2019 жылғы бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы бұл есеп Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №629 бұйрығымен бекітілген бюджеттік мониторингті жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес келесі бағдарламалар бойынша құрастырылған:
2) 2019 жылға арналған қаржыландыру жоспары бойынша 75 039,0 мың теңге сомасында шығыс көзделген болса, жоспарды орындау 75 035,7 мың теңгені немесе 100,0% құрайды. Қаржыландыру жоспарынан 0,3 мың теңгеге кему жағына ауытқу еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу есебінен және 3,0 мың теңге - жоспардан қаражат қалдығы есебінен қалыптасты.
3) Тікелей нәтиже көрсеткіштері:
- Біліктілікті арттыру, кадрларды қайта даярлау.
Біліктілікті арттыруды жоспарланғаны - 7 адам және іс жүзінде біліктілігін арттырғаны - 5 адам;
- Басқарманың алқа мәжілісін өткізу (тоқсан сайын).
Жоспарланғаны және нақты өткізілгені - 4 іс-шара;
- Құқықтық жаппай оқытуды жүргізу.
Жоспарланғаны 12 іс-шара және олар нақты өткізілді;
Жоғарыда көрсетілген тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынаста 94,3% көрсетті.
Жоспарланған 12 іс-шара болса, нақты өткізілгені 12 іс-шара. Ауытқу атақтар мен разрядтар беруге құжаттарын тапсырумен байланысты болды. Бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынаста нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдау 100,0% көрсетті.
Жоспарланғаны 2 спортшы және барлығына нақты төленді.
Нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдау бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынаста 100% көрсетті.
Бұл бағдарламаның аясындағы іс-шаралар Басқарма аппараты қызметін қамтамасыз етуге бағытталып, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін бекітілген штаттық кестеге сәйкес саны 17 бірлік, ұсынылатын біліктілік талаптарына, басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың өтініш-тілектерін қарастыруға сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен бейімі жаңартылып, тереңдетіліп отырады.
4) осы бюджеттік бағдарлама бойынша кейінгі үш жыл ішіндегі бюджеттік қаражаттарды игерудің динамикасы:
- 2017 жылы қаржыландыру жоспары 72 221,0 мың теңге, нақты игерілгені 72 212,4 мың теңге;
- 2018 жылы қаржыландыру жоспары 78 495,0 мың теңге, нақты игерілгені 78 437, 7 мың теңге болып, бұл 99,9% құрады;
- 2019 жылы қаржыландыру жоспары 75 039,0 мың теңге, нақты игерілгені 75 035,7 мың теңге болып, ол 100% құрады;
5) 2019 жылдың басында дебиторлық берешек 7,5 мың теңге болды, ол қоршаған ортаны ластағаны үшін артық аударылған сома болып шықты;
- есепті кезеңнің соңында дебитор берешек жоқ.
- 2019 жылғы кредиторлық берешек жоқ.
2) 2019 жылға қаржыландыру жоспары бойынша 34 588,0 мың теңге шығыс сомасы қарастырылған, жоспарды орындау 34 586,7 мың теңгені немесе 100% құрады. Қаржыландыру жоспарының ауытқу соммасы 1,3 мың теңге дөңгелектеу есебінен жинақталды.
3) Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері:
- Іс-шара саны. Жоспарланғаны және өткізілгені 119 іс-шара. Бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынаста тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдау 100,0%.
Соңғы нәтиже:
- Қатысушылар саны 54 765 адамның қатысуы жоспарланған, нақты 54 765 адам қатысты.
Бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралар облыста дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамытуға, халықтың барлық топтары арасында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмысты жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауларын іске асыруға; салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде спорттық іс-шараларды өткізу кезінде дене шынықтыру мен спортты насихаттауға бағытталған; халықтың дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілерін енгізу, сол арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ете отырып, зиянды әдеттерден, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, балалар қылмысынан алшақтатып, дені сау ұлтты, дені сау ұрпақты қалыптастыру.
4) осы бюджеттік бағдарлама бойынша кейінгі үш жыл ішіндегі бюджеттік қаражатты игерудің динамикасы:
- 2017 жылы қаржыландыру 26 606,0 мың теңге жоспарланып, нақты игерілгені 26 593,6 мың теңге болып, 99,95% құрады;
- 2018 жылы қаржыландыру 31 125,0 мың теңге жоспарланып, нақты игерілгені 31 124,8 мың теңге болып, 99,9% құрады.
