Мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында, оның ішінде әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарға, қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға көмек көрсету үшін өңірде Отбасын қолдау орталықтары (ары қарай - Орталықтар) жұмыс істейді.Қазіргі таңда облыста 10 Орталық, оның ішінде 7 коммуналды мемлекеттік мекеме (Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Шахтинск қалалары, Бұқар жырау, Нұра және Осакаров аудандарында) және 3 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ретінде (Саран қаласы, Қарқаралы, Шет аудандарында) жұмыс істейді.
Бұл орталықтар заңнамалық, психологиялық, әлеуметтік, білім беру және басқа да салалар бойынша ақпараттық, консультативтік және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Орталықтар психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетумен қатар отбасы институтын нығайтуға да жан-жақты қолдау көрсетеді.
Жобаның негізгі мақсатты топтары:
- қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар;
- отбасының әлеуметтік әл-ауқатын анықтау әдістемесі бойынша төтенше және дағдарыс деңгейіне жататын отбасылар.
Тұтастай алғанда, мемлекеттік органдар арасындағы әрекет мобильді топтар қызметінің шеңберінде жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) қолдау көрсетуді ұйымдастыру және ерте анықтау мақсатында осы бағыттағы субъектілердің (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының) қатысуымен мобильді топтар құрып, олардың қызметін ұйымдастырады. Бұл жұмыс халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен жүзеге асырылады.
Сәуір айында білім беру (директорлар, мектеп директорларының орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар), денсаулық сақтау (емханалардың директорлары, патронажды медбикелер), халықты әлеуметтік қорғау (Отбасын қолдау орталықтарының қызметкерлері), полиция (учаскелік полиция қызметкерлері) салаларының өкілдері кіретін мобильді топтардың құрамын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілді.
А.ж. 21 сәуірден 02 мамырға дейін, сондай-ақ а.ж. 23-26 маусым аралығында облыста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Qoldau» (Қолдау) қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск қалаларындағы және Бұқар-Жырау, Нұра, Осакаров аудандарында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және полиция салаларының өкілдерін оқытудан өткізді. Барлық көрсетілген тұлғаларға «FSM Social» мобильді қосымшасында жұмыс істеу үшін тіркелгілер жасалды
Қазіргі уақытта қиын өмірлік жағдайға тап болған немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болған отбасылар туралы дабыл жоғарыда аталған мемлекеттік органдармен Отбасын қолдау орталықтарына тек «FSM Social» мобильді қосымшасы арқылы жолданады.
Отбасын қолдау орталығына азаматтар өздері хабарласқан кезде, жүйе Цифрлық отбасы картасынан алынған деректер негізінде әрбір отбасының сандық портретін жасайды. Одан кейін жеке көмек көрсету жоспары жасалып, іске асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі. Барлық процесс мобильді қосымшада бақыланады.