 млрд. 180 млн. 018 мың теңге) бөлінді.
2019 жылдың 12 айында қаржыландыру жоспары 11 млрд. 624 млн. 740 мың теңгені құрады. 2019 жылдың 12 айында игеру сомасы – 11 млрд. 623 млн. 772 мың теңгені немесе 99,99%-ды құрады.
Спорттың 100 түрі: олимпиадалық – 44 түрі (пәндерімен), олимпиадалық емес – 56 түрі дамыған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының құрамына облыстың 1 328 спортшысы (2018 жылы – 1 311 адам, 2017 жылы – 1 216 адам) кіреді.
Есепті кезеңде 30 875 (2018 жылы – 27 359, 2017 жылы – 27 219) облыс спортшылары түрлі дәрежедегі 1 019 (2018 жылы – 972, 2017 жылы – 903), оның ішінде 114 облыстық (2018 жылы – 115, 2017 жылы – 112), 569 республикалық (2018 жылы – 549, 2017 жылы – 521) және 336 халықаралық (2018 жылы – 308, 2017 жылы –277) жарысқа қатысты.
Жарыстарға қатысу қорытындылары бойынша спортшылар 9 234 (2018 жылы – 8 687, 2017 жылы – 7 989), оның ішінде:
- 2 991 алтын (2018 жылы – 2 831, 2017 жылы – 2 615);
- 2 822 күміс (2018 жылы – 2 735, 2017 жылы – 2 411);
- 3 421 қола (2018 жылы – 3 121, 2017 жылы – 2 963) медальды жеңіп алды.
Дайындалған:
- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері – 2 адам (2018 жылы – 0 адам, 2017 жылы – 4 адам);
- Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 22 адам (2018 жылы – 20 адам, 2017 жылы – 12 адам);
- Қазақстан Республикасының спорт шебері – 139 адам (2018 жылы – 161 адам, 2017 жылы – 128 адам);
- Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер – 762 адам (2018 жылы – 730 адам, 2017 жылы – 732 адам);
- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері – 5 адам (2018 жылы – 2 адам, 2017 жылы – 4 адам).
Ағымдағы кезеңде Қарағанды облысының спортшылары 33 Азия чемпионаты мен кубогына және Әлем кубогының 77 кезеңіне, Әлем кубогы мен чемпионатына қатысты.
Азия біріншіліктеріне 125 спортшы қатысып, 97 (41 – алтын, 36 – күміс, 20 – қола) медальға ие болды, Әлем біріншіліктеріне 219 адам қатысып, 82 (28 – алтын, 20 – күміс, 34 – қола) медальға ие болды.
Облыс аумағында халықаралық және республикалық маңызы бар 130 жарыс өткізілді.
Спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсету қорытындысы бойынша Токио қаласындағы (Жапония, үстіміздегі жылдың 24 шілдесінен бастап 9 тамыз аралығында) XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға Қарағанды облысынан үміткер спортшылардың тізімдік құрамы бекітілді және оған спорттың 10 түрі бойынша 15 адам есептеледі. Екатерина мен Александра Немичтер – көркем жүзу, Элмира Сыздықова – әйелдер күресі лицензияларын жеңіп алды.
2019 жылы білікті кадрларды даярлау және облыстың жетекші спортшыларын әлеуметтік қолдау үшін "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша облыстың жоғары оқу орындарында оқуға 10 грант бөлінді.
Жеңімпаздарды сапалы дайындау үшін Әлия Молдағұлова атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат өз қызметін жүзеге асырады, ол 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап спорт колледжі мәртебесін алды (Ә.Молдағұлова атындағы облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі), (Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 қыркүйектегі №49/10 қаулысы).
2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап балалармен жұмыс істеу үшін білікті жаттықтырушы-оқытушы кадрларды даярлау мақсатында "Спорт түрі бойынша жаттықтырушы" мамандығы бойынша 30 оқушы (15 – қазақ, 15 – орыс бөлімдері) қабылданды.
2019 жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының "Спорт" номинациясы бойынша 5 жеңімпаздың ішінде Қарағанды облысының екі өкілі, олар: бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері – Абылайхан Жүсіпов, сондай-ақ ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Иван Сергеевич Снегуров бар.