- 2019 жылы қаржыландыру 34 588,0 мың теңге жоспарланып, нақты игерілгені 34 586,7 мың теңге болып, 100% құрады;
5) дебиторлық және кредиторлық берешек:
2019 жылдың басында дебиторлық берешек жоқ.
2019 жылдың басында кредиторлық берешек жоқ.
- 2019 жылға дебиторлық және кредиторлық берешек жоқ.
2) 2019 жылға арналған қаржыландыру жоспары бойынша 6 460 524,0 мың теңге шығыстар көзделген, бюджеттік бағдарлама бойынша жоспардың орындалуы 6 460 480,3 теңге болды, немесе 100%. Қаржыландыру жоспарынан 43,7 мың теңгеге азайып, ол дөңгелектеудің есебінен болды.
3) тікелей нәтиже көрсеткіші:
- Республикалық, халықаралық жарыстарға қатысушылардың жоспарлы саны.
Жоспарланғаны және нақты қатысқаны 3 278 адам. Көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау пайызға тікелей қатынастың нәтижесі бюджеттік қаражаттарды игерудің 100,0% екенін көрсетті.
- Оқу-жаттығу жиындарына қатысушылардың жоспарлы саны.
Жоспарланғаны 1 160 адам, нақты қатысқаны 1 505 адам. Көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау пайызға тікелей қатынастың нәтижесі бюджеттік қаражаттарды игерудің 129,7% екенін көрсетті. Спартакиадалар мен жарыстардың сәтті өтуіне байланысты өсу жағына ауытқу қалыптасты.
- Облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу.
10 іс-шара жоспарланған және өткізілді. Бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынаста көрсеткішке қол жеткізуді талдау 100% көрсетті.
Соңғы нәтиже:
978 медаль жеңіп алу жоспарланған, нақты жеңіп алынғаны 978. Көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау пайызға тікелей қатынастың нәтижесі бюджеттік қаражаттарды игерудің 100,0% екенін көрсетті.
Бұл бюджеттік бағдарламаның аясында орындалатын іс-шаралар облыс құрама командалары үшін спорт түрлері бойынша олимпиада резервтерін дайындау, республикалық, халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу, халық арасында патриоттық тәрбие беру және дене шынықтыру мен спортты насихаттау, құрама командалар спортшыларының шеберлігін дамыту және арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау.
4) осы бюджеттік бағдарлама бойынша кейінгі үш жыл ішіндегі бюджеттік қаражатты игерудің динамикасы:
- 2017 жылы қаржыландыру 5 243 335,0 мың теңге жоспарланып, нақты игерілгені 5 243 332,9 мың теңге, 100% құрады;
- 2018 жылы қаржыландыру 5 490 310,0 мың теңге жоспарланып, нақты игерілгені 5 490 300, 4 мың теңге, 99,9% құрады.
- 2019 жылы қаржыландыру 6 460 524,0 мың теңге жоспарланып, нақты игерілгені 6 460 480,3 мың теңге, 100% құрады;
5) дебиторлық және кредиторлық берешек:
-2019 жылдың басында дебиторлық берешек 2 191,4 мың теңгені құрады;
- есепті кезеңнің соңындағы дебиторлық берешек -13 367,8 мың теңге;
2019 жылдың басында 2019 жылға кредиторлық берешек жоқ.
2) 2019 жылға қаржыландыру жоспары бойынша шығыстар 34 230 мың теңге сомасында көзделді, жоспардың орындалуы 34 228,1 мың теңгені немесе 100% құрады. Қаржыландыру жоспарынан азаю жағына қарай ауытқу мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу есебінен қалыптасты.
3)Тікелей нәтиже көрсеткіштері:
6 компьютер сатып алу жоспарланған және 19 сатылып алынды.
Автокөлікті сатып алу.
1 автокөлік жоспарланып, сатып алынды.
6 - көпфункционалды құрылғылар сатып алу жоспарланған және ол сатылып алынды.
10 дана жоспарланып, нақты сатылып алынды.
- Принтерлер сатып алу.
Жоспарланған -1 және 6 принтер сатып алынды.
- Қатты дискілерді сатып алу.
3 қатты диск жоспарланған және сатып алынған.
- Маршрутизаторларды (модемдерді) сатып алу.
