1.1 Ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімі «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2 Ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, Еңбек кодексін, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» заңдарын, Қарағанды облысының даму бағдарламасын, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының стратегиялық даму жоспарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өзге де нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімінің шешемдерін және өкімдерін, «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің басшысының бұйрықтарын басшылыққа алады.
1.3 Ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімі өз қызметін «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және тек «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қатысты шешімдерді қабылдауға құқығы жоқ.
1.4 Ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімі қызметін «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басқа да бөлімшелерімен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асыруға міндетті.
Ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
2.1 Басқарманың басқа бөлімдерімен бірігіп дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен семинарларды мен оқытудың басқа түрлерін және тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.
2.2 «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау.
2.3 «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басқару органдарына оның қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету ісінде құқықтық көмек көрсету.
2.4 Құқықтық актілерді даярлауда ұйымдастырушылық және әдістемелік басқаруды жүзеге асыру.
2.5 Құқықтық тұжырымдарды даярлау және кеңес беру жұмысы.
2.6 Шарттық, кінәрат және талап жұмыстарын жүзеге асыру.
2.7 Қазақстан Республикасы Министрліктері мен облыс әкімдігінің тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындыларды, «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ құзыретіне қатысты мәселелер бойынша өтініштерді, хаттарды, ұсыныстарды даярлауды жүзеге асыру.
2.8 Ведомстволық бағынысты ұйымдарға «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және жоғары тұрған органдардың қызметіне қатысты қаулылар мен бұйрықтарды жіберу.
2.9 «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ жүктелген спорт саласындағы басқа функцияларды жүзеге асыру.
Ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
3.1 Аппараттық кеңестерді, Басқарма басшысының, Басқарма алқасының баяндамаларын даярлау.
3.2 Дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органға, әкімге және жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына, облыс әкіміне облыста дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша, туризм, дене шынықтыру және спорт саласында статистикалық мәліметтерді (тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық есептер) талдап, ұсыну.
3.4 Ұйымдастыру және құқұқтық жұмыстарды жүргізу.
3.5 Мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттікпен өзара байланысты жүзеге асыру, «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы өзара еңбек қатынастарын реттеу.
3.6 «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басқа органдарда соттарда мүддесін қорғау мақсатымен «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ атынан, уәкілдікке сотқа берген арыздарға, пікірлер мен кінараттарға жауап дайындау.
3.8 «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ келіп түскен кінараттарды қарау.
3.9 Дауларды сотқа дейінгі тәртіппен реттеуді сақтау бойынша шараларды қабылдау.
3.10 «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ құқықтық актілерін әрекеттегі заңнамаға сәйкестігін алдын ала тексеріп, заңды сараптама жүргізу, сонымен қатар қажетті кезде сол құжаттарды даярлауға қатысу.
3.11 Құқықтық құжаттарды түзу барысында «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ішінде, сондай-ақ ведомоствоға бағынысты ұйымдарға да кеңес беру және құқықтық, әдістемелік көмек көрсету.
3.12 Құжат айналымы мемлекеттік тілде жүргізілуін бақылау, осы бағытта ведомоствоға бағынысты ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету.
Жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімі құқылы:
4.1 Өз құзіреті шеңберінде басқа ұйымдармен жұмыстарды жүзеге асыруға.
4.2 Өз құзіреті шеңберінде құжаттарға рұқсатнама беруге, қол қоюға.
4.3 Ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге.
4.4 «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысымен келісіп, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәслихаттар өткізуге.
4.5 «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшелерінің және ведомоствоға бағынысты ұйымдардың қызметшілерінен өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты: құжаттарды, анықтамаларды, есептерді және басқа мәліметтерді сұрауға және алуға.
4.6 Өз құзіреті шеңберінде ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөліміне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін басқа да шараларды жүзеге асыруға.
5.1 Ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің қызметін бөлім басшысы басқарады, ол лауазымға «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының бұйрығымен тағайындалады.
5.2 Осы ережеде көрсетілген міндеттер мен функциялардың тиісінше және уақытылы орындалуына жауапкершілік ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысына жүктеледі.
5.3 Ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөліміне жүктелген міндеттерді орындауға және тиісті функцияларды жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
5.4 Ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің басқа қызметшілерінің жауапкершілік дәрежесі лауазымдық нұсқаулықпен белгіленеді.