|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 |
|
бұйрығымен бекітілген |
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) оператор – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру рәсімін әкімшілендіруді орындауға уәкілетті оның құрылымдық бөлімшесі;
2) өнім беруші – білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.
2-тарау. Мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру тәртібі
1) мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өнім берушілерді іріктеу;
2) балалар спорттық секцияларына орындарды бөлу тәртібі.
Мемлекеттік тапсырысты орналастыру оператордың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат көлемінде өнім берушілер арасында жүзеге асырылады.
Оператор мемлекеттік тапсырыстың қаржыландыру жоспарының жобасын күнтізбелік жылдың толық көлемінде жасайды және мемлекеттік тапсырысты орналастыру жоспарланған елді мекеннің аудандары (шағын учаскелері) және спорт түрлері бойынша егжей-тегжейлі көрсете отырып, жыл сайын жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 31 қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде оператордың ресми интернет-ресурсында орналастырады.
Оператор бекітілген мемлекеттік тапсырыстың қаржыландыру жоспарын ол бекітілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оператордың ресми интернет-ресурсында жыл сайын орналастырады.
Мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін оператор балалардың контингентін электрондық түрде жинақтауды жүргізеді. Балалар контингентін жинақтау кезінде оператор осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында көзделген кезектілікті басшылыққа ала отырып, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына орындар бөледі.
Мемлекеттік тапсырысты орналастыру, балалар контингентін жинақтау, сондай-ақ өнім берушінің, оператордың және баланың заңды өкілінің осы процестерге байланысты өзге де ілеспе функционалдық операциялары өнім беруші және баланың заңды өкілі үшін ақысыз жүзеге асырылады.
1-параграф. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өнім берушілерді іріктеу
1) жеке кәсіпкер үшін: жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның нөмірі (НИКАД);
2) спорт секциясының қызметін ұйымдастыруға пайдалану үшін өтініш берушінің меншігіндегі және (немесе) өзге де заңды негіздегі жылжымайтын мүлікке (пайдалану мерзімі өтініш берілген күнге қарай кемінде 1 жыл) құқық белгілейтін құжаттары қоса беріледі;
3) мыналарды қамтитын өнім беруші бекіткен оқу бағдарламасы:
оқу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері;
болжамды спорттық нәтижелер;
оқу дәрежелері бойынша сабақтардың мазмұны;
сабақтарды қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық жарақтандырудың сипаттамасы;
сабақтарды өткізу кестесі;
баланың заңды өкілдері үшін ішкі іс-шараларды, оның ішінде жарыстық (конкурстық), есептік іс-шараларды және ашық сабақтарды өткізудің жоспарланған кестесі;
сабақ өткізу үшін қажетті балалардың жеке мүкәммалы мен киім-кешегі туралы мәліметтер;
өнім беруші бекіткен спорт секциясына бару регламенті;
4) балалармен сабақ өткізу үшін тартылатын қызметкерлердің тізімі.
1) жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда);
2) келесі тәсілдердің бірімен кәсіби спорт бейінін растайтын құжаттар:
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары, техникалық және кәсіби (арнайы орта, кәсіби орта) білімнің болуы;
бейінді спорт түрі бойынша «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағының (спорттық атақ беру туралы куәлік) болуы;
бейінді спорт түрі бойынша дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлаудың немесе қайта даярлаудың сәтті аяқталған курстарының болуы;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 «Медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Алғашқы көмек көрсету стандартын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21814 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес өтініш беру күніне 24 айдан кешіктірмей берілген сертификат;
4) өтініш берген күнге күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей берілген сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
5) өтініш берген күнге күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей наркологиялық ұйымдағы диспансерлік бақылауда тұрғаны/тұрмағаны туралы берілген анықтама;
6) өтініш берген күнге күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей берілген психоневрологиялық ұйымдағы диспансерлік бақылауда тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама;
7) мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымнан өтініш берген күнге күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей берілген анықтама (туберкулезбен ауыратын науқастардың диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы).
Өтініш беру оператордың ақпараттық жүйесінде орналастырылатын және мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын тараптардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін оператордың жария офертасына өнім берушінің акцептімен сүйемелденеді.
