Тұрғындарды, әсіресе өскелең ұрпақты дене шынықтырумен айналысуға тарту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында, 2021 жылдың желтоқсан айында Қарағанды облысында орталықтандырылған бұқаралық және балалар спорты орталығы құрылды.
Бұл ұйым жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасының үйлестірушісі болады. Естеріңізге сала кетейік, бұл республикалық жоба өткен жылдың мамыр айында басталған болатын. Бүгінгі күні спорттың 24 түрінен секциялар ашылды, олардың екеуі мүгедектерге арналған, онда 9000-нан (!) астам бала тегін жаттығады.
Назар аударыңыз! Осы бағдарламаға қызметтерді жеткізуші ретінде қатысуға шешім қабылдаған ұйымдары енді өз өтінімдерінде өтініш алушы ретінде Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бұқаралық және балалар спортын дамыту орталығы» КММ басшысының міндетін атқарушы тұлға Р.С.Аршкеновті көрсетуі тиіс.