Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 242 қаулысы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 64-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Кешенді жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
|
Қазақстан Республикасының |
А. Мамин |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспар
|
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Орындау мерзімі |
Болжанатын шығыстар |
Қаржыландыру көздері |
жалғасы
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1. |
Спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу |
жарыстар, марапаттау рәсімдері |
ЖАО |
2021 – 2025 жылдары |
2021 жылы – 2 615 600 |
ЖБ |
|
2 |
Халықтың спортпен және дене шынықтырумен шұғылдануы үшін білім беру мектептерінің спорт залдарына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша білім және дене шынықтыру мен спорт басқармалары арасында меморандумдар жасау |
меморандумдар |
ЖАО |
2021 жыл бойы |
талап етілмейді |
- |
|
3 |
Білім беру ұйымдарында аккредиттелген спорт федерацияларымен бірге спорт түрлері бойынша қосымша секцияларды енгізу және оларға спорт залдарын жалға беру |
келісім |
ЖАО |
жыл бойы |
талап етілмейді |
- |
|
4 |
Мектеп спортын дамыту (баскетбол, волейбол, футбол және спорттың басқа да бұқаралық түрлері бойынша мектеп лигаларын өткізу) |
жарыстар, марапаттау рәсімдері |
БҒМ, |
2021 – 2025 жылдары |
2021 жылы – 489 300 |
ЖБ |
|
5 |
Студенттік спортты дамыту (қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша республикалық спартакиадаларды, универсиадаларды және жастар ойындарын, баскетбол, волейбол, футбол және спорттың басқа да бұқаралық түрлері бойынша студенттік лигалар өткізу) |
жарыстар, марапаттау рәсімдері |
БҒМ, |
2021 – 2025 жылдары |
2021 жылы – 36 700 |
ЖБ |
|
6 |
Жалпы білім беретін мектептер мен колледждер жанынан оқушыларға (жастарға) арналған тегін спорттық секцияларды ашу |
ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны |
ЖАО |
2020 және 2021 жылдар бойы |
талап етілмейді |
- |
|
7 |
Балалар-жасөспірімдер клубтарының жұмысын ұйымдастыру және демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау |
ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны |
ЖАО |
жыл бойы |
талап етілмейді |
- |
|
8 |
Жалпы білім беретін мектептерде БЖДДК ашу және өңірлерде жұмыс істеп тұрған клубтар желісін кеңейту (әр ауданда, қалада кемінде 1 БЖДДК) |
ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны |
ЖАО |
2021 – 2025 жылдары |
2021 жылы – 1825540* |
ЖБ |
|
9 |
Жалпы білім беретін мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының тест нормативтерін тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастыру |
жарыстар, марапаттау рәсімдері |
ЖАО |
тоқсан сайын |
талап етілмейді |
- |
|
10 |
Жалпы білім беретін мектептерді спорттық мүкәммалмен және жабдықтармен (жүгіру жолдары, көпфункционалды алаңдар – қысқы мұз айдындары және жазғы футбол алаңдары, Street Workout ұқсас жаттығу құрылғылары кешені) қамтамасыз ету |
қабылдап алу-беру актісі |
ЖАО |
2021 – 2025 жылдары |
2021 жылы – 581 400 |
ЖБ |
|
11 |
Балалардың, жасөспірімдер мен жастардың дене шынықтыру дайындығына және дене бітімінің дамуына мониторинг жүргізу |
талдамалық ақпарат |
ЖАО |
жыл бойы |
талап етілмейді |
- |
|
12 |
Дене шынықтыру мен спорттың ұлттық цифрлық тұғырнамасын (e-sport) құру және енгізу |
есептік ақпарат |
МСМ, ЦДИАӨМ, Қаржымині, ЖАО |
2023 жылғы желтоқсан |
2021 жылы - 76 314* |
РБ |
|
13 |
Халықтың барлық нысаналы топтары үшін саламатты өмір салтын телевизиялық сюжеттер, фильмдер, бейнероликтер арқылы насихаттау |
телевизиялық сюжеттерді, фильмдерді, бейнероликтерді көрсету |
АҚДМ |
жыл бойы |
талап етілмейді |
- |
|
14 |
Халықтың барлық нысаналы топтары үшін саламатты өмір салтының негіздерін қалыптастыратын баннерлер, билбордтар шығару |
баннерлерді, билбордтарды орналастыру |
ЖАО |
2021 – 2025 жылдары |
2021 жылы – 94 707* |
ЖБ |
|
15 |
"Спорт баршаға!" акциясын (шеберлік-кластар, ашық сабақтар, флешмобтар, "спорт жәрмеңкелері", бұқаралық жаттығулар) өткізу |
акциялар |
ЖАО |
үнемі |
талап етілмейді |
- |
|
16 |
Өңірлік дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық ғимараттар мен ұйымдарында халыққа арналған "Ашық есік күні" спорттық іс-шараларын тұрақты негізде өткізу |
акциялар |
ЖАО |
үнемі |
талап етілмейді |
- |
|
17 |
Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорт ұйымдарына "Үздік" номинациясы бойынша атақ беру жөніндегі республикалық конкурсты өткізу |
республикалық конкурс, сыйлықтарды тапсыру |
МСМ |
2021 – 2025 жылдары |
2021 жылы – 24 481 |
РБ |
|
18 |
"Үздік спорт журналисі" атағын беру бойынша республикалық конкурс өткізу |
республикалық конкурс, сыйлықтарды тапсыру |
МСМ |
2021 – 2025 жылдары |
2021 жылы – 406 |
РБ |
|
19 |
Ауылдық және қалалық елді мекендерде жазықтық спорт ғимараттарының (спорттық ядролар, алаңдар, спорттық трассалар) желісін дамыту |
ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны |
ЖАО, спорт түрлері бойынша федерациялар (келісу бойынша) |
2021 – 2025 жылдары |
2021 жылы – 6 203 100 |
ЖБ |
|
20 |
Объектілердің тұрақты негізде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жақын орналасқан ұйымдарға жазықтық спорт ғимараттарын (спорттық ядролар, алаңдар, спорттық трассалар) бекіту |
келісім |
ЖАО |
үнемі |
талап етілмейді |
- |
|
21 |
Бейімдік дене шынықтыруды дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және енгізу |
әдістемелік ұсынымдар |
МСМ, |
2021 жылға дейін |
талап етілмейді |
- |
|
22 |
Дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту мәселелері бойынша халықтың қажеттілігін анықтау бойынша әлеуметтанушылық зерттеу жүргізу |
ұсынымдар |
МСМ, |
2021, 2023 жылдар ішінде |
2021 жылы – 17 700* |
РБ (036100 "Жоғары жетістіктер спортын дамытуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы) |
|
23 |
Паралимпиадалық спортшылармен жұмыс істеу үшін бейімдік дене шынықтыру және спорт жөніндегі жаттықтырушыларды қайта даярлау курстарын өткізу |
сертификаттар беру |
МСМ, |
жыл бойы |
талап етілмейді |
- |
|
24 |
Жоғары оқу орындарында "спорт менеджері", "спорт төрешісі", "спорт психологы" жаңа оқу бағдарламаларын енгізу |
есеп |
БҒМ |
2021 жылғы |
талап етілмейді |
- |
|
25 |
"QAZAQSTAN QYZMET CUP" турнирін өткізу |
турнир, марапаттау рәсімі |
МСМ, |
2021 – 2025 жылдары |
2021 жылы – 6 346* |
РБ (035100 "Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау" бюджеттік бағдарламасы) |
|
26 |
Жақын шетелдерден мемлекеттік қызметшілер арасында Government Relation CUP мини-футболдан халықаралық турнир өткізу |
турнир, марапаттау рәсімі |
ЖАО |
2021 – 2025 жылдары |
2021 жылы – 10 000 |
демеушілік қаражат |
|
27 |
"ULY DALA JARYSY" кедергілерден өту жарысын өткізу |
турнир, марапаттау рәсімі |
МСМ |
2021 – 2025 жылдары |
2021 жылы – 18 383* |
РБ (035100 "Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау" бюджеттік бағдарламасы) |
|
28 |
"ULY DALA QYSY" кедергілерден өту жарысын өткізу |
турнир, марапаттау |
МСМ |
2021 – 2025 жылдары |
2021 жылы – 19 883* |
РБ (035100 "Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау" бюджеттік бағдарламасы) |
|
29 |
"Qazaqstan Jastar Fest" жастар спорт фестивалін өткізу |
фестиваль, марапаттау рәсімі |
ЖАО |
2021 – 2025 жылдары |
2021 жылы – 108 142* |
ЖБ |
|
30 |
"Бурабай" республикалық жартас фестивалін ұйымдастыру және өткізу |
фестиваль, марапаттау рәсімі |
МСМ, |
2021 – 2025 жылдары |
2021 жылы – 5 736* |
РБ (035100 "Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау" бюджеттік бағдарламасы) |
|
31 |
Еңбек ұжымдарында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарында өндірістік гимнастиканы енгізу |
есептік ақпарат |
ОАО, ЖАО |
жыл бойы |
талап етілмейді |
|
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
АҚДМ – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
ОАО – орталық атқарушы органдар
ЖБ – жергілікті бюджет
РБ – республикалық бюджет
БЖДДК – балалар-жасөспірімдер дене дайындығы клубтары
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар