Төтенше жағдай кезеңіндегі азық-түлік-тұрмыстық жиынтығы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 «Төтенше жағдай кезеңінде халықтың кейбір санаттарын азық-түлік-тұрмыстық жиынтықпен қамтамасыз етудің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының (әрі қарай – Бұйрық) 25 тармағына сәйкес ТЖ кезеңінде азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен азаматтардың келесі санаттары қамтамасыз етіледі:

- АӘК алушылар отбасыларынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;

- барлық жастағы I, II және III топтағы мүгедектер;

- мүгедек балалар;

- мүгедек баланың күтімімен айналысатын ата-аналар;

- ресми тіркелген жұмыссыздар.

Алушы адамдардың тізімін жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректер негізінде қалыптастырды.

Жергілікті атқарушы органдар Бұйрықтың 29 бабына сәйкес осы көмекті шоттарға ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асыруда. Қаражаттың бір адамға көлемі 5567 теңгені құрады.

Карточкалық шоттар болмаған немесе жасына немесе мүгедектігіне байланысты алушылардың қозғалуы мүмкін болмаған жағдайда санитарлық талаптарды сақтай отырып, азық-түлік жиынтықтарын үйге жеткізу қамтамасыз етілетін болады.

Наурыз айында азық-түлік-тұрмыстық жинақтар 6316 балаға ақшалай төлем түрінде 35,1 млн. теңгеге жүзеге асырылды.

Сәуір айында 427 млн.теңге сомасына 76 мыңнан астам адамды азық-түлік-тұрмыстық жиынтықпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

2020 жылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша бұл көмекті 64 мыңнан астам адам (64 048) жалпы сомасы 356 555 216 теңгеге алды.

Дата публикации
24 ноября 2020