Жоспарланған - 5 дана және 1 маршрутизатор (модем) сатып алынды.
- Түрлі-түсті принтер үшін қосалқы бөлшектер сатып алу.
1 - жоспарланды және түрлі-түсті принтер үшін 0 қосалқы бөлшектер сатып алынды.
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынаста 146,3% көрсетті.
Кеңсе жабдықтары мен материалдық емес активтерді сатып алу – 41 бірлік техника.
Бюджет қаражаттарын игеру пайызына қатысты түпкілікті нәтижеге қол жеткізуді талдау 124,2% көрсетті. Ұлғаю жағына ауытқу шығыстардың басқа баптары бойынша үнемдеу есебінен қалыптасты.
Бұл бюджеттік бағдарлама аясындағы іс-шараларды орындау Басқарма аппаратының жұмыс үдерісінің сапалы атқарылуы үшін жағдай жасау мақсатында материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталады.
4) осы бюджеттік бағдарлама бойынша кейінгі үш жыл ішіндегі бюджеттік қаражатты игерудің динамикасы:
- 2017 жылы қаржыландыру 8 270,0 мың теңге жоспарланып, нақты игерілгені 8 270,0 мың теңге, 100% құрады.
- 2018 жылы қаржыландыру 9 866 мың теңге жоспарланып, нақты игерілгені 9865,4 мың теңге, 99,9% құрады.
- 2019 жылы қаржыландыру жоспары 34 230 мың теңгені құрады, нақты игерілгені 34 228,13 мың теңге немесе 100%.
5) 2019 жылы бұл бағдарлама бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек болған жоқ.
1) 285 006 «Спорт саласында балаларға және жасөспірімдерге қосымша білім».
- Спорт мектептерінде оқитындардың саны.
Оқушылар саны 19 506 адамға жоспарланып, нақты оқытылды. Көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау пайызға тікелей қатынастың нәтижесі бюджеттік қаражаттарды игерудің 100,0% екенін көрсетті.
- Спорттық іс-шараларға қатысушы оқушылардың саны.
Спорттық іс-шараларға қатысатын оқушылардың жоспарланған саны – 14 845 адам, нақты қатысқандар - 16 369 адам.
Бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынаста көрсеткішке қол жеткізуді талдау 110,3% көрсетті. Өсу жағына ауытқу спорт мектептеріне түсушілердің өсуіне байланысты қалыптасты.
1 631 іс-шараға қатысу жоспарланған, іс жүзінде 1 859 іс-шараға қатысты. Көрсеткішке қол жеткізуді талдау бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынаста 114% көрсетті. Федерациялармен бірлесіп жұмыс істеуге және іс-шаралардың ұлғаюына байланысты өсу жағына ауытқу.
6 объектіде жоспарлы және нақты жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көрсеткіштің бюджет қаражатын пайдалану пайызына қатысты қол жеткізген нәтижелеріне талдау 100% көрсетті;
3 000 сағатқа жоспарланған және нақты жалға алынған мұз. Көрсеткіштің бюджет қаражаттарын пайдалану пайызына қатысты қол жеткізген нәтижелеріне талдау 100% көрсетті;
- Қазандықты орнату бойынша қызмет көрсетулер.
Қазанды орнату бойынша бір қызмет көрсету жоспарланған және ол нақты көрсетілді. Көрсеткіштің бюджет қаражаттарын пайдалану пайызына қатысты қол жеткізген нәтижелерін талдау 100% көрсетті.
Соңғы нәтиже:
- Дәрежелер мен атақтарды тағайындау.
Дәрежелер мен атақтар бойынша: ҚР спорт шебері – 109 адамға беру жоспарланса, нақты алғаны 139 адам болды. Көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау пайызға тікелей қатынастың нәтижесі бюджеттік қаражаттарды игерудің 127,5% екенін көрсетті.
Спорт шеберлігіне үміткер - жоспарланғаны 473 адам, нақты тағайындалғаны - 762 адам болды. Көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау пайызға тікелей қатынастың нәтижесі бюджеттік қаражаттарды игерудің 161,1% екенін көрсетті.
Бірінші спорттық дәреже - жоспарланғаны 329 адам, нақты алғаны 351 адам. Көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау пайызға тікелей қатынастың нәтижесі бюджеттік қаражаттарды игерудің 106,7% екенін көрсетті.
Соңғы нәтиженің ауытқуы жарыстарда табысты өнер көрсетіп, спортшылардың шеберлігінің артуымен байланысты болды.
Осы бюджеттік бағдарлама аясындағы іс-шараларды орындау оқушылардың таңдаған спорт түрімен айналысуы үшін қолайлы жағдай жасауға және спорт резервін дайындауды қамтамасыз етуге және мамандандырылған мектептерде, мамандандырлған олимпиадалық резерв мектептерінде, жоғары спорт шеберлігі мектептерінде халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуге, оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тартуға, сапалы оқу үдерісі мен жаттығу сабақтарын ұйымдастыруға, жастар арасында олардың денсаулығын нығайту мен дене күшінің жан-жақты дамуы үшін дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруға, спорттық іс-шараларға қатысуына жағдай жасауға бағытталады, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жағдай жасау, «Мүгедек спорттың мамандандырылған спорт мектебі» КМК жөндеу, қосымша білім беру бағдарламаларын (Ә.Молдағұлова атындағы ОРОММИК, ОРОМБЖМ арнаулы спорт мектебінің жұмысын қамтамасыз ету) жүзеге асыру.
- 2017 жылғы қаржыландыру жоспары 2 921 236,0 мың теңге болып, оның нақты 2 919 849,1 мың теңгесі игерілді, бұл 99,5% құрады;
- 2018 жылы жоспар бойынша 3 417 078 мың теңге болып, оның нақты 3 416 737,6 мың теңгесі игерілді, бұл 99,9% құрады.
- 2019 жылғы қаржыландыру жоспары 3 990 342,0 мың теңге болып, оның нақты 3 989 669,6 мың теңгесі игерілді, бұл 100% құрады.
5) Дебиторлық және кредиторлық берешек:
- дебиторлық берешек 2019 жылдың басында есепті мерзім ішінде 190,7 мың теңгені құрады, оның ішінде:
- есептік кезеңнің соңында берешек 8 563,2 мың теңгені құрады.
- кредиторлық берешек 2019 жыл басында 190,7 мың теңгені құрады, оның ішінде:
- есепті кезеңнің соңында 991,3 мың теңгені құрады.
1) 285 007 «Мамандандырылған білім беру ұйымдарында спорттағы дарынды балаларға жалпы білім беру».
2) 2019 жылғы жоспар бойынша 723 974,0 мың теңге шығыс сомасы көзделген, бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландыру жоспарын орындау 723 962,47 мың теңгені құрады немесе 99,9% болды. Қаржыландыру жоспарынан ауытқу 11,5 мың теңге олардың ішінде: 3,3 мың теңге - еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу, 8,2 мың теңге - дөңгелектеу есебінен болды.
3) Тікелей нәтиже көрсеткіші:
- Интернатта оқитын оқушылардың саны.
Интернатта оқитын оқушылардың жоспарланған саны - 482 адам, іс жүзінде оқығаны - 452 адам. Көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау пайызға тікелей қатынастың нәтижесі бюджеттік қаражаттарды игерудің 97,3% екенін көрсетті. Ауытқу оқу нәтижелері мен медициналық көрсеткіштер бойынша оқудан шығаруға байланысты болды.
- Мектеп-интернаттың спортшылары қатысқан және жоспарланған ұлттық және халықаралық жарыстардың саны.
Жоспарланған саны - 320 іс-шара, нақты қатысқаны - 459 іс-шара. Көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау пайызға тікелей қатынастың нәтижесі бюджеттік қаражатты игерудің 143,4% екенін көрсетті. Ауытқу федерациялармен бірлескен жұмысқа байланысты.
Соңғы нәтиже:
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына енгізілген жасы бойынша қатысушылар саны. Жоспарланған саны - 130 адам, нақтылы құрамаға кіргені -135 адам. Көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау пайызға тікелей қатынастың нәтижесі бюджеттік қаражаттарды игерудің 103,8% екенін көрсетті.
Соңғы нәтиженің ауытқуы жарыстарда табысты өнер көрсетуге байланысты пайда болды.
