Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту

 

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру алгоритмі

 

  1. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмыс берушіден Е-лицензиялау арқылы ШЖК тартуға өтініш қабылдауы.
  2. Комиссияның өтініштерді қарауы (комиссияның құрамына Ішкі істер органдарының, білім беру саласындағы органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның өкілдері кіреді).
  3. Жергілікті атқарушы органның ШЖК тартуға рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдауы.
  4. Жергілікті атқарушы органның жұмыс берушіге қабылданған шешім туралы хабарламаны «ШЖК» ААЖ арқылы Жолдауы.
  5. Жұмыс берушінің он жұмыс күні ішінде Е-лицензиялау арқылы салық алымын төлеу туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынуы.
  6. Е-лицензиялау арқылы жұмыс берушіге рұқсат беру.

 

 

Қызметті онлайн қалай алуға болады («электрондық лицензиялау» порталында www.elicense.kz)

  1. Осы бетте «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, содан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіру немесе «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту немесе қажетті кіші қызмет түрін таңдау және «бұдан әрі» батырмасы бойынша өту.
  4. Қажетті деректерді көрсету, өтінішті толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою.
  5. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсат алу туралы «Менің рұқсат беру құжаттарым» бөлімінен, хабарлама алу туралы – «Менің хабарламаларым» бөлімінен біле аласыз.
Дата публикации
06 августа 2024