2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі 66,6% құрады (2025 жылға арналған жоспар - 67,2%). Республикалық көрсеткіш. - 52 %.
Спорт ғимараттарының саны 1301 бірлікке (+54 бірлік) дейін өсті, оның 313 бірлігі ауылдық жерлерге тиесілі.
Үстіміздегі жылы 4 спорт нысанының құрылысы жалғасуда:
- Приозерск қаласында 210 орындық ДШСК (құны-877,7 млн. тг., аяқтау - 2025);
- Саран қ. Ақтас кентінде 150 орындық ДШСК (құны - 1 млрд. 164,8 млн. тг., аяқтау - 2025);
- Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентіндегі ДШСК (құны-518,1 млн. тг., аяқтау - 2025);
- Қарқаралы қаласындағы стадион (құны-356,8 млн. тг., аяқтау - 2025)
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңа 3 жобаны іске асыру басталды.
Бұл ДШСК-лар:
- Қарқаралы ауданының Көктас кентінде (РБ - дан 300 млн. теңге бөлінді.);
- Бұқар жырау ауданының Қушоқы кентінде (РБ - дан 330 млн. теңге бөлінді.);
-Шет ауданының Ақсу-Аюлы кентіндегі жүзу бассейні (РБ - 300 млн. теңгеден бөлінген.).
Сондай-ақ, «Шахтер» орталық стадионын қайта жаңарту (құны - 1 786 млн. тг., аяқталуы-2026 ж.) басталды және Саран қаласында спорт кешенінің құрылысы (құны - 910 млн теңге, аяқталуы - 2026 ж.) жүргізілуде.
Бюджеттен тыс қаражат есебінен тез салынатын модульдік спорт ғимараттарының құрылысы жүргізілуде:
- Шет ауданының Мойынты ауылында «BaрyMining» ЖШС есебінен;
- Балқаш қаласында «Қазақстан халқына» қоры есебінен;
- Қарағанды қаласындағы «Аманат» және «Өжет» спорттық-сауықтыру кешендері(СК жанында).
«Қарағанды қаласында футбол академиясының құрылысы» жобасын іске асыру үшін облыстың ДШжС басқармасы мен «FreedomШапагат» корпоративтік қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандум (5000 орындық стадион, жабық футбол манежі, жатақхана, ашық футбол алаңы), сондай-ақ облыс әкімдігімен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы келісім жасалды. Атап айтқанда, Балқаш қаласындағы «Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы», құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы - 2026 жылдан бастап.
Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың 13 спорттық базасын ағымдағы жөндеуге 293,2 млн. теңге қарастырылған.