Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша құқықтық оқыту

ХАТТАМА

 

Қарағанды қаласы                                                                       17 ақпан 2025 жыл                                                                  

16 сағ.05 мин.

 

Өткізу орны: Н.Әбдіров атындағы спорт кешені

Қатысқандар:

  1. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшы орынбасарының м.а. Н.Ж. Әшірбек
  2. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары.

 

Күн тәртібі:

 

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік шаралары туралы түсіндіру.
  2. 24.01.2025 жылғы ҚазақстанРеспубликасыСыбайласжемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)Қарағандыоблысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықжәнебасқа да заңбұзушылықтаржасауғаықпал еткен мән-жайларды жоюжөніндегідепартаментінің (ҚРҚПК-нің 200-бабыныңтәртібімен)ұсынымынқатысушылардыңназарынажеткізу.
  3. Проблемалық мәселелерді талқылау.

 

 Сөз сөйледі:

  1. Кадр мәселелері бойынша бас маман  – Ж.Т. Жакаева

  

            Семинар барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың құқықтық салдары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары және т. б. сұрақтар түсіндірілді.

     Сонымен қатар, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

 

Түсіндіру нәтижелері бойынша келесі шешімдер қабылданды:

 

  1. Баяндамашы айтқан ақпаратты назарға алу;
  2. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының барлық мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың талаптарын қатаң сақтауға, мемлекеттік қызметтің беделін түсіруге, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға қабілетті іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге; 
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындаған жағдайда Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының тікелей басшысына немесе басшысына дереу хабарлау;
  4. Барлық мамандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзғаны үшін дербес жауапкершілік туралы ескерту.

 

Басшы орынбасарының м.а.                                                     Н. Әшірбек

 

 

           Хаттама жүргізді:

           Кадр мәселелері бойынша бас маман                                               Ж.  Жакаева

          

 

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша құқықтық оқыту
Дата публикации
18 марта 2025