«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (100000, Бұқар жырау даңғылы, 53 үй, анықтама үшін телефон 8 (7212) 50-71-19, электрондық пошта: Zh.zhakayeva@krg.gov.kz) Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер «Дәулет» мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның негізгі қызметі: Тәрбиеленушілердің дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, қосымша білімнің білім беретін оқу бағдарламасын жүзеге асыру, балалардың, жеткіншектердің және жастардың арасында олардың денсаулығын нығайту және дене шынықтыруды дамытуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмыстарын жүзеге асыру. Кәсіпорын қызметінің мақсаты: балалар мен жасөспірімдерді спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту, балалардың спорттың белгілі бір түріне қабілеттілігін анықтау, қайраттылыққа, адамгершілікке және ерік-жігерлі болуға тәрбиелеу.
Функционалдық міндеттері: мекеменің Жарғысына сәйкес жалпы басшылық жасау және коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі): "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық.
Мамандығы бойынша, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Білім туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, педагогика негіздерін, психология және физиология, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар, Жарғыға сәйкес кәсіпорын қызметінің мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін білуі қажет.
Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар: (қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген), лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтамасы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланымынан кейінгі келесі жұмыс күнінен есептелетін 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары) ұсына алады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш күнтізбелік күннің ішінде әңгімелесуден өтеді.