В рамках Дорожной карты занятости

В рамках Дорожной карты занятости

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 63,7 млрд. теңгеге болініп, 625 жобаға 16 106 жұмыс орнын құрылады, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 8 053 адам, құрылыс аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына 712 адам жұмысқа орналасады.

Жол картасы бойынша:

 - 33 нысан салынды

- 458 әлеуметтік-мәдени нысан, инженерлік-көліктік инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөнделді - елді мекендерді абаттандыру бойынша 134 жоба іске асырылды.

Жұмыс берушілер-мердігер инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысу үшін басқа елді мекеннің, қаланың, аймақтың жұмыссыздарымен еңбек шартын жасасқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, оларға біржолғы материалдық көмек ретінде екі айлық жалақы төленеді.

Қазіргі уақытта Жол картасына қатысушыларды анықтау бойынша жұмыстар аяқталуда, көптеген жобаларда жөндеу жұмыстары жүргізілуде, отандық өндірушілерді тарту үшін құрылыс материалдарының көлемі анықталды.

Бағдарлама әкімшілері, қалалар мен аудандар әкімдері 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде конкурстық рәсімдерді жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптарды белгіледі.

18.05.2020 жылғы жағдай бойынша 314 инфрақұрылымдық жобаларда 2617 жұмыс орны құрылды, оның ішінде Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша - 1066 адам.