Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жеңіл атлетикадан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жеңіл атлетикадан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (БСН 940840000628, мекенжайы: Қарағанды қаласы, Комиссаров көшесі, 45А, электрондық пошта: Lmanezh@mail.ru, анықтама телефоны: 8 (7212) 41-04-94) төмендегі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары

            Негізгі функционалдық міндеттері – спорттық-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады; оқытушы-жаттықтырушылар құрамының спортшыларды даярлау бағдарламалары мен жоспарларын орындау, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмысын үйлестіреді; спорттық топтарды жасақтауды қамтамасыз етеді, оқу топтарының сабақ кестесін, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың кестелері мен күнтізбелік жоспарларын жасау жұмысын жүзеге асырады; жаттықтырушылар кеңестерінің жұмысын ұйымдастырады, оқыту әдістемесін және оқу-жаттығу процесін жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; дене шынықтыру мен спортты насихаттау және озық тәжірибені енгізу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады; спорт түрлері бойынша федерациялармен өзара іс-қимыл жасайды, ұйымдағы спорт түрлерін дамыту жұмысын үйлестіреді; ұйым спортшыларын спорт түрлері бойынша тұрақты даярлауды қамтамасыз етеді, спорттық даярлықта жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы жоғары нәтижелілікке қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

2. Басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

            Негізгі функционалдық міндеттері – тәрбие процесін ұйымдастырады және жетілдіреді, бағдарламалар мен әдістемелік материалдарды әзірлейді, тәрбие жұмысының нәтижелерін талдайды; спорттық-сауықтыру, әскери-патриоттық және мәдени-бұқаралық қызметті үйлестіреді, тәрбиеленушілердің бойында патриотизмді, адамгершілік құндылықтарды және салауатты өмір салтын қалыптастырады; құқық бұзушылықтардың, экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмысын ұйымдастырады, тәрбиеленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді; тәрбие мәселелері бойынша педагогтердің, ата-аналардың, қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын үйлестіреді; тәрбие жұмысының сапасын, спорттық әдептің сақталуын, тәрбие процесінің қауіпсіздігін және қолайлы моральдық-психологиялық ахуалдың қалыптасуын бақылайды; тәрбиеленушілерді діни және өзге де наным-сенімдерді қабылдауға немесе олардан бас тартуға мәжбүрлеуге жол бермеуді қамтамасыз етеді, тәрбие жұмысының нәтижелері туралы есептілікті ұсынады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191  бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14052 болып тіркелген).

Білімі – кадрлар даярлаудың мына бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы, «Бизнес, басқару және құқық».

Жұмыс өтілі: облыстық коммуналдық кәсіпорындар, республикалық маңызы бар қалалар және астана үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе осы саладағы басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл; немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл; немесе Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында оқуын аяқтаған адамдар үшін, сондай-ақ кадрлар даярлаудың «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар, «Бизнес, басқару және құқық» бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде екі жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы»Қазақстан Республикасының  заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысын, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.

Еңбекақы мөлшері мен төлеу шарттары: Лауазымдық айлықақы еңбек өтілі мен қызмет атқарған жылдарына байланысты 214 000 теңгеден 256 000 теңгеге дейін (жұмыс өтілі 1 жылға дейін – 214 000 теңге, 25 жылдан астам – 256 000 теңге). Төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру интернет-ресурста және мерзімді баспасөз басылымдарында соңғы рет жарияланған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш.

2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

3. Нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсете отырып, толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.

4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері.

5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

Конкурсқа қатысушы болған жағдайда өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарын, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдарын) ұсынады.

Осы құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушының құжаттарын қайтаруға негіз болып табылады.

Конкурсты өткізу кезеңдері:

1. Конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау.

2. Үміткерлермен әңгімелесу өткізу.

3. Конкурс қорытындысын шығару.

Ұйым үміткерлер тізімі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларға:

1) біліктілік талаптарына сәйкес келетіндерге олардың үміткер ретінде бекітілгені, әңгімелесудің күні, уақыты және орны туралы хабарлайды. Бұл ретте әңгімелесу күні үміткерлердің әңгімелесуге келуі үшін қажетті уақытты қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді;

2) біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндерге әңгімелесуге жіберуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.

                                                                                           

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 16 қазаннан 30 қазанға дейін жүзеге асырылады.

Дата публикации
14 октября 2026