Облыста 121 спорт түрі (олимпиадалық - 42, олимпиадалық емес-60, ұлттық-10, паралимпиадалық -9) дамытылуда.
Аккредиттелген 95 спорт федерациясы жұмыс істейді.
Облыстың 1 074 спортшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының құрамына кіреді.
Үстіміздегі жылы облыстың 22 005 спортшысы түрлі дәрежедегі 562 жарысқа қатысты, оның ішінде 92 облыстық, 329 республикалық және 140 халықаралық.
Жарысқа қатысу қорытындысы бойынша спортшылар 8 596 медаль жеңіп алды, оның 2 794-і алтын.
Бұл жерде Сербияның Ниш қаласында өткен жарыста Аида Әбікееваның әйелдер боксынан жеңіп алған тарихи алтын медалін атап өткім келеді.
Шайбалы хоккейден «Юность-Грация» әйелдер командасының спортшылары-Левшиц Рената, Анна Климова, Нығматулина Калима, Алина Жакулина А тобы бойынша (екінші девизион) жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
Азия чемпионатында біздің ауыр атлетшіміз Балабаюк Дарья жалпы есепте күміс медаль, сондай-ақ серпе және жұлқа көтеруден күміс медаль жеңіп алды.
Азия біріншілігінде ел құрамасының құрамындағы гандболшы Немтырева Кира қола жүлдеге ие болды. Грек-рим стилінің балуаны Ибрагим Магомадов олимпиадалық санатта тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.
Карабутов Илья, Курдиди Кирилл, Хорошавин Максим сияқты велошабандоздары ересектер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.
18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында (Паттайя, Таиланд) Қазақстан құрамасының құрамындағы облысымыздың өкілдері: Кленин Денис, Холмогоров Дмитрий, Трапезникова Вероника, Иванова Ульяна байдаркада және каноэде есуден үш алтын, үш күміс және бір қола жеңіп алды.
15 жасар қарағандылық шахматтан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. ФИДЕ шебері Даниял Сапенов бұл жолы Лондонда ерекше көзге түсті. Қазақстандық шахматшылар Ұлыбритания астанасында рапид пен блицтен өткен командалық әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетті.
Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі ауыр атлетші Антропов Артем ерлер арасындағы жалпы есепте Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Біздің боксшы апаларымыз Оспанова Камила мен Аяулым Иордания астанасында өткен Азия жастар чемпионатында жеңіске жетті.
Азия жастар біріншілігінде (U19) Құдайгенова Алина, Нығмет Нығман, Асанханов Расул тұғырдың жоғарғы сатысына көтерілді, Нұрсұлтан Қыстаубай қола жүлдеге ие болды.
Анорбаев Жасорбек те өз салмақ дәрежесінде (U22) үздік атанды, ал Тұрапбай Гүлнар мен Мырзакүл Томирис финалға дейін жетті
Спортшыларды кешенді тексеру және оңалту үшін Қарағанды қаласында заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған Дәрігерлік - дене шынықтыру диспансері жұмыс істейді (жабдықталым-331 млн.тг., штаттық - 24 дәрігер, өткізу қабілеті - 7000 адам). Диспансердің міндеті «Қарағанды облысының перспективалы спортшыларының денсаулығын медициналық қамтамасыз ету және бақылау» болып табылады. Диспансердің құрылымында спорттық медицина бөлімшесі, емдік дене шынықтыру және физиотерапия бөлімшесі, функционалдық диагностика кабинеті, бейінді мамандар кабинеттері, клиникалық-биохимиялық зертхана, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бөлімі жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта диспансердің қызметтерін облыстың мемлекеттік спорт ұйымдарында жұмыс істейтін 3 701 жетекші спортшы пайдаланады. 2025 жылы 152 адам оңалтудан (физиотерапия, массаж және т.б.) өтті.
Айта кету керек, Диспансер жұмыс істеген кезде әртүрлі диагноздарынан спорттық іс-шараларды жүргізе алмайтын және шеттетілген 25 спортшы анықталды.
Жыл басынан бері даярланғандар саны:
- ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы-1 адам;
- Еңбек сіңірген спорт шебері-1 адам.;
- ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері-7 адам;
- ҚР спорт шебері-26 адам;
- ҚР спорт шеберіне үміткер-414 адам.
2025 жылдың басты жарыстарының бірі қытайлық Харбиндегі қысқы Азия ойындары болды. Облыстан спорттың 2 түрі бойынша (биатлон және шайбалы хоккей). 2 спортшы қатысты.
Биатлоннан-Владислав Киреев екі медаль жеңіп алды. Спринттен (10 ш.) алтын, ал ерлер эстафетасынан (4х7, 5 ш., 30 ш.) күміс алды.
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрама командасының құрамындағы «Сарыарқа» хоккей клубының ойыншысы - Борисевич Александр өнер көрсетіп, алтын медаль иегері атанды.
32 қысқы Универсиадаға облыс атынан Қазақстан құрамасының құрамында екі спортшы Киреев Владислав (биатлон) және Құрманов Дамир (шорт-трек) қатысты. Владислав екі қашықтықта (12,5 ш. қуалау жарысынан 6 орын, спринттен 10 ш. 13 орын) өнер көрсетсе, сондай – ақ, Дамир - екі түрінен (1000 м. - 12 орын, 1500 м. - 26 орын) өнер көрсетті. Өкінішке орай, біздің спортшыларымыз медаль ала алмады.
Облыстың жетекші спортшыларын ынталандыру мақсатында, ай сайынғы ақшалай қаражат(50 мың теңгеден 1,2 млн.теңгеге дейін) қарастырылған. Бүгінгі таңда спорттың 30 түрі бойынша 208 спортшы (98 жаттықтырушы) осы төлемдерді алады. 2025 жылғы қаржыландыру-538млн. 920 мың теңге.
Сондай-ақ, спортшыларға жоғары спорттық жетістіктері үшін облыс әкімінің сыйлықақысы (500 мың теңгеден 2 500 000 теңгеге дейін) төленеді. Үстіміздегі жылы осы сыйлықты 10 спортшы мен 10 жеке жаттықтырушы (барлығы 20 адам) алды. Спорт түрлері бойынша Паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындарында, Әлем және Азия чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болғаны үшін жалпы сомасы 21 млн.500 мың теңге (10 млн. 750 мың теңге-спортшы, 10 млн. 750 мың теңге-жаттықтырушы) сыйлықақы алды. 2025 жылға 38,5 млн. теңге қарастырылған.