Бұл бюджеттік бағдарлама аясындағы іс-шаралар оқушылардың жалпы білім беру үрдісіндегі пәндерінен жақсы үлгерімге жетуіне және таңдаған спорт түрімен табысты айналысуға, оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде айналысуға тартуға, сапалы оқу үдерісі мен жаттығу сабақтарын ұйымдастыруға, жастар арасында олардың денсаулығын нығайту мен дене күшінің жан-жақты дамуы үшін дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруға, спорттық іс-шараларға қатысуына қолайлы жағдай жасауға бағытталады.
4) бюджеттік қаражаттарды игеру динамикасы:
- 2017 жылы қаржыландыру жоспары 523 064,0 мың теңге болса, нақты игерілгені 522 955,2 мың теңге болып, атқарылуы 99,9%-ды құрады;
- 2018 қаржыландыру жоспары 598 469,0 мың теңге болса, нақты игерілгені 598 459,7 мың теңге болып, шын мәнінде 99,9%-ды құрады.
- 2019 қаржыландыру жоспары 723 974 мың теңге болса, нақты игерілгені 723 962,5 мың теңге болып, атқарылуы 100,0% құрады;
5) осы бағдарлама бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер жоқ.
1) 285 032 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары».
2) 2019 жылға арналған қаржыландыру жоспары бойынша шығыстар 101 924,0 мың теңге сомасында көзделген, жоспардың орындалуы 101 690,0 мың теңгені немесе 99,8% құрады. Қаржыландыру жоспарынан 234,0 мың теңгеге ауытқу - дөңгелектеу есебінен болды.
3) Тікелей нәтиже көрсеткіштері:
спорттық жабдықтар мен спорттық мүкәммал сатып алу.
781 дана сатып алу жоспарланған және нақты сатып алынды. Бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынаста тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдау 100,0% көрсетті.
Оқулықтар сатып алу.
- Ә.Молдағұлова атындағы ОРОММИК КМК оқушыларына 3 388 дана оқулық сатып алу жоспарланған және іс жүзінде 3 381 оқулық сатып алынды. Бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынаста көрсеткішке қол жеткізуді талдау 99,8% көрсетті. Төмен қарай ауытқу оқулықтар бағасының өсуіне байланысты болды.
Автокөлік қозғалтқышын ауыстыру.
- автокөліктің 1 қозғалтқышын ауыстыру жоспарланған және іс жүзінде автокөліктің 0 қозғалтқышы ауыстырылды. Көрсеткішке қол жеткізуді талдау бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынасында 0% көрсетті. Азаю жағына қарай ауытқу "Жүзуден олимпиадалық резервтің ЖБМ" КМҚК-ның сот талқылауларына байланысты қалыптасты.
Кір жуатын машиналарды сатып алу.
- 3 кір жуғыш машина жоспарланған және нақты сатып алынды. Бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынаста көрсеткішке қол жеткізуді талдау 100% көрсетті.
Медициналық пунктті жарақтандыру.
– 35 бірлік медициналық техника сатып алу жоспарланған және 38 бірлік медициналық техника жарықтандырылған. Бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынаста көрсеткішке қол жеткізуді талдау 108,6% көрсетті. Ұлғаю жағына ауытқу шығыстардың басқа баптары бойынша үнемдеу есебінен қалыптасты.
Жабдықталған спорт кабинеттері.
- 2 спорт кабинеті жоспарланған және нақты жабдықталған. Көрсеткішке қол жеткізуді талдау бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынаста -100% көрсетті.
Қазандық сатып алу.
соңғы нәтиже:
- күрделі шығыстарға қаражат бөлінген ведомстволық бағынысты ұйымдардың саны - 1 мектеп.
Компьютерлер сатып алу.
- 0 дана компьютер жоспарланған және іс жүзінде 30 дана компьютер сатып алынды. Ұлғаю жағына ауытқу мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен қалыптасты, техникалық жарақтандыру қолда бар қажеттілікке сәйкес қосымша сатып алынды.
Принтерлер сатып алу.
- 0 сатып алу жоспарланған және іс жүзінде - 6 принтер сатып алынды.
Көпфункционалды құрылғыларды сатып алу.
- Көпфункционалды құрылғылардың 0 данасы жоспарланған және нақты сатып алынғаны - 19 дана.
Соңғы нәтиже:
Күрделі шығыстарға қаражат бөлінген ведомстволық бағынысты ұйымдардың саны. Жоспарланған саны - 12 бірлік, нақты бөлінгені - 18 бірлік мектеп. Бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынаста түпкілікті нәтижеге қол жеткізуді талдау 150,0% көрсетті.
