2024 жылы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша есебі

2024 жылы басқарма 761 мемлекеттік қызмет көрсетті.

«Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 379 қызмет. «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі – 382 қызмет, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы –46 қызмет, «Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы – 333, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 3.

Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға бекітілген Стандарттарға сәйкес көрсетіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері сақталады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы Басқарманың тұрақты бақылауында.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы есептер Басқарманың сайтында орналастырылған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылар үшін ақпараттық стенд бар, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған.

Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі қондырғыларын толыққанды іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Басқармада көру қабілеті нашар адамдарға арналған тактильді құралдар, персоналды шақыру түймесі, сондай-ақ кресло-арбамен қозғалатын мүгедек адамдарға арналған пандустар орнатылды.

Бұл шаралар мүгедектігі бар адамдардың барлық топтары үшін толық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

 

Дата публикации
15 января 2025