Дене шынықтыру және спорт саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсетуі және қызмет әдебін сақтау бойынша атқарған жұмыс жөніндегі ақпарат

Елбасы алдағы онжылдықта елдің дамуының нақты жаңа моделін қалыптастыру басты мақсатын алға қойды.

      Ол үшін бүгінгі таңда кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған мемлекеттік қызметтің ауқымды реформасы жүргізіліп отыр.

      Дене шынықтыру және спортты дамыту мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.

      Оның тиімді жүзеге асуынан мықты шоғырланған қоғамды құру және бірыңғай болашағы бар ұлтты қалыптастыру тікелей байланысты.  

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Дене шынықтыру және спорт басқармасы іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Оның орындалуы жөніндегі есеп облыс әкімінің аппаратына және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі департаментіне жолданады, сондай-ақ Басқарманың karsport.kz. арнайы сайтында орналастырылады.

Басқарма Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі жөніндегі ынтымақтастық туралы ашық келісімге қол қойды. Келісімге Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері қосылды.

   Басқармада апта сайын мемлекеттік қызметшілермен жедел кеңес өткізіп отыр, оның бір мәселесі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа, қылмысқа  жол бермеу, қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды оқу болып табылады.

Жыл сайын құқықтық жалпы оқыту жоспары бекітіледі, осыған сәйкес 2020 жылдың ішінде Басқарманың, ведомстваға қарасты мекемелердің қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды оқу және спорт мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына қарсы тұру бойынша семинарлар Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің өкілдерін тарта отырып жоспарланып, өткізілуде.

2020 жылы семинар-кеңес өткізілді, онда келесі мәселелер талқыланды:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы С.С.Амангельдинова «Сыбайластық жемқорлық қылмысын жасағандығы үшін жауапкершілік туралы» баяндама жасады.         

Дене шынықтыру және спорт басқармасының karsport.kz арнайы сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бөлімі жұмыс істейді, онда «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған, сондай-ақ, теріс себептерге байланысты мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғалар туралы» тарауы орналастырылған, сонымен қатар барлық ақпарат: сенім телефоны, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі телефоны 1424 орналастырылған, оған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпаратты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы әлеуметтік роликтерді сеніп беруге болады.         

Сонымын қатар, Басқарманың арнайы сайтында «Басқарма басшыларының блогы» бөлімі қызмет етеді, мұнда азаматтар дене шынықтыру және спорт саласындағы жұмысты жалғастыру жөніндегі мәселелері мен ұсыныстарын бере алады.     

      Басқарманың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары әзірленіп, қабылданды, ол Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының алқа мәжілісінде талқыланып, бекітілген болатын, және ведомстваға қарасты мекемелерге мәлімделіп, Басқарманың ресми сайтында орналастырылды.

Халықтың арасында белсенді таралған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі жадынама әзірленді, сонымен қоса, ғимараттың бірінші қабатында осы тақырыпта әлеуметтік плакаттар ілінді.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет Агенттігі жариялаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық баяндамалар егжей-тегжейлі зерттелуде. 

      Өз кезегінде біз баяндамада көрсетілген спорт саласындағы барлық ұсыныстарды назарға алдық.  Мұнымен қатар, дене шынықтыру және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және оларға жол бермеу жөніндегі қабылданып отырған шараларға талдау жүргізіп отырмыз: 

      Мұндағы ең бастысы:

  1. Ведомстваға қарасты мекемелердің бірінші басшыларын тағайындау (КМҚК және КМК).

Ведомстваға қарасты мекемелердің (КМҚК және КМК) басшылары ҚР-ның Еңбек кодесіне сәйкес тағайындалады (КМҚК басшылары – конкурс бойынша. Конкурсты өткізу кезінде басшылық лауазымдағы талапкерлердің ұсынылған сол және басқа да спорт мектебін дамыту бағдарламасы қаралып, назарға алынады). 

  1. Қарағанды облысының жетекші спортшыларына айсайынғы ақшалай қаражатты төлеу (шәкіртақы).

Жетекші спортшыларға шәкіртақы Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі «Қарағанды облысының жетекші спортшыларына айсайынғы ақшалай қаражат төлеу туралы» №41/03 қаулысына сәйкес бөлінген бюджет қаражаттары шегінде төленеді. Шәкіртақыны тағайындау комиссия тәртібінде жүргізіледі. Комиссия өз мәжілісін тоқсан сайын өткізеді.  

  1. Мемлекеттік сатып алуларды өткізу.

Мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алудың қолданыстағы заңнамаларына сәйкес бекітілген жоспар бойынша қатаң түрде өткізіледі.

Егер де, жеткізіп берушіні мемлекеттік сатып алдудың жосықсыз қатысушысы етіп тану қажеттілігі туындаған жағдайда Басқарма дер уақытында сотқа жүгінеді. Соның арқасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауын алдын алады. Ведомстваға қарасты мекемелерде және кәсіпорындарда аталмыш жұмыстар өткізіліп отыр.

  1. Бюджеттік қаражаттарды жоспарлау мен игеру.

Бюджеттік тапсырыстарды жоспарлау мен оны іс жүзінде орындау кезінде бюджеттік қаражаттардың жоспарлы бағыты мен оны тиімді және оңтайлы пайдалану ескеріледі.

Бюджетті дұрыс жоспарлау мәселесі бойынша ведомстваға қарасты мекемелердің басшыларымен және бас бухгалтерларымен семинарлар да жоспарланып, жүргізілуде.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетулер.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

Қызметтерді алушылар – жеке тұлғалар, спортшылар, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметкерлері болып табылады. 

Біріктірілген ақпараттық жүйеде Халыққа қызмет көрсету орталығымен күнделікті жұмыстар атқарылып жатыр, сонымен қоса, мемлекеттік қызмет көрсетудің құжаттарын қабылдау бойынша күн сайын Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторларымен жұмыс істелуде.           

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар мен бұрмалаушылықтар болған жоқ.

Спорт – сыбайлас жемқорлыққа қарсы:

Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қабылданатын әкімшілік шараларымен қатар, бұл жұмыстың спорттық бағыты да бар.

Мәселен, жыл сайын мемлекеттік қызметшілер арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты ұранмен спартакиада өткізіліп отыр.  

Сонымен қоса, Қарағанды облысының және оның шектеуінен асатын барлық аумақтарда өткізіліп отырған спорттық жарыстар өсіп келе жатқан ұрпақтың тек дене тәрбиесіне ғана емес, олардың берік азаматтық ұстанымы бар тұлға ретінде тәрбиеленуіне де бағытталып отырғандығын атап өткіміз келеді.

Сөз сөйлеулер мен онлайн-кездесулерді өткізу

«Адал көмек» жобасын іске асыру аясында 2020 жылдың 30 сәуірінде сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін Басқарма басшысының орынбасары Р.Д.Қожабековтың төтенше жағдай кезіндегі мекемелердің қызметі туралы сөз сөйлеуі ұйымдастырылды және азаматтарға тікелей эфирде «Instagram» әлеуметтік желілерінің парақшаларында онлайн-кеңес беру жүргізілді. 

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 9 маусымында ZOOM электрондық плотформаның көмегімен тікелей эфирде бірінші басшы Т.С.Абылаев карантиндік шараларды енгізу кезеңіндегі спорт саласының жағдайы туралы түсіндірме берді.

Дене шынықтыру және спорт саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсетуі және қызмет әдебін сақтау бойынша атқарған жұмыс жөніндегі ақпарат
Дата публикации
17 мая 2021