GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
19 октября 2026
Қарағанды облысында мүгедектігі бар балаларға жан-жақты қолдау көрсетілуде

Қарағанды облысында мүгедектігі бар 5 642 бала тұрады. ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес, даму ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мемлекеттік жәрдемақы алады.

Бұл ретте төлем мөлшері баланың жасына және мүгедектік тобына байланысты белгіленеді. Атап айтқанда, 7 жасқа дейінгі балаларға – 81 871 теңге; 7 жастан 18 жасқа дейінгі I топтағы балаларға – 111 873 теңге; II топтағы балаларға – 93 058 теңге; III топтағы балаларға – 81 871 теңге төленеді. Мүгедектігі бар балаларды күтуге арналған мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 81 871 теңгені құрайды (күнкөріс минимумының 1,61 есесі).

Мүгедектігі бар балалар жеке оңалту бағдарламасымен қамтамасыз етіледі. Өтініш негізінде оларға техникалық оңалту құралдары, арнайы жүріп-тұру құралдары және қажетті гигиеналық құралдар беріледі.

Қазіргі уақытта бұл қызмет түрімен 5 197 бала қамтылған. Оның ішінде 2 823 бала гигиеналық құралдармен, 1 412 бала протездік-ортопедиялық көмекпен, 99 бала арнайы жүріп-тұру құралдарымен, 72 бала тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ 60 бала сурдологиялық көмек алған.

Мүгедектігі бар 731 бала санаторий-курорттық ем қабылдаған.

Бұдан бөлек, балаларға «Инватакси» қызметі ұсынылады. Мұндай көмек еліміздің барлық өңірінде қарастырылған және оған қажетті қаражат жергілікті бюджеттерден бөлінеді. Қазіргі уақытта облыста 251 автокөлік бар, оның 20-сы арнайы көтергіш құрылғылармен жабдықталған.

Биыл «Инватакси» қызметін мыңнан астам бала пайдаланған.

Сонымен қатар өткен жылдан бастап Қарағанды қаласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүгедектігі бар адамдар мен балаларды ғимараттардың жоғарғы қабаттарына көтеру және төмен түсіру қызметі көрсетіліп келеді. Бүгінде бұл қызметпен 459 бала қамтылған.

Қазан айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында біржолғы әлеуметтік төлемдер берілді. I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 АЕК мөлшерінде, ал 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 10 АЕК мөлшерінде төлем жасалды.

Аталған төлемдер әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қолданыстағы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылды.

Өңірде мүгедектігі бар балаларға берілген біржолғы әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы шамамен 225 миллион теңгені құрады. Төлем алушылар саны – 5 027 бала.

Сондай-ақ Қарағанды облысында мүгедектігі бар балалардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға және мінез-құлқын түзетуге бағытталған арнайы әлеуметтік мекемелер жұмыс істейді.

Мәселен, Қарағанды қаласында психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға арналған 125 орындық орталық бар. Орталық жанындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 45 орындық күндізгі болу бөлімшесі ашылған.

Бұдан бөлек, облыс орталығында 2025 жылдан бастап 125 орындық Аутизм орталығы жұмыс істейді.

Балқаш қаласында тірек-қимыл аппараты бұзылған, аутизм спектрінің бұзылыстары және басқа да менталдық бұзылыстары бар мүгедектігі бар балаларға арналған 30 орындық оңалту орталығы қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар облыста әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл мұндай жұмыстар 292 нысанда қолға алынға

