400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға өтеусіз грантты қалай алуға болады?

Сұрақ:

400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға өтеусіз грантты қалай алуға болады?

Жауап:

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 110-бабының 3-тармағына сәйкес. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 Маусымда № 32956 болып тіркелді.

Грант қаражатының мақсатты пайдаланылуын грант алушы порталда бизнес-жобаға сәйкес грант алған күннен бастап үш ай ішінде растайтын құжаттарды ұсыну жолымен растайды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 АЕК мөлшерінде беріледі, оларға мыналар жатады:

1) атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

2) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына)ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға;

3) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;

4) қоныс аударушылар;

5) қандастар;

6) еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;

7) мүгедектігі бар баланы  және (немесе) оның жұбайын (зайыбын) тәрбиелеп отырған адамдар.

 

Гранттар жұмыссыз немесе жеке кәсіпкер ретінде грант беруге өтініш берілгенге дейін тіркелген,жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан кем болған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.

Грант алуға өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру өтініштерді қабылдағанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.  Өтініш берген кезде үміткер порталда халықтың әлеуметтік осал топтарының тиісті санаттарының бірін таңдайды.

Портал автоматты режимде үміткерді халықтың әлеуметтік осал топтарының біріне сәйкестігі мәніне және жүгіну сәтінде мерзімі үш жылдан аспайтын «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысу туралы сертификатты аяқтау немесе бұрын алу туралы электрондық сертификаттың бар-жоғына тексеруді жүзеге асырылады.

Грант алуға үміткерлердің өтініші мен бизнес-жобасын мансап орталығы грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның отырысына қарауға шығарады. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және Комиссия мүшелерінен тұрады.

Комиссия отырысы порталда өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде өткізіледі.

      Комиссия отырысының өткізілетін орны, күні мен уақыты туралы хабарлама грант алуға үміткердің жеке кабинетінде көрсетіледі.

Комиссия отырысы мансап орталықтарының әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетіледі және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жазылады.

Комиссияның шешімі отырыстың хаттамасымен ресімделеді

бағалау парағына сәйкес грант алушылардың тізімін көрсете отырып және қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.

      Комиссияның шешімі Еңбек Мобильділігі орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.

Грант қаражатының мақсатты пайдаланылуын грант алушы порталда бизнес-жобаға сәйкес грант алған күннен бастап үш ай ішінде растайтын құжаттарды ұсыну жолымен растайды.

Дата публикации
27 мая 2025