Қазақстанда көші-қон қағидалары өзгертілді

Еліміздің барша өңірлеріндегідей, Қарағанды облысында 2026 жылғы 17 ақпаннан бастап "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, сонымен қатар ҚР-сы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 41, ҚР-ның ішкі істер министрлігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 60 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 47 бірлескен бұйрықтарына сәйкес «Шетілдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға руқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жоба іске асырылу бастады.

Қандас мәртебесі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жыл мерзімге міндетті түрде қоныс аударған кезде ғана беріледі.

Қарағанды облысы қандастарды қоныстандыру өңірлерінің қатарына кірмейді. Осыған байланысты «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметтер көрсету 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды.

 

2026 жылдан бастап негізгі жаңалықтар:

 

- Іріктеудің скорингтік моделі: тұрақты тұруға үміткер барлық шетел азаматтары (этникалық қазақтарды қоса алғанда) үшін алдын ала бағалау жүйесі енгізіледі. Оған мыналар кіреді:

 

- Қазақ тілін (мемлекеттік тілді) білуге міндетті тест.

 

 - Сандық сауалнама және қорытынды сұхбат. 

 

Мемлекеттік қызмет түріне электрондық құжаттарын өтініш иелері «migration.enbek.kz» порталы арқылы жүзеге асырады.

Дата публикации
18 февраля 2026