Өтінішті қарау қорытындылары бойынша, өнім беруші осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес болған жағдайда, өнім беруші мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын өнім берушілердің тізіміне енгізіледі.
Өнім беруші осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өнім берушіге дәлелді бас тарту жіберіледі.
2-параграф. Спорт секцияларына орындарды бөлу тәртібі
Оператор ақпараттық жүйе арқылы баланың заңды өкіліне спорт секциясына қабылдау үшін электрондық ваучер бере отырып, балалар арасында бос орындарды олардың кезектілігіне сәйкес бөледі.
Ваучер бірегей нөмір болып табылады, оған оператор оны алған бала туралы ақпаратты, бала есепке алынатын өнім берушінің спорт секциясын және балаға бөлінетін қаржыландыру көлемін тіркейді. Берілген ваучер туралы ақпарат электрондық хабарлама арқылы баланың заңды өкіліне жіберіледі.
Баланың заңды өкілі өтініш беруді оның өзі немесе баланың заңды өкілі берген нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті адам жүзеге асырады. Осы талаптың бұзылуы анықталған кезде оператор кезектегі өтініштің және ол бойынша берілген ваучердің күшін жояды, сондай-ақ
6 (алты) ай мерзімге бұзушылық жасаған адамға кезекке қоюға тыйым салады.
Мемлекеттік спорттық, шығармашылық және білім беру тапсырыстары шеңберінде ел ауқымында спорт секцияларының немесе шығармашылық үйірмелердің қызметтеріне бір бала үшін кезектердегі баланың заңды өкілінентек екіөтініш беруге жол беріледі.
Бала көшіп кеткен жағдайда баланың заңды өкілі операторға кезекке қоюға бұрын берілген өтінішті кері қайтарып алу туралы электрондық өтініш жібереді және баланың жаңа тұрғылықты жері бойынша кезекке қоюға қайтадан өтініш береді.
Кезек өнім берушінің әрбір спорт секциясына жеке қалыптастырылады және балалардың заңды өкілдері берген өтініштерден тұрады. Кезектегі өтініштер олардың берілген күні бойынша, секундқа дейінгі дәлдікпен сұрыпталады, жеңілдіктері жоқ және кезекке қою күні мен уақытына байланысты кезектегі позициядан басқа, бір-біріне қатысты тең мәнді болады.
Кезектегі позиция балалардың кезектен шығуы себебінен кему жағына және өнім беруші ваучерлерін жойған балалардың кезекке оралуы себебінен өсу жағына қарай жылжиды.
Кезекте орын ауыстыруға жол берілмейді.
Ваучерлер мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын тізімге енгізілген өнім берушілердегі спорт секцияларындағы бос орындарға кезек тәртібімен беріледі. Ваучер берілгеннен кейін баланың заңды өкілінің өтініші кезектен алынады.
Ваучердің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды, осы уақыт ішінде баланың заңды өкілі спорт секциясына қабылдау үшін қажетті құжаттарды жинауды және өнім берушімен шарт жасасуды жүзеге асырады.
Ваучер атаулы болып табылады және айырбастауға жатпайды.
Ваучердің қолданылу мерзімі ұзартылмайды, мерзімі өткен ваучер автоматты түрде жойылады. Баланың заңды өкілі қажет болған жағдайда кезекке қоюға қайта өтініш беруді жүзеге асырады.
Мемлекет тарапынан өнім берушілердің амалсыз тұрып қалуына әкеп соғатын, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан балалар спорт секциясына бармайтын шектеу шаралары белгіленген жағдайда оператор орындарды бөлуді және ваучерлерді беруді жүргізбейді.
Баланың заңды өкілі кезекте тұруға одан әрі мүдделігін электрондық түрде растайды немесе баланың заңды өкілінің растауы болмаған жағдайда оператор өтінішті кезектен алып тастайды.
Қажет болған жағдайда баланың заңды өкілі кезекке қоюға қайта өтініш беруді жүзеге асырады.
Ваучер берілген орынды қайтарып алу баланың заңды өкілінің өтінішті беру күні мен уақытына сәйкес позицияға кезектегі бастапқы өтінішін қалпына келтіреді.
