Қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында тұру мерзімдері мен қағидаларын, сондай-ақ қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 331-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 тамызда № 8600 тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 24-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында тұру мерзімдері мен қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Министр |
Т. Дүйсенова |
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында тұру мерзімдері мен қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) жолдама – қандас мен оның отбасы мүшелеріне Орталыққа орналасу үшін халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган беретін құжат;
2) Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және қандастарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетуге және олардың уақытша тұруына арналған заңды тұлға;
3) өтініш иесі – Орталыққа орналасу мақсатында халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органға өтініш беретін қандас және оның отбасы мүшелері.
2-тарау. Өтініш беру
Жолдама тек өзіне және өтініште көрсетілген кәмелеттік жастағы отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының ықтияр хатын алуға тапсырылған өтініші туралы ішкі істер органының талоның тапсырған жағдайда ғана беріледі.
Көрсетілген мерзімді сақтамаған жағдайда өтініш білдіруші қоныстандырылмайды, бұл ретте оның Орталыққа орналасуға қайтадан өтініш беру мүмкіндігі сақталады.
3-тарау. Қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта тұру тәртібі мен мерзімдері
1) өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Орталықтың тұрғын үйін және қосалқы үй-жайларын, төсек - орнын пайдаланады;
2) Орталыққа орналасу және болу мәселелері бойынша Орталық басшылығына арыздар, қолдаухаттар және өзге де өтініштер береді;
3) ішкі тәртіппен танысады, оларды сақтайды;
4) бейімдеу және кіріктіру қызметтерін пайдаланады.
Қандастар мен олардың отбасы мүшелерін төсек-орын қажеттіліктерімен және оларды уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етеді;
қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсетеді.
Шешім қандасның отбасына немесе отбасының жекелеген мүшесіне қатысты шығарылады.
|
|
Қандастар мен олардың отбасы |
|
|
Нысан |
ЖОЛДАМА
Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру Орталықтарында тұру үшін жолданады (Үміткердің тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күні)
Отбасы мүшелері:
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күні, туыстық дәрежесі)
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туыстық дәрежесі)
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туыстық дәрежесі)
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күні, туыстық дәрежесі)
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күні, туыстық дәрежесі)
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күні, туыстық дәрежесі)
Халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органның басшысы _____________ ________________
(берілген күні)
|
|
Қандастар мен олардың отбасы |
|
|
Нысан |
Басшыға
_______________________________
(Халықтың көші-қоны саласындағы
жергілікті атқарушы органның атауы)
_______________________________
(үміткердің тегі, аты және болған
жағдайда әкесінің аты)
Өтініш
Cізден мені және саны "____" адамнан тұратын менің отбасы мүшелерімді Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығына орналастыруыңызды және бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетуіңізді сұраймын.
______________ _______________
(Күні) (Қолы)
|
|
Қандастар мен олардың отбасы |
|
|
Нысан |
Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру Орталығына жолданатын қандастар мен олардың отбасы мүшелерін тіркеу ЖУРНАЛЫ
|
№ р/с |
Өтініш иесінің тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты |
Туған жері және күні |
Шыққан елі |
Өтінішті тіркеген күн және нөмірі |
Жолдаманың нөмірі және берілген күні |
|
|
|
|
|
|
|
Басталды ____________________
Аяқталды __________________
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне Бейімдеу және ықпалдастыру орталығында бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтері - қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін қызметтер (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) кешені;
2) қандас - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері.
2-тарау. Қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету тәртібі
1) ақпараттық және анықтамалық қызметтер ұсыну;
2) Қазақстан Республикасының тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін оқыту, заңнама негіздері және шағын кәсіпкерлікті ашу бойынша курстар өткізу;
3) әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізу;
4) құқықтық қызмет көрсету (кеңестер, консультациялар және тіркелуде, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беруде, азаматтықты, әлеуметтік жәрдемақылар алуда көмек);
5) мемлекеттік және орыс тілдерін оқыту.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК