Шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын қалай алуға болады. Қайда және қашан өтініш беру керек?

Сұрақ:

Шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын қалай алуға болады. Қайда және қашан өтініш беру керек?

Жауап:

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 ж. №274 бұйрығымен бекітілген Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу қағидаларыЖұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдерін ұсынады. Шетелдік қызметкерлерді тарту үшін негіздемемен 2 тілде мемлекеттік және орыс тілдерінде.

      Жергілікті атқарушы органдар 10 қазанға дейін жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдерін мына талаптарды:

      1) өңірдегі жұмыс күшіне сұранысты, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды, ұлттық жобалар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын іске асыру шеңберінде көзделетін жұмыс орындарын құру есебінен;

      2) жұмыссыз адамдар санының болжамын және жұмыскерлердің межелі босатылуын, сондай-ақ жұмыс берушілер шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін кәсіптер мен мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлектерінің санын;

      3) еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде жұмыссыз адамдарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді шетелдік жұмыскерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшінің қажеттігін қанағаттандыру мүмкіндігін;

      4) өткен жылы шетелдік жұмыс күшін пайдалану тиімділігін бағалауды және алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшінің болжамды қажеттігін ескере отырып жинақтайды.

       15 қазаннан кешіктірмей жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдері шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі комиссияда (бұдан әрі – Комиссия) қаралады.

        Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдерін қабылдаудан Комиссия мынадай негіздемелер бойынша толықтай немесе ішінара бас тартады:

      1) еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде жұмыссыз азаматтарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, сондай-ақ жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді шетелдік жұмыскерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшінің қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігінің болуы;

      2) шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде өткен және ағымдағы жылдары шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту тәртібін бұзудың жойылмауы;

      3) шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзудың жойылмауы, оның ішінде өткен және ағымдағы жылдары жұмыскерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы.

         Алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру үшін жергілікті атқарушы органдар 1 қарашаға дейін алдағы жылға шетелдік жұмыскерлерді тартуға жұмыс берушілердің қажеттілігі ескеріле отырып жинақталған шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

Дата публикации
27 мая 2025