Қарағанды облысының дене шынықтыру
және спорт басқармасы «Облыстық
мамандандырылған жеңіл атлетикадан
балалар мен жасөспірімдердің
олимпиадалық резерв мектебі» КМҚК-ны
қызметінің сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу,
мемлекеттік қызметтер көрсету,
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және
персоналды басқару қызметіне
тексеру жүргізу туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Облыстық мамандандырылған жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі» КМҚК-ны қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және персоналды басқару қызметіне текскеру жүргізілсін.
- Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Облыстық мамандандырылған жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі» КМҚК-ны қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және персоналды басқару қызметіне текскеру жүргізу үшін жұмыс тобының құрамы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін, сондай-ақ жауапты тұлға тағайындалсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу 2021 жылғы 28 сәуір - 11 мамыр аралығында жүргізілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілсін:
1) бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Тексеру жүргізуге жауапты жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде келісілген талдамалық анықтаманы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қарауына ұсынсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
Басшы Т. Абылаев
Орынд. Баграмова А.Ж.
50-71-08
___»______2021ж. бұйрығына
қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау
жүргізу жөніндегі жұмыс тобының
құрамы
- Абылаев Темірхан Серікбайұлы – жұмыс тобының төрағасы
Жұмыс тобының мүшелері
- Темирбаева Наталья Валериевна - Жоғарғы жетістіктер спорты және спорттық резерв бөлімінің басшысы
- Мухтарова Сабина Торкабаевна - Экономика және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
- Жакаева Жанна Толегеновна – персоналды басқару жөніндегі бас маманы
- Баграмова Алданыш Жанабаевна - ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы-заңгері.