Жоғары жетістіктер және спорт резерві бөлімі (одан әрі - Бөлім) «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің (одан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады, жоғарғы жетістік спорты мен спорттың олимпиадалық және олимпиадалық емес түрлері бойынша спорттық резервті даярлау мәселелері бойынша ақпараттық-талдау және кеңестік қамтамасыз етуді жүзеге асырады, ведомствоға бағынысты БЖСМ, ОРОМБЖМ, Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп- интернат-колледжінің, Олимпиада резервін даярлау орталығының, жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің, сонымен қатар кәсіби спорт клубтарының қызметтерін үйлестіреді.
1.1. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «ҚР Еңбек туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» заңдарын, Қарағанды облысының даму бағдарламасын, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының стратегиялық даму жоспарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өзге де нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімінің шешемдерін және өкімдерін, «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің басшысының бұйрықтарын басшылыққа алады.
1.2. Бөлім қызметкерлері бөлім бастығына тікелей бағынады және бөлім бастығының, Басқарма басшысы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес орындауға міндетті. Бөлім бастығы лауазымға Басқарма басшысының бұйрығымен тағайындалады және босатылады. Қызметкерлер мемлекеттік қызметшілер (бұдан әрі- жауапты қызметкерлер) болып табылады. Бөлім бастығы және жауапты қызметкерлер оларға лауазымдық нұсқаулықпен, функционалдық міндеттермен жүктелеген міндеттерді және Басқарма басшысы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын уақытылы, сенімді, сапалы және толық орындауға жауапты.
бойынша бөлім бастығының келісімімен бас маманға жүктеледі.
Басқарманың басқа бөлімшелерімен тығыз әрекеттестікте жүзеге асырады, атап айтқанда, ұйымдастыру, құқықтық және кадрлық жұмыс бөліміне барлық қажетті ақпаратты ұсынады.
2.1. Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
2.2. Басқарманың олимпиадалық және олимпиадалық емес түрлерін дамыту бойынша негізгі бағыттарын жасауға және жүзеге асыруға қатысады;
2.3 «Спорттық разрядтар мен санаттарды беру: спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты cпорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi» мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;
2.3. Облыс аумағында өтетін спорттың олимпиадалық түрлері бойынша халықаралық, республикалық, облыстық спорттық шараларды ұйымдастырып, өткізеді;
2.4. Спорт түрлері бойынша облыстың құрама командасын ұйымдастырады және даярлығын жүзеге асырады, олардың республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
2.5. Дене шынықтыру-бұқаралық, сауықтандыру шараларының және негізгі республикалық және халықаралық жарыстардың облыстық күнтізбелік жоспарларын әзірлеуді жүзеге асырады;
2.6. Дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және басқа құқықтық актілерін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді;
2.7. Олимпиадалық және спорттық қозғалысты насихаттау бойынша шараларды ұйымдастырып, өткізеді;
2.8. Денсаулық сақтау саласындағы құзыретті органдармен бірлесіп, фармакологиялық заттармен, нәруыз-глюкозалық дәрі-дәрмектермен және дәрумендермен қамтамасыз ете отырып, спортшылардың денсаулығын сақтау бойынша шараларды жүзеге асырады;
2.9. БЖСМ, ОРОМБЖМ, Әлия Молдағұлова атындағы ОМОРМИК, ОРДО, ЖСШМ, кәсіби спорт клубтарының спорттық резерв пен жоғары қатар спортшыларды даярлау мәселелері бойынша қызметтерін үйлестіреді.
2.10. Бөлімнің құзыретіне кіретін алқа отырысына, басқарма басшысы мен оның орынбасарларының жанындағы аппараттық маслихаттарға ендірілетін мәселелерді даярлайды.
2.11. Жоғары тұрған органдар мен Басқарманың шешімдерінің, қаулыларының,бұйрықтарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2.12. Ведомствоға бағынысты ұйымдарда спорттың жетекшілік ететін түрлерін дамыту бойынша талдау жүргізеді, қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды даярлайды;
2.13. Алқаның қарауына материалдарды енгізеді, БЖСМ, ОРОМБЖМ, Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп- интернат-колледжінің, Олимпиада резервін даярлау орталығының, жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің, кәсіби спорт клубтарының қызметкерлерін мәселелерді даярлауға қатысуға тартады.
2.14. Ведомствоға бағынысты ұйымдарға: БЖСМ, ОРОМБЖМ, Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп- интернат-колледжіне, Олимпиада резервін даярлау орталығына, жоғарғы спорт шеберлігі мектебіне басқарма мен жоғары тұрған органдардың қаулылары мен бұйрықтарын бағыттайды;
2.15. Есеп жүргізеді және спорт мамандарына еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жоғары біліктілік санатты спорт шебері, спорт мамандарына, олардың меншік нысанына қарамастан спорттық разрядтар: спорт шеберлігіне үміткер, I – разряд, біліктілік санаттарын беру бойынша материалдарды даярлайды;
2.16. Қазақстан Республикасының, Әлемдік, Олимпиада ойындарының және Қазақстан Республикасының спортшыларының жоғары жетістіктері спорттық рекордтар кітабын жүргізеді;
2.17. Басқарма басшысы мен оның орынбасарына облыстағы оқу-спорттық жұмыстың дамуы мен жағдайын сипаттайтын материалдарды даярлайды;
2.18. Спорттық-бұқаралық шараларды, жарыстарды, соның ішінде облыстық спартакиадаларды өткізу бағдарламасы мен ережесін әзірлейді.