1) елді мекеннің аудандарындағы (шағын учаскелеріндегі) спорт секцияларына сұраныс туралы мәліметтер;
2) келесі қаржы жылына арналған мемлекеттік тапсырыстың қаржыландыру жоспары туралы мәліметтер;
3) ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік тапсырыстың қаржыландыру жоспарының ай сайын орындалуы туралы мәліметтер;
4) спорт секциясының рейтингі туралы мәліметтер;
5) оператор балаларға арнап ұйымдастыратын аудандық, қалалық және өңірлік конкурстардың, байқаулар мен жарыстардың тегін іс-шараларының күнтізбесі;
6) баланың, аты-жөнін, әкесінің атын (бар болса), өтініштің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, ваучер алуға кезекте тұрғандардың тізімі;
7) операторға бөлуге берілген орындар тізімі;
8) өнім берушілерден орындарды босату хронологиясы;
9) ваучерлерді беру хронологиясы.
Оператор жеке тұлғалар туралы мәліметтерді: жеке тұлғалардың телефон нөмірлерін, мекенжайларын, жеке сәйкестендіру нөмірлерін және туған күндерін жарияламайды.
Оператордың мемлекеттік тапсырыс міндеттерін жүзеге асыратын ақпараттық жүйесінің құрамдас бөліктері:
1) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы Интернет желісін пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасайды;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы
№832 қаулысымен бекітілген «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға» сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда ақпараттық қауіпсіздікті екінші деңгейден төмен емес ақпараттандыру объектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігіне ақпараттық қауіпсіздікке жүргізілген сынақтардың сәтті нәтижесі туралы акт алады;
3) мемлекеттік білім беру және мемлекеттік тапсырыс алатын және алуға кезекте тұрған балалар, осы процеске қатысатын өнім берушілер мен олардың қызметкерлері бойынша ақпарат алмасуды және ақпаратты салыстырып тексеруді, сондай-ақ бала баратын орта білім беру ұйымы туралы мәліметтерді, оның тәрбиешісі мен қамқоршылары туралы мәліметтерді, оның ағымдағы және тарихи үлгерімі туралы деректерді алуды жүзеге асыру үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланады;
4) баланың денсаулық жағдайы туралы және баланың эпидемиологиялық ортасын талдау туралы анықтаманы электрондық түрде алу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланады;
5) ақаулар жағдайында жұмысқа қабілеттілікті тез қалпына келтіру мүмкіндігі үшін жинақталған деректер қорларын сақтайды.
3-тарау. Спорт секцияларының жұмыс істеу тәртібі
1) сабақтар өткізуге арналған бөлмеге қойылатын талаптар;
2) балаларды қабылдау, есепке алу және дамыту.
Спорт секцияларының жұмыс істеуін өнім беруші сабақтар өткізуге арналған үй-жайларды жарақтандыруға қойылатын талаптарды ескере отырып және Заңның 7-бабының 65-10) тармақшасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес спорт секцияларының түрлеріне қойылатын талаптарды ескере отырып жүзеге асырады.
1-параграф. Сабақтар өткізуге арналған үй-жайға қойылатын талаптар
дәретхана;
ыстық және суық суы бар қолжуғышпен;
жеке гигиена құралдарымен, оның ішінде дәретхана қағазымен және сабынмен;
жарықтандыру;
қол кептіргіш немесе бір рет қолданылатын қағаз сүлгі.
Сабақ өткізуге арналған үй-жайдың табиғи жарықтандырылуы және желдету мүмкіндігі бар терезелері болады немесе ішке сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
2-параграф. Балаларды қабылдау, есепке алу және дамыту
Өнім беруші мен баланың заңды өкілі арасында шарт жасасу әрбір ваучер бойынша жеке жүзеге асырылады.
1) спорт секциясына қабылдауға еркін нысандағы өтініш;
2) баланың суреті;
3) баланың туу туралы куәлігінің сканерленген көшірмесі;
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) бекітілген 027/у нысаны бойынша дәрігердің сабаққа жіберуге рұқсаты бар баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама;
5) ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 037/е нысаны бойынша баланың эпидемиологиялық ортасын талдау туралы анықтама.
1) баланың заңды өкілі осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;
2) баланың заңды өкілінің дұрыс емес және бұрмаланған ақпарат беруі;
3) баланы спорт секциясына қабылдауға кедергі келтіретін медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар немесе мүмкіндіктері шектеулі баланы спорт секциясына қабылдау мүмкіндігін бағалау өнім берушінің қалауы бойынша айқындалады.
Жұмыс жоспары:
1) жарыстық (конкурстық) іс-шаралардың болжамды кестесін;
2) балалар іссапарлары мен жиындарының болжамды кестесін;
3) балалардың заңды өкілдері алдында есеп беру сөздерінің болжамды кестесін қамтиды.
баланың жыл ішіндегі физикалық даму көрсеткіштері;
жарыстық (конкурстық) іс-шараларға қатысу нәтижелері туралы;
іссапарлар мен жиындарға қатысу;
балалардың заңды өкілдерінің алдында есеп беру сөздеріне қатысу;
жаттығу сабақтарына қатысу;
денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық тексеруден өту нәтижелері бойынша баланы спорт секциясында оқуға жіберу немесе жібермеутуралы ақпарат енгізіледі.
1) мектеп каникулдары кезеңін қоспағанда, дәлелді себепсіз қатарынан 3 рет өткізіп алған сабақтар болған кезде;
2) спорт секциясына бару регламентін сақтамағаны үшін;
3) денсаулық сақтау ұйымы растаған, баламен сабақ өткізуге кедергі келтіретін, баланың медициналық қарсы көрсетілімдері немесе эмоциялық-ерік саласының бұзылыстары болған кезде;
4) шарт талаптары сақталмаған кезде тоқтатылады.
Бала оқудан шығарылған кезде өнім беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде баланың заңды өкіліне баланың портфолиосын береді.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларына
1-қосымша
Үлгі
Мемлекеттік спорттық тапсырыс операторына
_________________________________________
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және
астананың жергілікті атқарушы органы немесе мемлекеттік спорттық
тапсырысты орналастыру рәсімін әкімшілендіруді орындауға
уәкілетті оның құрылымдық бөлімшесі
______________________________басшысы атынан
басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
өнім берушіден
_________________________________________
заңды тұлғаның (бизнес сәйкестендіру нөмірі),
жеке кәсіпкердің (жеке сәйкестендіру нөмірі) атауы
_____________________________басшысы атынан
басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________________________________
Мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруға қатысуға өтініш
Мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруға қойылатын талаптарды зерделеп, қоса берілген құжаттарды қарап, мені мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын өнім берушілердің тізіміне қосуды сұраймын.
Мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес мынадай спорт секцияларының қызметтерін көрсетуді жоспарлап отырмын:
|
р/с №
|
Спорт түрі |
Балалар тобының түрі (инклюзивті, интеграцияланған, арнайы) |
Балалардыңжасы мен жынысы |
Қызметкөрсетутәсілі (стационарлықнемесеқашықтықтан) |
Сабақтардыөткізутілі |
Елдімекенніңауданы (шағын учаскесі) |
Қызмет көрсету мекен-жайы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Осымен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру қағидаларында және олардың жұмыс істеуінде көзделген талаптармен, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларымен және мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесімен танысқанымды растаймын.
Қосымша: құжаттар ________ парақта
Ұйым басшысы _______________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтырылған күні
|
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларына
|
Үлгі
Мемлекеттік спорттық тапсырыс операторына
_________________________________________
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың
және астананың жергілікті атқарушы органы немесе
мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру рәсімін
әкімшілендіруді орындауға уәкілетті оның құрылымдық бөлімшесі
______________________________басшысы атынан
басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
өнім берушіден
_________________________________________
заңды тұлғаның (бизнес сәйкестендіру нөмірі) ,
жеке кәсіпкердің (жеке сәйкестендіру нөмірі) атауы
_____________________________басшысы атынан
басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________________________________
Өтініш
Мені мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруға қатысатын өнім берушілер тізімінен мынадай себеп бойынша шығаруды өтінемін:
__________________________________________________________________
себебін сипаттау
Ұйым басшысы _________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтырылған күні
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 27.04.2021
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 22631 болып енгізілді
Результаты согласования
Министерство культуры и спорта Республики Казахстан - Исполняющий обязанности директора департамента юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан Жандос Кыдырмолданович Жаркымбеков, 27.04.2021 12:15:15, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министра Наталья Виссарионовна Пан, 27.04.2021 16:59:10, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Раимкулова, 27.04.2021 17:11:02, положительный результат проверки ЭЦП