Басқарма жұмысының тиімділігі келесі көрсеткіштерді көрсететін мақсатты индикаторлармен анықталады:
- халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 2019 жылы 1 000 адамға шаққанда 55,5%-ды (2020 жылғы жоспар – 58%-ды) құрады;
- облыстың дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтары 2019 жылы 30,3%-ға немесе 417 136 адамға (2018 жылы – 30,1%-ға немесе 415 158 адамға, 2017 жылы – 30,0%-ға немесе 414 166 адамға) қамтылды.
2019 жылы облыс бойынша 9 404 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, оған 567 781 адам қамтылды және оның ішінде 10 облыстық спартакиадаға қалалар мен аудандардан келген 22 мыңнан астам спортшы қатысты.
Облыста ұлттық спорт түрлері табысты дамуда, 11 спорт түрі (тоғызқұмалақ, саят, бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, асық ату, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату) дамытылуда, осылармен 42 118 адам (2018 жылы – 42 103 адам, 2017 жылы – 42 055 адам, 2016 жылы – 42 045 адам) шұғылданады. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына 18 спортшы (2018 жылы – 16 спортшы, 2017 жылы – 18 спортшы, 2016 жылы – 20 спортшы) кіреді.
Облыста мүгедектер саны 67 732 адамды (2018 жылы – 66 704 адам, 2017 жылы – 59 001 адам, 2016 жылы – 56 310 адам) құрайды, оның ішінде 3 835 адам (2018 жылы – 3 825 адам, 2017 жылы – 3 366 адам, 2016 жылы – 2 980 адам) спортпен шұғылданады.
Спорттың 29 (2018 жылы – 28, 2017 жылы – 25, 2016 жылы – 13) түрі насихатталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына 90 (2018 жылы – 87, 2017 жылы – 63, 2016 жылы – 66) спортшы кіреді.
Ауылда бұқаралық спортты одан әрі дамыту үшін ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 50 спорт нұсқаушысы жұмысқа кірісті, ал 50 жаттықтырушы үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмысын бастады. Халықты жаппай спортпен қамту үшін спорт ғимараттарының қолжетімділігін кеңейту жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында облыста спорттық инфрақұрылым табысты дамуда. Облыста 3 046 спорт ғимараты жұмыс істейді, оның 1 184-і ауылдық жерлерге тиесілі. Үш жылда өсім – 150 бірлікті құрады. Облыстың спорт нысандары өз міндеттері бойынша жұмыс істейді.
Ағымдағы жылы Абай ауданының Абай қаласында облыстық бюджет есебінен 372,6 млн. теңге сомасына дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді және Қарқаралы қаласында ДСК құрылысы (643 млн. теңгеге, оның ішінде облыстық бюджеттен – 517 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 126 млн. теңгеге) жалғасуда, Шахтинск қаласында бассейні бар ДСК құрылысы (140 млн. теңгеге) басталды.
Сондай-ақ бюджеттен тыс қаражаттар есебінен Теміртау қаласында Дене шынықтыру-сауықтыру кешені ("Арселор Миттал Теміртау" акционерлік қоғамы) Қарағанды қаласында Теннис орталығы (Қазақстан Республикасының спорт федерациясы) және Пришахтинск пен оңтүстік-шығыста жеке инвестициялар есебінен спорт кешендері салынуда.
Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін келесілер: Ақтас кентінде, Саран қаласында, Нұра ауданының Нұра ауылында, Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері және Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде жабық жүзу бассейні, Қарағанды қаласында 50 метрлік жабық жүзу бассейні жобаларының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Ағымдағы жылы облыс бойынша 29 хоккей корты және 34 жасанды жабындысы бар спорт алаңы және 10 Street Workout спорт алаңы орнатылды.
