Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидалары

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі

2021 жылғы 27 сәуірдегі

№ 112

Бұйрығымен бекітілген

 

 Балалар  мен  жасөспірімдерге  арналған  спорт  секцияларының

 рейтингін айқындау қағидалары

 

1-тарау.  Жалпы  ережелер 

  1. Осы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 65-11) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
  • мемлекеттік спорттық тапсырыс – мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес айқындалатын және өнім берушілерде олардың меншік нысандарына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекет қаржыландыратын көрсетілетін қызметтер көлемі (бұдан әрі-мемлекеттік тапсырыс);
  • оператор – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру рәсімін әкімшілендіруді орындауға уәкілетті оның құрылымдық бөлімшесі;
  • өнім беруші – білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.
  1. Рейтинг өнім берушілер бір-біріне қатысты көрсететін қызметтердің сапасы мен танымалдылығын анықтау үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына қолданылады.

 

2-тарау. Балалар мен  жасөспірімдерге  арналған  спорт  секцияларының рейтингін айқындау тәртібі 

  1. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін қалыптастыру Заңның 7-бабының 65-11) тармақшасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде спорт секциясына қатысатын баланың заңды өкілінің, цифрландыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде баға қою жолымен жүзеге асырылады.
  2. Балалар мен жасөспірімдерге арналған  спорт  секцияларын бағалау  келесі  критерийлер  бойынша  жүргізіледі:

1) спорттық процесті ұйымдастыру, балаға міндеттерді түсіндірудің қолжетімділігі;

2) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциясының материалдық-техникалық жарақтандырылуы.

  1. Бағалау 1-ден 5-ке дейінгі баллмен көрсетіледі, мұнда 1 – ең төменгі балл, 5 – ең жоғарғы балл.
  2. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының  рейтингі  осылайша  есептеледі:

Р = Б/А, мұндағы:

Р – спорттық секциялардың рейтингі;

Б – бағалауға қатысқан заңды өкілдердің қойған баллдарының жалпы  сомасы;

А – баға қойған заңды  өкілдердің жалпы  саны.

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 27.04.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 22632 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство культуры и спорта Республики Казахстан - Исполняющий обязанности директора департамента юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан Жандос Кыдырмолданович Жаркымбеков, 23.04.2021 18:29:45, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министра Наталья Виссарионовна Пан, 26.04.2021 18:05:27, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Раимкулова, 27.04.2021 10:03:11, положительный результат проверки ЭЦП

Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидалары
Дата публикации
26 мая 2021