19 октября 2026
Еңбек ардагерлері «Балқаш» шипажайына демалуға аттанды

Бүгін, 19 қазанда полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігінің сүйемелдеуімен 50 зейнеткер жайлы автобуспен Приозерск қаласындағы «Балқаш» шипажайына аттанды. Қарағанды облысында жүзеге асырылып жатқан бұл жоба өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың бастамасымен қолға алынған.
Әріптестер мен демеушілердің қолдауының арқасында еңбек ардагерлері төртінші жыл қатарынан санаторий-курорттық емделуге арналған жолдамаларға ие болып келеді. Олардың қатарында өңір өндіріс орындарында ұзақ жылдар еңбек еткен бұрынғы дәрігерлер, мұғалімдер, құрылысшылар, шахталық жабдықтардың слесарльер және басқа да мамандар бар.
Демалушылардың тізімі жергілікті әкімдіктерде жасақталады. Оған мемлекеттік қолдау аясында мұндай әлеуметтік қызмет түрін бұрын алмаған қарт азаматтар енгізіледі. Облыстық маңызы бар әр қаладан бес адамнан, ал ауылдық өңірлерден екі адамнан жіберіледі.
«Балқаш» шипажайында зейнеткерлер денсаулығын нығайта алады. Емдеу шараларын дәрігер әрбір демалушыға медициналық көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, жеке тағайындайды. Емдеу курсының ұзақтығы – 10 күн.

12 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
  1. Зейнетақы активтерін кім басқарады?

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.

Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.

Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:

«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

  1. Заңнамалық өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл мүмкіндікті кім пайдалана алады және бұл механизм қалай жүзеге асырылады?

Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

  1. Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?

Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.

Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.

  1. Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан басқарушы компанияға беру қалай жүзеге асырылады?

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.

Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.

Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:

  • ИПБ-ға/ҚРҰБ-қа беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;
  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелері және талаптарымен таныса алады;
  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ҚРҰБ-қа қайтару туралы өтініш беріп, оның мәртебесін қадағалай алады;
  • басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.

ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.

Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан алып, басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.

Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.

 

Шетел жұмыс күшін тарту
09 октября 2026
ТЕЛЕФОНОГРАММА

13 октября 2026 года в 15.00 часов состоится заседание Комиссии по формированию квоты на привлечение иностранной рабочей силы по адресу: город Караганда, улица Мустафина, 4.

28 августа 2026
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА «ЕҢБЕК ЖОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Тауырбековтың төрағалығымен өңірлік кезеңде «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.

 «Еңбек жолы» республикалық конкурсын жыл сайын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында өткізеді, еңбек құндылықтарын ілгерілетеді, еңбек әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға және жастар арасында жұмысшы кәсіптерін құрметтеуге бағытталған.

«Үздік еңбек әулеті», «Жастардың үздік тәлімгері» және «Үздік жас қызметкер» номинациялары бойынша әрбір қатысушы бойынша ақпаратпен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғалымжан Спабеков және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков сөз сөйледі.

 

Облыстық комиссия мүшелері: Асқар Ғазалиев, Мәди Әлжан, Серік Санаубаев, Максим Аблин, Сергей Белкин, Виктор Щетинин, Уәлихан Нұржанов, Ернар Күлпейісов әр кандидат бойынша ұсынылған материалдарды ерекше назармен зерделеп, ашық дауыс беру барысында облыстық кезеңдегі өңірлік конкурстың жеңімпаздарын анықтады:

 

* «Үздік еңбек әулет» номинациясы бойынша:

  1. Хабибуллиндеротбасы-еңбекәулетіүшұрпақтықамтиды, 1970жылдарданбастапотбасымүшелеріөздерінжұмысшымамандықтарынаарнады, энергетикасаласындағыжалпыжұмысөтілі170жылданастам - АбайауданыТопаркентіндегіҚарағандыГРЭС;
  2. Шабельникотбасыныңәулеті-еңбекөтілі138жылпедагогикалыққызмет-жас ұрпаққабілім беру жәнетәрбиелеужүйесінде , Саран қаласы;
  3. Лопатиндеротбасы-энергетикасаласындағыотбасының125жылдықжұмысөтілі–«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС, Шахтинскқаласыжәне

Приваловтар-Шиляевтер отбасы әулеттің жалпы еңбек өтілі металлургия саласында 112 жыл 10 айды құрайды-қазір «QARMET» АҚ, Теміртау қаласы.