Соңғы нәтиженің ауытқуы жарыстарға табысты қатысуға байланысты қалыптасты.
Осы бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралар сапалы оқу-жаттығу процесін өткізу үшін жағдай жасау, таңдап алынған спорт түріне қызығушылық, олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту, спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау мақсатында материалдық-техникалық базаны нығайтуға, сондай-ақ "Мүгедектер спорты бойынша ОСМ" КММ-де мүгедектер арасында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын адамдарды дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.
4) Бюджет қаражаттарын игеру динамикасы:
- 2017 жылы қаржыландыру жоспары 268 043,0 мың теңгені құрады, іс жүзінде 268 027,8 мың теңге игерілді, бұл 99,9%-ды құрады;
- 2018 жылы қаржыландыру жоспары 292 387 мың теңгені құрады, нақты игерілгені 291 473,5 мың теңге, ол 99,7 мың теңгені құрады%;
- 2019 жылы қаржыландыру жоспары 101 924,0 мың теңгені құрады, нақты игерілгені 101 690,0 мың теңге, бұл 99,8%-ды құрады.
5) осы бағдарлама бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек жоқ.
1) 285 113 «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер».
1) 2019 жылы қаржыландыру жоспары бойынша 65 095,0 мың теңге сомасында шығыстар көзделген болса, жоспардың орындалуы 65 095,0 мың теңгені құрап, 100% болды.
2) Тікелей нәтиженің көрсеткіштері:
Коммуналдық қызметтерді төлеуге қосымша қаражат бөлінген Осакаров ауданының ұйымдарының саны.
- Жоспарланған және нақты саны 1 объект.
Енгізілген нұсқаушы бірліктерінің саны жоспарланған және нақты енгізілген - 50 нұсқаушы штаттық бірлігі, оның ішінде:
- Абай ауданы - жоспарланған және нақты енгізілген - 3 штаттық бірлік;
- Ақтоғай ауданы - 2 штаттық бірлік жоспарланған және нақты енгізілген;
- Бұқар жырау ауданы - жоспарланған және нақты енгізілген - 11 штаттық бірлік;
Жаңаарқа ауданы - 8 штаттық бірлік жоспарланған және нақты енгізілген;
Қарқаралы ауданы - 10 штаттық бірлік жоспарланған және нақты енгізілген;
Нұра ауданы - жоспарланған және нақты енгізілген - 5 штаттық бірлік;
Осакаров ауданы - 2 штаттық бірлік жоспарланған және нақты енгізілген; Ұлытау ауданы - 2 штаттық бірлік жоспарланған және нақты енгізілген;
Шет ауданы - 7 штаттық бірлік жоспарланған және нақты енгізілген;
Бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынаста тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдау 100% көрсетті.
Түпкілікті нәтиже: ағымдағы нысаналы трансферттерді толық және уақтылы аудару
- 2017 жылы қаржыландыру жоспары 50 566,0 мың теңгені құрады, іс жүзінде 50 566,0 мың теңге игерілді, бұл 100%-ды құрады.
- 2018 жылы қаржыландыру жоспары 44 706,0 мың теңгені құрады, іс жүзінде 44 706,0 мың теңге игерілді, бұл 100%-ды құрады.
- 2019 жылы қаржыландыру жоспары 65 095,0 мың теңге, нақты игерілгені
65 095,0 мың теңге, ол 100%-ды құрады.
5) осы бағдарлама бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек жоқ.
1) 285 050 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер".
2) 2019 жылға арналған қаржыландыру жоспары бойынша шығыстар 139 024,0 мың теңге сомасында көзделді, жоспардың орындалуы 139 024,0 мың теңгені немесе 100,0%-ды құрады.
3) Тікелей нәтиже көрсеткіштері:
"Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберіндегі жобалар саны.
- Нұра ауданында іс-шаралар жоспарланды және іс жүзінде 1 іс-шара өткізілді. Бюджет қаражаттарын игеру пайызына арақатынаста тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдау 100,0% көрсетті.
- Ұлытау ауданында іс-шаралар жоспарланды және іс жүзінде 1 іс-шара өткізілді. Бюджет қаражатын игеру пайызына арақатынаста тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдау 100,0% көрсетті.
Бюджеттік бағдарламалар басшысы Р.Д.Қожабеков