2.19. Спорт мектептеріндегі дене шынықтыру және спорттың негізгі көрсеткіштері бойынша статистикалық мәліметтердің талдауын жүргізеді, мемлекеттік органдарға қорытынды материалдарды, жинақ есепті ұсынады.
2.20. Жоғары жетістіктер спортын насихаттауды жүзеге асырады;
2.21. Ведомствоға бағынысты ұйымдарда тәрбие жұмыстарын өткізуді қамтамасыз етеді.
2.22. Басшымен мәслихат барысындағы бөлімге берген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуына жауапты.
3.1 Спорт мектептеріндегі спорттық резервті даярлау мен жоғары жетістіктер спортын дамыту бойынша директивті құжаттарды орындау;
3.2.Облыс аумағында спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спорттық шараларды ұйымдастыру;
3.3. Спорттық шараларды түзіп, үйлестіру;
3.4. Облыстың құрама командасын спорттың олимпиадалық түрлері бойынша республикалық және халықаралық жарыстарға ұйымдастырып, жіберу;
3.5. Біліктілік санаттарды, спорттық атақтарды, разрядтарды беру бойынша жұмыс;
3.6. Спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының тізімін жасау;
3.7. Спорт түрлері бойынша негізгі спорттық жарыстардың облыстық күнтізбесін жасау;
3.8. Ведомствоға бағынысты ұйымдарда оқу ісінің меңгерушілерімен, әдіскерлермен бірігіп жыл бойы оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру бойынша семинар-кеңестерді ұйымдастырып, өткізу;
3.9. Облыс спортшыларының жоғары спорттық жетістіктерін есепке алу журналын жүргізу;
3.10. Облыс спортшыларының халықаралық жарыстарға қатысуын есепке алу журналын жүргізу;
3.11. Спорт түрлері бойынша облыстық федерациялардың жұмыстарына қатысу;
3.12. Спорттық нәтижелер бойынша спорт мектептерінің жұмыс рейтингісін жасау және күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша ең үздіктерді анықтау;
3.12. Жыл сайынғы есептер жинағын жасау.
4.1.Бөлімнің жауапты тұлғалары:
- лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес оларға жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауапты болады;
- Басқарма басшысының, орынбасарының және бөлімнің тапсырмаларын орындайды;
4.2. Жауапты тұлғалар өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында бөлімнің осы ережемен белгіленген өкілеттілігіне сәйкес, құқылы:
- қызметтерінің саласы аясында мәслихаттарға, басқарма басшысымен және оның орынбасарымен өткізілетін басқа да шараларға қатысуға;
- басқарма басшысы мен орынбасарының тапсырмасы бойынша басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға;
- өздерінің лауазымдық міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін бөлім қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5.1. Бөлімді бөлімінің басшысы басқарады, ол лауазымға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма басшысының бұйрығымен тағайындалады және босатылады;
5.2. Бастық төмендегі функцияларды орындайды:
1). жұмыс жоспарына сәйкес жұмысты ұйымдастырады;
2). бөлім қызметін жалпы басшылыққа алады;
3). Басқарма бөлімінің қызметін ұйымдастырады;
4).бөлімнің ведомствоға бағынысты ұйымдармен, облыстық департаменттермен, басқармалармен және комитеттермен өзара әрекеттестігін ұйымдастырады;
5). бөлімнің жұмысын жоспарлайды және оның орындалуын бақылайды;
6). Басқарма алқасында қаралатын жұмыс жоспарлары мен материалдарды даярлайды;
7). бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады;
8). спорт түрлері бойынша федерациялармен, облыстың жаттықтырушыларымен байланысты қамтамасыз етеді;
9). ведомстволық бағыныстағы спорт мектептерінің оқу-спорттық жұмысын бақылап, негізгі бағыттарын анықтайды, олардың мүдделерін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға ұсынады;
10). спорттық резервті даярлау жоспарында біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді, жоғары спорттық шеберлік жүйесін жетілдіру, спорттың олимпиадалық түрлері бойынша облыстың құрама командаларын даярлау мәселелері бойынша ақпараттық-талдау және кеңестік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
11).мүдделі дене шынықтыру-спорттық ұйымдармен бірлесіп, облыс аумағында өткізілетін облыстық, республикалық біріншіліктерді, чемпионаттарды және халықаралық шараларды әзірлеп, дайындап және өткізу бойынша, оқу-жаттығу жиындарын, облыстың құрама командаларының ҚР Біріншіліктеріне, ҚР чемпионаттарына және халықаралық жарыстарға қатысуы бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
12). спорттың олимпиадалық түрлері бойынша күнтізбелік жоспардың орындалуын бақылайды;
13). спорттық жетістіктердің есебін жүргізеді және талдау жасайды;
14). спорт мектептерінің жылдық статистикалық есебін қалыптастыру мәселелері;
15).спорттық ұйымдардың жаттықтырушы-оқытушылық құрамына, әдіскерлеріне (нұсқаушыларына), төрешілік санаттарды, облыстың спортшыларына ЕССШ, ХДСШ, ҚР СШ спорттық атақтарды және СШҮ, 1-разряд біліктілік санаттарды беру бойынша жұмыс жасайды;
16).қажетті тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылайды, бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді, басқарма басшысына оларды марапаттау және оларға тәртіптік жаза қолдану бойынша ұсыныс енгізеді.
17) бөлімнің берілетін барлық ақпараттарының мағынасына жауапты болады.