 

 * «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша: 1. Абдрешов жарасқан Әлкенұлы, Шахтинск қаласы, «QARMET MACHINERY»  ЖШС-де токарь болып жұмыс істейді, 2003 жылдан бастап өндірісте еңбек етеді;

  1. СыскинаАленаВикторовна2006жылданбастапҚарағандықаласыныңбілімбөлімінің«Гимназия–3»КММпедагог-психолог болып жұмыс істейді, Қарағандықаласы,гимназияныңбастауышкәсіподақұйымыныңбелсендітөрағасы болып табылады ;
  2. АсқароваМайгүлНасырқызы-кітапханажүйесінде35жылданастамадалжәнекәсіби жұмыс істейді, жаскітапханашыларүшінүлгі болыптабылады,Бұқаржырауауданы;

осы номинация бойынша 3-ші орын алған екінші қатысушы, Қарқаралы аудандық балалар - жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы, еңбек өтілі 42 жыл Бейсенаев Бүркіт Бекмағамбетұлы өзін ұлттық спорт түрлерін дамытуға, жастардың тәрбиесі мен тәлімгерлікке, Қарқаралы ауданына арнады.

 

* «Үздік жас қызметкер» номинациясы бойынша:

  1. МахамбетӘлиханҚайратұлы-Ақтоғайаудандықауруханасыныңжалпыпрактикадәрігері, еңбек жолын 2022жылыфельдшерболыпбастаған,Ақтоғайауданы;
  2. МұхамедиярБолатУәлұлы-2024жылданбастап"Қазақмыскорпорациясы"ЖШСБалқаш мыс балқытузауытының мыс балқытуцехының конвертершісі болып адал жұмыс істейді, Балқашқаласы;

3.Жақсылық Айдын Жақсылықұлы-2021 жылдан бастап Ақадыр станциясының айналым депосының электровоз машинисі болып жұмыс істейді, кәсіподақ жастар жұмысына белсенді қатысады, Шет ауданы;

Агатаева Ақниет Абайқызы-2025 жылдан бастап Приозерск қаласы «Жалпы орта білім беретін мектеп -2» КММ математика мұғалімі болып жұмыс істейді.

 

2026 жылы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, қалалық және аудандық әкімдіктердің, әкімшіліктер мен кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен барлық үш номинация бойынша конкурсқа қатысушылардың барлығы-Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск,Саран және Приозерск, Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы қалаларының еңбек ұжымдарының өкілдері Нұра, Осакаров және Шет аудандарында отбасылық және жеке еңбек жетістіктері туралы сапалы презентациялық материалдар дайындалды.

 

 

Шетел жұмыс күшін тарту
26 августа 2026
Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жұмыс берушілерге 2027 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлайды.

Талаптар:

1) өтінім, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу Қағидасының 1 қосымшасына сәйкес беріледі;

2) өтінім тиісті түрде ресімделген ілеспе хатпен (басшының қолымен және мөрлермен расталған шығыс нөмірі, жауапты тұлғаның байланыс деректері, телефондары мен электрондық мекен-жайлары көрсетілген) жіберілуі тиіс;

3) өтінімде міндетті түрде нысанындағы шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесін көрсету қажет;

4) өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі;

 

Өтінім беру мерзімі: 2026 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 18.00 - ге дейін.

 

Өтінімді қайда беру керек:

         - қағаз нұсқасы – Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының кеңсесіне (Қарағанды қ., Мұстафин көшесі, 4, кеңсе);

        - электрондық нұсқасы – karagandatrud@mail.ru немесе басқарманың 11-кабинетіне электрондық тасымалдағышта ұсынылады.

Байланыс деректері: 8 (7212) 25-23-09.

 

26 августа 2026
Тұрақты тұруға және қандас мәртебесіне қалай рұқсат алуға болады
18 августа 2026
Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельдерді өз бетінше таңдау құқықтарын едәуір кеңейтеді. Енді салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.