Басқарманың ресми сайтында (http://www.karsport.kz) күн сайын дерлік және әлеуметтік желілердің парақшаларында (facebook.com/karsportpress, instagram.com/karsportregion) қарағандылық спортшылардың жетістіктері, алдағы және өткізілген спорттық іс-шаралар туралы ақпарат жарияланып отыр. 2019 жылы жаңалықтар ғаламтор-порталдарында және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында спорттық тақырыпта мыңға жуық мақала жарияланды. Республикалық және облыстық телеарналарда өңірде өткізілетін жарыстар, қарағандылықтардың республикалық және халықаралық ареналардағы жеңістері туралы 500-ге жуық сюжет шықты. Жоғары рейтингке ие "Сарыарқа" облыстық телеарнасында "Арена" және "Жеңімпазбен таңғы ас" атты бағдарламалары (екі тілде) тұрақты түрде шығады. Қарағандылық спортшылар апта сайын "Жаңа теледидар" телеарнасында көрсетілетін "Ударный час" бағдарламасының кейіпкерлеріне айналуда. 5-ші арнада ай сайын "Қарағанды спортының 100 есімі" атты бағдарлама шығады, онда Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы Қарағанды өңіріндегі спорттың даму тарихы нақты жеке мысалдар арқылы көрсетіледі. Жобаның басты міндеті – салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дәріптеу, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты, үлгі боларлықтай табысқа жеткен жерлестерге деген мақтаныш сезімін ұялату, туған өлкесінің тарихын құрметтеу, жан-жақты жақсаруға жігерін ынталандыру болып табылады.
Kazakh TV "Sport nation" ("Хабар" ұлттық телекомпаниясы) телеарнасында тұрақты түрде қарағандылық спортшылардың жетістіктері, спорт мектептері туралы сюжеттердің түсірілімі, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысымен сұхбат ұйымдастырылады. Сондай-ақ, "Әлем" халықаралық телекомпаниясының бағдарламасы үшін Г.Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысы, аймақтағы бокс және басқа да спорт түрлерін дамыту туралы бағдарламалар шығып отыр. Қарағандылық спортшылар "Qazsport" телеарнасының "Спорттық аймақ" бағдарламасының кейіпкеріне айналды, сондай-ақ осы телеарнада облыста өткізілетін ірі жарыстардың тікелей көрсетілімдері ұйымдастырылды, маңызды біріншіліктер туралы жаңалықтар шықты.
"Сандық Қазақстан" бағдарламасын іске асыру мақсатында 2019 жылы жаңа eSPORTkrg.kz ғаламтор-порталы, eSPORTkrg мобильді қосымшасы жұмыс істей бастады, оның көмегімен кез-келген адам аймақта болатын алдағы іс-шаралар, спорт мектептері, федерациялар мен клубтар туралы барлық ақпаратты, олардың жұмыс кестесін біле алады, жаттықтырушылар туралы мәліметтер ала алады, спорт нысандары, спорт секцияларының орналасқан жерлері көрсетілген электрондық картаны көре алады және баланы тіркеуге өтініш бере алады. Бұл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен WTO ақпараттық жүйелер орталығының сынамалы жобасы. Яғни, қарағандылықтарға спортпен айналысу үшін жан-жақты мүмкіндіктер беріледі, өзін-өзі жаздыру, кеңес алу, қайтарма байланыс, спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысуына ынталандыру, халықтың ақпаратқа ашық қолжетімділігі сияқты сервистерін алу мүмкіндігі ұсынылады.
1) Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу;
2019 жылдың 12 айында барлығы 6 қызмет (2018 жылдың 12 айында – 7 қызмет) көрсетілді.
2) "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер", 1-ші разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санаттағы жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санаттағы әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы нұсқаушы-спортшы, бірінші санаттағы спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру;
2019 жылдың 12 айында барлығы 1 324 қызмет (2018 жылдың 12 айында "мамандандырылған" 1 353 қызмет) көрсетілді.
3) спорт мектептеріне "мамандандырылған" және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру;
Басқарма 2019 жылдың 12 айында 4 қызмет (2018 жылдың 12 айында – 1 қызмет) көрсетті.
4) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру.
Ведомствоға қарасты спорт мектептері 2019 жылдан бастап келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
1) республикалық олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне және спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарға құжаттар қабылдау;
2019 жылдың 12 айында барлығы 159 қызмет көрсетілді.
2) Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау.
2019 жылдың 12 айында барлығы 2 593 қызмет көрсетілді.