Қарағанды облысында мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру

"Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ Қарағанды облысында мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асыруға сәйкес төмендегілер туралы мәліметті хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруды іске асыру тәртібі мен кезеңдерін регламенттейтін және реттейтін бірқатар заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер қабылдады, атап айтқанда:

"Мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" (2021 жылғы 27.04 № 119 бұйрықпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022633);

- "Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" (2021 жылғы 27.04 № 120 бұйрықпен мына сілтеме бойынша танысуға болады:https://adilet.zan.kz / rus / docs / V2100022631);

- "Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" (2021 жылғы 27.04 № 121 бұйрықпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022637);

"Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін анықтау қағидаларын бекіту туралы" (2021 жылғы 27.04 № 121 бұйрықпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022632)

Ақпараттық портал әзірленді және іске қосылды, оның цифрлық платформасында көрсетілетін қызметтерді берушілерді, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарын (немесе олардың ресми өкілдерін) тіркеу және олардың өтінімдерін беру үшін жоба іске асырылатын болады, спорт секциясына баруға ваучер алу үшін мына сілтеме бойынша өту қажет: https://artsport.edu.kz/ru.

Қарағанды облысы бойынша Call-орталығы: 50 71 08

(жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін)

Электрондық пошта: pfss@krg.gov.kz

Қарағанды облысында мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру
Дата публикации
26 мая 2021