Жаңашылдықтардың мақсаты – ең қолайлы инвестициялық стратегиясы мен табыстылық тарихы бар ИПБ-ны таңдау арқылы жинақтарды басқарудың ұзақ мерзімді кірістілігін арттыру.

Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) салымшылары, сондай-ақ пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ЕЗЖ аударылатын жеке тұлғалар сенімгерлік басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін өз бетінше айқындауға, бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді таңдауға мүмкіндік алады.

Таңдау мүмкіндігі арта түседі

Заңнамаға сәйкес әрбір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, инвестициялар құрылымы және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін (консервативті, теңгерімді және тәуекелі жоғары) ұсына алады. Үш түрлі портфельдің болуы инвестицияларды салымшының жасына және жеке мүдделеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Ал жинақтарды бірнеше ИПБ арасында бөлу құқығы олардың табыстылығының ауытқуына тәуелділікті азайтады.

ИПБ-ның инвестициялық портфельдерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) айқындайды.

Барлық ақпарат – бір платформада

Салымшыларға қолайлы болу үшін БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты негізгі ақпаратты біріктіретін invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Платформа табыстылық туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі құрылымдалған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, белгіленген кезеңдер бойынша әртүрлі басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі мен ИПБ-лардың) басқаруындағы инвестициялық портфельдердің көрсеткіштерін динамикада салыстыруға мүмкіндік береді.

Салымшы инвестициялық портфельдерді бағалап, өзінің мүддесі мен инвестициялық мақсаттарына сәйкес басқарушыны және оның инвестициялық стратегияларын дербес таңдай алады.

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға қалай беруге болады?

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат етілген инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) тізілімінен басқарушы компанияны таңдауы және өтініш беруі қажет. (Толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға аудару – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған.)

Өтінішті:

  • kz сайтындағы жеке кабинет арқылы (электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып);
  • жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну арқылы БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде беруге болады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға беру, бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыру немесе жинақтарды ИПБ-дан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруына қайтару бойынша қадамдық нұсқаулық мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.enpf.kz/kz/services/Invest/22218/. 

Өтініштің орындалу мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинеттен («Өтініштер» бөлімі) қадағалауға болады. Өтініштерді қабылдау және өңдеу үдерісі толық автоматтандырылған. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру өтініш келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде БЖЗҚ арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыруға немесе оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтаруға жинақтар инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі.

10 августа 2026
Мемлекеттік тұрғын үй көмегі — табысы төмен отбасыларға көрсетілетін, тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарды азайтуға бағытталған нақты қолдау.

https://vt.tiktok.com/ZS4hwp4uJ/

https://vt.tiktok.com/ZS4hKaCRW/

16 июля 2026
«Ұлттық қор - балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады

2026 жылдың 1 мауысымындағы жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға берілген  316 223 өтініш орындалып, жалпы сомасы 57,88 миллион АҚШ долларына жуық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздейді: 36,94 млн АҚШ доллары сомасына 201 245 өтініш орындалды. Білім беру ақысын төлеу үшін 20,94 млн АҚШ доллары сомасына 114 978 өтініш орындалды.

НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады.

Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаты – одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (36,23 млн АҚШ долларына 196 893 өтініш). Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 1 498 өтініш беріліп, олар бойынша 248,94 мың АҚШ доллары аударылса, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) – 156,59 мың АҚШ долларына 989 өтініш орындалды. 

Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (19,68 млн АҚШ долларына 106 315 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (842,16 мың АҚШ долларына 5 947 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (319,33 мың АҚШ долларына 2 114 өтініш орындалды) төлем жасау. 

Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.

18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.

Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :

- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;

- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;

- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент.

18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады.

 

Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:

  • eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";
  • екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер".

            Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.

Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:

  • "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),
  • "Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),
  • "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу).

Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.

kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады:

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:

https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0

«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша

«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk

https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk

«Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:

https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc

https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: 

https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecA

https://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU

Социальные сети
Instagram
facebook
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы