«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (100000, Бұқар жырау даңғылы, 53 үй, анықтама үшін телефон 8 (7212) 50-71-19, факс 8 (7212) 507300, электрондық пошта: zh.zhakayeva@karaganda-region.gov.kz) Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жалын» облыстық мамандандырылған спорт мектебі» КМҚК коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның негізгі қызметі: Тәрбиеленушілердің дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, қосымша білімнің білім беретін оқу бағдарламасын жүзеге асыру, балалардың, жеткіншектердің және жастардың арасында олардың денсаулығын нығайту және дене шынықтыруды дамытуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмыстарын жүзеге асыру. Кәсіпорын қызметінің мақсаты: балалар мен жасөспірімдерді спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту, балалардың спорттың белгілі бір түріне қабілеттілігін анықтау, қайраттылыққа, адамгершілікке және ерік-жігерлі болуға тәрбиелеу.
Функционалдық міндеттері: кәсіпорынның Жарғысына сәйкес жалпы басшылық жасау және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның қызметін қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша.
Білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде педагогикалық еңбек өтілі сонғы 2 жыл немесе білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы және Ерекше бөлімдері), Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, психология және кадр менеджменті негіздерін, Жарғыға сәйкес кәсіпорын қызметінің мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін білуі қажет.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекіткен мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған резюме, еркін түрде жазылған өмірбаян, білімі туралы құжаттарының көшірмелері, еңбек кітапшасының (бар болса) немесе жеке еңбек шартының немесе соңғы жұмыс орнына қабылдаған және жұмыстан босатқан бұйрықтарының көшірмелері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде №21579 болып тіркелген) үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама ресми бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Кокурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпараттар (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелерін, сол сияқты алдыңғы жұмыс орнының басшысының кепілдемесін және т.б.) тапсыра алады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында конкурсқа қатысуға жіберілгендер тізімін бекіткен күннен бастап он күнтізбелік күннің ішінде әңгімелесуді өтеді.