Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңіндегі азық-түлік-тұрмыстық жиынтығы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 "төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың кейбір санаттарын азық-түлік – тұрмыстық жиынтықпен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығының (бұдан әрі - бұйрық) 25-тармағына сәйкес ТЖ кезеңінде азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен азаматтардың мынадай санаттары қамтамасыз етіледі:

- АӘК алатын отбасылардан шыққан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;

- барлық жастағы I, II және III топтағы мүгедектер;

- мүгедек балалар;

- мүгедек бала күтімімен айналысатын ата-аналар;

- ресми тіркелген жұмыссыздар.

Тізімдерді жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырды.

Бұйрықтың 29-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар аталған көмекті шоттарға ақшалай қаражат аудару жолымен жүзеге асырады. Бір адамға есеп 5567 теңгені құрайды.

Карточкалық шоттар болмаған немесе жасына немесе мүгедектігіне байланысты алушылардың жүріп-тұруы мүмкін болмаған жағдайда санитариялық талаптарды сақтай отырып, азық-түлік жиынтықтарын үйге жеткізу қамтамасыз етілді.

Наурыз-сәуір айларында ақшалай төлемдер түрінде азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтар 470,3 млн.теңге сомасына 84 мыңнан астам (84 488) адам жүзеге асырылды.

Дата публикации
24 ноября 2020