ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Кодексі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Кодекстің қолданысқа енгізілу тәртібін 263-б. қараңыз.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
Ескертпе!
ҚР Конституциялық Сотының 08.04.2023 № 8 нормативтік қаулысын қараңыз.
ЖАЛПЫ БӨЛІК
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1) абилитация – мүгедектігі бар адамдардың бойында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметке қабілеттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені;
2) адамға (отбасына) көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – мансап орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 23.12.2023 № 50-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.