2020 жылғы 3 тоқсанда мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша есебі

2020 жылғы 3 тоқсанда

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметтерді

көрсету мәселелері бойынша есебі

 

2020 жылғы 3 тоқсанда басқарма екі қызмет бойынша 111 мемлекеттік қызмет көрсетті:

  • «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» - 63 қызмет;
  • «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру және (немесе) ұзарту» арқылы - 48 қызмет.

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет бекітілген стандарттарға сәйкес көрсетіліп, қызмет көрсету мерзімдері сақталуда. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы Басқарманың тұрақты бақылауында. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiнде қызметалушылардан Басқарманың атына шағымдар түскен емес.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы есептер Басқарманың сайтында орналастырылған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларға арналған ақпараттық стенд бар.

Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмасын толыққанды іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында басқармада көру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тактильді құралдар, қызметкерлерді шақыру түймесі орнатылды, сондай-ақ кресло-арбамен жүретін мүгедектерге арналған пандустар орнатылды.

Бұл шаралар барлық мүгедектер топтары үшін толық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Дата публикации
20 октября 2020