Сұрақ:
Мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша жәрдемақыны қалай алуға болады?
Жауап:
Мүгедектігі бар адамдар мен балаларды әлеуметтік қорғау 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Үкіметтің 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII қаулысымен (бұдан әрі – әлеуметтік Кодекс) бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Әлеуметтік Кодекстің 187-бабына сәйкес бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға, онымен туыстық байланысына қарамастан, күтім жасайтын адамға жәрдемақы тағайындалады. 188-бапқа сәйкес күтуші адамға жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ІІ, ІІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жәрдемақысы көзделмеген.
Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауына сәйкес 2018 жылғы 1 шілдеден бастап бала кезінен 1 топтағы мүгедектігі бар кәмелетке толған адамдарға күтім жасайтын ата-аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы қарашадан бастап мүгедектіктің себептеріне қарамастан бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға күтім жасау және сүйемелдеу бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 1,4 мөлшерінде жәрдемақы енгізілді.