2024 жылғы 1 тоқсанда басқарма 139 мемлекеттік қызмет көрсетті.
«Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 64 қызмет. «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі – 75 қызмет, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы –12 қызмет, «Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы - 63.
Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға бекітілген Стандарттарға сәйкес көрсетіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері сақталады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы Басқарманың тұрақты бақылауында.
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы есептер Басқарманың сайтында орналастырылған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылар үшін ақпараттық стенд бар, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған.