01.01.2024 жылға арналған «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің ююджетті игеру бойынша ақпараты

2023 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын игеру 14 млрд.302 млн. 892,7 мың теңгені немесе 99,92% -ды (жоспар 14 млрд. 314 млн. 486,0 мың теңге) құрады.

 

Толық пайдаланылмаған қаражат сомасы 11 593,3 мың теңгені құрады, оның ішінде 10 949,1 мың теңге ОБ, 644,2 мың теңге РБ:

 

Объективті себептер бойынша 2 502,5 мың теңге:

 

– 174,8 мың теңге ЕТҚ бойынша үнемдеу (бос жұмыс орындары, демалыс, аруға байланысты, жұмыс істейтін зейнеткерлер есебінен);

– 1 541,0 мың теңге тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына байланысты бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту жөніндегі шараны мерзімінен бұрын аяқтау есебінен үнемдеу;

- 306,1 мың теңге жасы ұлғаюына байланысты әртүрлі мән-жайлар бойынша шипажайдан мерзімінен бұрын шыққан кейбір ардагерлердің қызметтерін толық алмауына байланысты үнемдеу;

– 76,0 мың теңге қосымша жәрдемақы алатын жалғызбасты мүгедектер санын азайту (көшу, алушылардың өлімі) есебінен үнемдеу (003 101 бағдарламалары бойынша).

– 404,6 мың теңге дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы (оның ішінде РБ-дан 3,4 мың теңге).

 

Субъективті себептер бойынша 9 090,8 мың теңге:

 

– 8 450,0 мың теңге өнім берушінің бейнебақылау камераларын ағымдағы жөндеу бойынша шарттық міндеттемелерін орындамауы (ЦССУ Саран);

– 640,8 мың теңге жеткізушілердің тауарларды жеткізу бойынша шарттық міндеттемелерін орындамауы (РБ - дан Қарағанды қ. ЕМО).

Дата публикации
28 февраля 2024