Дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға қабілеті бар мүмкіндігі шектелген жандар арасынан спортпен жүйелі түрде шұғылданатын адамдардың үлесі 18% (2025 жылғы жоспар 19%) немесе 5 501 адам (облыс бойынша мүгедектер саны 55 235 адам, оның ішінде, спортпен шұғылдануға қабілеті бар 30 617 адам, республикалық көрсеткіш - 19 %).
105 спортшы ҚР Ұлттық құрамасына кіреді.
Облыстық мүгедектер спортына мамандандырылған мектепте 18 спорт түрі бойынша тірек-қимыл аппараты зақымданған, есту және көру қабілеті төмен 430 адам (оның ішінде, 208 бала) айналысады. «Қазақстандық арнайы Олимпиада» ҚБ филиалы жұмыс істейді. Бұған облыстың түзетулік ұйымдарынан психикалық дамуы тежелген 2 226 бала мен жастар (909 бала) тартылды.
«АРТSport» мемлекеттік бағдарламасы аясында үш қаладан (Қарағанды, Теміртау, Саран) ерекше қажеттіліктері бар 125 бала тартылды: адаптивті волейбол - 32 адам (Теміртау қ.), шахмат - 52 адам (Қарағанды қ.), адаптивті таэквондо – 29 бала (Қарағанды қ., Теміртау қ.), бочча – 12 бала (Саран қ.).
Бұдан басқа, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облысымыздың бес өңірінде (Қарағанды қ., Теміртау қ., Саран қ., Шахтинск қ., Абай қ.) аутизмі бар, психикалық дамуы тежелген және сал ауруы бар 200 бала жүзу сабақтарымен және Теміртау қ. мен Қарағанды қ. 40 бала жеңіл атлетикамен қамтылған.
Балқаш қаласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, жүзумен 91 адам (естуі, көруі нашар және ТҚАЗ 27 бала және 18 жастан асқан 64 адам) қамтылды (тапсырыс сомасы 12 000 000 тг.).
Сондай-ақ, Абай қаласында өткен жылдың екінші жартысынан бастап мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 20 бала (ПДБ және ТҚАЗ 10 бала жүзу, 10 бала бочча) жүзу және бочча сабақтарына тартылды (тапсырыс сомасы 4 700 000 теңге).
Үстіміздегі жылы мүгедек балаларға және балаларға арналған спорт секциялары мен үйірмелерін ұлғайту мақсатында, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде аурудың 5 санаты (ТҚАЗ, ПДБ, аутизм, есту және көру қабілеті бұзылған, Даун синдромы) бойынша 355 адамды қамти отырып, спорттың 10 түрі (жүзу, жеңіл атлетика, үстел теннисі, дойбы, шахмат, конькимен жүгіру, роликтер, футбол, бочча, тоғызқұмалақ) бойынша, облыстың қосымша 12 өңірін (Қарағанды қ., Теміртау қ, Балқаш қ., Шахтинск қ., Сара қ, Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет аудандары) қамту жоспарлануда
Бүгінгі таңда жобалар Теміртау, Саран қалаларында, Абай, Бұқар жырау және Нұра аудандарында 177 адамға ұлғайтыла отырып, іске асырылуда. Қалған 6 өңірде конкурстық рәсімдер өткізіледі, үстіміздегі жылдың соңына дейін барлық жобаларды толық іске асыру жоспарлануда.
Бұдан басқа, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, Спорт басқармасы 20 адамды жүзу сабақтарымен қамту үшін 16 млн. 688 мың теңгеге және екінші жоба жеңіл атлетика бойынша 20 баланы қамти отырып, 10 млн. 784 мың теңгеге смета дайындады, жобалардың жалпы құны – 27 млн. 427 мың теңге. Бюджеттік өтінімді үстіміздегі жылдың күзінде бекітуге беру жоспарлануда, өтінімдер бекітілетін болса, бұл жобалар 2026 жылдың басынан бастап іске асырылатын болады.
Басты бағыттардың бірі облыс өңірлерінде мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады, өңірлерде спортпен шұғылдануға 2 940 адам тартылды. Жыл сайын тірек-қимыл аппараты зақымданған, естуі және көруі нашар мүгедек спортшылар арасында облыстық Спартакиада, сондай-ақ әртүрлі спорт түрлері бойынша 1000-нан астам адам қатысатын облыстық, қалалық және аудандық жарыстар өткізіліп тұрады. 2024 жылы 275 ерекше спортшы 19 халықаралық және 30 республикалық жарыстарға қатысты. Нәтижесінде 255 медаль жеңіп алынды, оның 155-і алтын. Өткен жылдың ең маңызды жетістігі - біздің спортшылардың Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарындағы жеңістері болды. Мұқашбеков Дастан ядро лақтырудан қола медаль жеңіп алды, ал Федосова Даяна пара дзюдодан үшінші орын алды.
2025 жылдың І жартыжылдығында облыс спортшылары 12 республикалық және 3 халықаралық жарыстарға қатысты. 2025 жылдың 30 мамырынан бастап, 29 маусымға дейін тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар және көру қабілеті төмен спортшылар арасында, спорттың 13 түрінен өтетін ҚР VII Спартакиадасына қатысады.
Сондай-ақ, 15-26 қараша аралығында есту қабілеті төмен спортшылар спорттың 3 түрі (жүзу, дзюдо, таэквондо) бойынша Токиодағы (Жапония) жазғы Сурдлимпиада ойындарына, тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру қабілеті төмен спортшылар 7-20 желтоқсан аралығында БАӘ-де жасөспірімдер арасында өтетін Азия ойындарына 5 спорт түрі (жүзу, парадзюдо, голбол, армрестлинг, пауэрлифтинг) бойынша қатысатын болады